link12222 link12223 link12224 link12225 link12226 link12227 link12228 link12229 link12230 link12231 link12232 link12233 link12234 link12235 link12236 link12237 link12238 link12239 link12240 link12241 link12242 link12243 link12244 link12245 link12246 link12247 link12248 link12249 link12250 link12251 link12252 link12253 link12254 link12255 link12256 link12257 link12258 link12259 link12260 link12261 link12262 link12263 link12264 link12265 link12266 link12267 link12268 link12269 link12270 link12271 link12272 link12273 link12274 link12275 link12276 link12277 link12278 link12279 link12280 link12281 link12282 link12283 link12284 link12285 link12286 link12287 link12288 link12289 link12290 link12291 link12292 link12293 link12294 link12295 link12296 link12297 link12298 link12299 link12300 link12301 link12302 link12303 link12304 link12305 link12306 link12307 link12308 link12309 link12310 link12311 link12312 link12313 link12314 link12315 link12316 link12317 link12318 link12319 link12320 link12321 link12322 link12323 link12324 link12325 link12326 link12327 link12328 link12329 link12330 link12331 link12332 link12333 link12334 link12335 link12336 link12337 link12338 link12339 link12340 link12341 link12342 link12343 link12344 link12345 link12346 link12347
Жапарова Меруерт Дюсенбаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Ашық сабақ "Менің отбасым"

Сабақтың тақырыбы: «Менің отбасым»

Сабақтың мақсаты: балалардың бойында отбасы жөнінде түсініктері арқылы жан- жақты дамыған р рухани адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

- Балалардың бойында «Отбасы» , отбасындағы қарым қатынасы, өзінің орны, міндеттерін білуге үйрету;

- Балаға өз отбасындағы жылы қатынастарды көруге, әдет — ғұрып менгерту;

- Өзіне деген, отбасына деген сыйластық, махаббат, құрмет, достық, қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық сезімдерін ояту;

Қолданылатын әдіс — тәсілдері: әңгіме, сто, сұрақ — жауап, сигналды карта

Көрнекі құралдар: шанырақ, үйдің суреті, отбасы мүшелері, сахналауға арналған киімдер, фишкалар (ата - аналарға), видео, газеттер, көрмеге арналған буклеттер,презентация , торт бейнесі, майшамдар.

Үлестірмелі құралдар: Отбасыға не қажет? (махаббат, сыйластық, құрмет, сенімділік, достық, т.б.) кесінді суреттері, желім, майшам ойыншықтармен.

Сабақтың барысы:

I. Шаттық шеңбері

Балалар шеңберге тұрып, «сиқырлы қапшыққа» бүгінгі сабаққа қажетті

көніл күйлерге толтырып, бүгінгі сабағымыздың рецептін жинастырып

салып қоямыз!

II. Әңгіме «Отбасы жайында» (прича)

Әлия деген 5 жасар қыз бала- балалар үйінде өмір сүріпті. Әлия сонда ұйықтап, сонда тамақтанып, сонда сабақ оқып, онда ойнап жүрген екен. Бірақ, Әлия арқашанда таңертен тұрысымен терезеге карап, қандай жыл мезгілі екенін қарайды екен. Себебі, ол Жаңа жыл мерекесін сағына күттеді. Бір күні әдеттегідей тұрып, терезеге қараса, даланың барлық беті аппақ түспен боялған екен. Сонда Әлия сондай қуанып, жастығының астынан бір қорапты алып шығады да, тәрбиеші апайына апарып мына қорапты аяз атаға тездетіп жеткізуін өтінеді екен.

- Қалай ойлайсындар неге?

- Ол қораптың ішінде не бар екен?

- Ол аяз атадан жаңа жылға нені сұрапты?

- Ендеше, қазір ашып көреміз.............

О Т Б А С Ы

- Сонда отбасы деген не?

- Оған кімдер жатады?

- Дұрыс, ол ата, әже, ана, әке, аға, қарындас т.б

- Олардың отбасындағы орны қандай?

- Олар сендерге кім болады?

- Сендердің жүректерінде алатын орны қандай?

- Оларды қалай силап, құрметтейсіндер?

- Егер олардың біреуі болмаса не болады?

Сонымен қатар өздерінің . аталарын атап, талдап, өздерінің нешінші ұрпақтары екенің анықтаймыз.

III. Сахналау 2 отбасы (Жақсы, жаман)

ØАнасы баласын бақшадан әкеткесін өзі киіндіріп, уйіне барғанша баласы секіріп , жүгіріп барады. Үйге келгесін қызына шешін деп, өзі шешініп, ас тағайындауға кетеді. Ал ерке қызы болса өзінің аяқ киімін алап лақтырып, шашып отырады. Анасы келгесін көріп,

қызына аяқкиімін жинауын сұрайды.

Қызы болса мен жинамаймын деп, қана қоймай,

ойын ойнауға кетеді.

Дұрыс па?

Қате ме?

ØӘкесі баласын бала бақшадан әкеткесін, баласы өзі киініп, әкесімен үйге барады. Жол бойы бақшада істегенін айтып, әңгімелесіп барады. Үйге келгесін, әкесі баласына киімін шешініп, дұрыстап қойюфн өтінеді. Ал, өзі болса үйге кіріп кетеді.

Әкесі келгесін қараса, баласы

барлығын жиыстырып қойыпты.

Дұрыс па?

Қате ме?

Ата аналар фишкамен көрсетеді, балалар талдайды.

көкқызыл

Ø «Тәтті мен ащы сөздер» д/о

Балалар көздерін жұмып, бір бала әуелі тәтті сөздерді, кейінен ащы сөздерді айтады. Тек, ереже бойынша басынан сипаған

бала ғана дауысын шығарып айтады.

Кейіннен кім екенін анықтайды.

IV . Д/о «Сөйлемді аяқта........»

1. Мен не үшін қуанамын?

2. Мен не үшін жылаймын? (видео, балалардың шындықтары)

3. Мен не үшін ренжимін?

4. Мен неден қорқамын? (видео балалардың шындықтары,)

5. Мен ата — анамды жақсы көремін, не үшін....?

6. Мен ата анама рахмет айтамын, не үшін?

7. Мен ата — ананнан кешірім сұраймын, не үшін? (видио балалардың шындықтары,)

8. Менің анам ұқсайды?

9. Менің әкем ұқсайды?

10. Ата анама тілейтінім? (видео балалардың шындықтары,)

11. Мен армандаймын.......

12. Менің отбасым.........

IV. «Бақытты отбасы болу үшін не қажет?» сабағымызды бекітемізу

Балалар қажетті суреттерді тандап алып, оларды желімдеп үйдің жан — жағына апарып жапсырады.

Видео «Менің отбасым»

Ø «Менің отбасым.......», «Ең бақытты отбасымын»

Үй тапсырмасына берген газеттерді балалар ата аналарымен қорғайды.

Қоштасу шеңбері «Торт дайындау»

«Торт дайындау»

Барлығымыз тұрамыз

Қамырды біз илейміз

Бір есеміз, екі есеміз

Ұмыттық бір нәрсені,

Қосуға біз қамырға!

Анамызға не саламыз?

Қуаныш

Қуанышпен біз есеміз,

Бір есеміз, екі есеміз

Тығызданды қамыр да,

Ал, әкеге не қосамыз?

Табыс! (Жетістік)

Табыспенен біз есеміз

Өте дәмді қамыр болар

Қосындысын біз қосамыз

Күлкіменен сәндедік!

Қуанышта, табыста

Махаббатта, денсаулықта

Оны мен қоса баққыты

Бәріне жетер тортымыз!

Шамды жағып, шамды сөндіреміз!!! Балаларға кішкентай майшамдарды ойыншықтарымент орттан таратылады.Өз отбасыларына бүгінгі сабағымыздың бір кесек бөлігін жеткіземіз деп, беріледі. Ата — аналармен балаларды тортты жеуге шақырамыз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности