link6912 link6913 link6914 link6915 link6916 link6917 link6918 link6919 link6920 link6921 link6922 link6923 link6924 link6925 link6926 link6927 link6928 link6929 link6930 link6931 link6932 link6933 link6934 link6935 link6936 link6937 link6938 link6939 link6940 link6941 link6942 link6943 link6944 link6945 link6946 link6947 link6948 link6949 link6950 link6951 link6952 link6953 link6954 link6955 link6956 link6957 link6958 link6959 link6960 link6961 link6962 link6963 link6964 link6965 link6966 link6967 link6968 link6969 link6970 link6971 link6972 link6973 link6974 link6975 link6976 link6977 link6978 link6979 link6980 link6981 link6982 link6983 link6984 link6985 link6986 link6987 link6988 link6989 link6990 link6991 link6992 link6993 link6994 link6995 link6996 link6997 link6998 link6999 link7000 link7001 link7002 link7003 link7004 link7005 link7006 link7007 link7008 link7009 link7010 link7011 link7012 link7013 link7014 link7015 link7016 link7017 link7018 link7019 link7020 link7021 link7022 link7023 link7024 link7025 link7026 link7027 link7028 link7029 link7030 link7031 link7032 link7033 link7034 link7035 link7036 link7037 link7038 link7039 link7040 link7041 link7042 link7043 link7044 link7045 link7046 link7047 link7048 link7049 link7050 link7051 link7052 link7053 link7054 link7055
Абатова Мейрамгүл
Должность:Учительница казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Мангистауская область, город Жанаозен
Жаңа формацияның мұғалімі - негізгі дайындық пен үздіксіз кәсіби дамудың бірлігі

Абатова Мейрамгүл Жөкеқызы

Жаңаөзен мектеп-гимназиясы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Аннотация

Мақалада мұғалім ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Назарбаев Университетінде» оқыған дәрісінен деректер келтіре отырып, халыққа білім беру ісін жаңа сатыға көтеру бағытындағы оң өзгерістерді айтады. Кембридж университеті мен педагогикалық шеберлік орталығының жаңа бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырған ұстаз өзінің педагогикалық қызметіндегі өзгерістері мен кәсіби дамуы жөнінде тәжірибесімен бөліседі. «Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі» онлайн-сабақтар мен семинарлар, сандық сауаттылық жөнінде ой қозғайды.

Аннотация

Учитель опираясь на статью Президента РК Н.Назарбаева в «Назарбаев Университете» приводит примеры тому, что образование вступило на новый уровень своего развития. Учитель,повысывший свою профессиональную квалификацию в центре педагогического мастерства и Кембриджского Университета в новом направлении, делится своей педагогической практикой в области творческого и педагогического мастерства. Семинары и онлайн- занятия в «Назарбаев Интеллектуальной школе» дают возможность повышению цифровой грамотности учителей.

Annotation In his speech at the “Nazarbayev University” President of Kazakhstan N. Nazarbayev, leads prominent examples, that today it is important to improve educational training on a new level. Attending the new program of University of Cambridge and Center of Excellence NIS, teacher is sharing with her practice gained in this center. Online-courses of “NIS” give possibilities to improve digital education of teachers.

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой- азаттығымыздың алдаспаны» деп атап көрсеткен еді, ҚР президенті Н.Назарбаев өзінің «Назарбаев Университетінде» оқыған «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты лекциясында. Сонымен бірге елбасы осы дәріс сабағында: «Біз орта білім беруді жаңғыртуды жалғастыруға тиіспіз.Біз озық педагогикалық тәжірибелер негізінде әзірленген педагогтарды қайта даярлаудың жаңа үш деңгейлі бағдарамасын енгіздік» деп атап көрсеткеніндей [«Егемен Қазақстан» газеті. №588-589 саны] және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» [egemen.kz2012/07/12/341247/] мақаласында Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту-білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу- тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру бағыттарында жүргізілуі тиіс екенін атап өткен еді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы» стратегиялық бағыты жөнінде «Мұғалімнің мәртебесі бірнеше аса маңызды талаптан құралады деп ойлаймын. Біріншісі, жоғары кәсіби-шеберлік және соған сай өзінің білімін, тәжірибесін жас ұр­пақ­­қа беруге деген қажеттілік, өзінің бі­лігі мен білімін жетілдіруге ұмтыла білу қасиеті. Екіншісі, мұғалімнің бо­йын­­­дағы жоғары ізгілік құндылығы, патриотизмі мен адамгершіліктен айныма­уы, мейірбандылығы, мақсатына жетудегі табандылығы. Міне, осындай қасиеттер бойына жинақталған мұғалім жастар үшін тек білімнің қайнар бұлағы ғана емес, жас адамдарды рухани тұлға болуға бастайтын шынайы тәлімгері болмақ. Үшіншісі, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ынталандыратын лайықты еңбекақы болуы тиіс. Төртіншісі, қоғамдағы құрметі мен жоғары абырой-беделі. Мұның өзі жоғарыдағы үш мәселені тоғыстырып, айқындайтын болады» деп атап көрсеткен еді.[«Ана тілі» газеті №17]

Қазіргі болып жатқан саяси — экономикалық, мәдени - әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Осыған орай жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану ерекше маңызға ие болып отыр.

Сол себепті болып жатқан білім беру саласындағы өзгерістерге, қоғам сұранысына байланысты жоғары мәдениетті, білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру бүгінгі күнде өзекті мәселе.

Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам сұраныстарын дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылымдарының бірі. Маман үшін ол — қалыптасқан кәсіби іс — әрекетіне өзгерістер енгізу, өз тәжірбиесін басқа нақты адамдардың, қоғамда жинақталған тәжірибемен байланыстыру, біріктіру, кәсіби құзырлықты қалыптастыру.

Білімнің әлеуметтік және өмірлік рөлінің, адамның танымдық — шығармашылық мүмкіндігінің өзгеруі оқытудың ақпараттық құзыреттілігін дамыту деңгейіндегі, үздіксіз білім жүйесіндегі білім беру ісін жаңаша ұйымдастыруды талап етуде.Басты мәселе білім алушыны айналаны танып білу, одан өзіне қажеттісін таңдай алу, өз бетінше ізденіп білімін , тәжірбиесін молайту жағдайына, алған білімін өмірде қолдана білу болып отыр. Тек осылайша ұйымдастырылған оқу ғана тұлғаның жекелік, ақпараттық, кәсіби деңгейін арттырып, дамуына жол ашады. [Жарылқасын Гауһар Айбол. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін дамыту.»http://adisker.ucoz.com/publ/zha_a_saba_tar_novye_uroki/syn.].

Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді. [Мұғалімге арналған нұсқаулық. 5-бет] Елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілетін, алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру жаттығулары өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Мұғалімнің міндеті — баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, ал өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Астана қаласындағы педагогтардың білімін жетілдіру курсында қайта даярлаудан өтіп, сындарлы оқытудың 7 модульге негізделген Кембридждік тәсілін үйренуім- бұл менің 30 жылдық ұстаздық қызметімдегі үлкен бетбұрыс, әрі қоғам алдындағы аса жауапкершілікті танытатын ерекше курс болды. Өз қызметімді оқушыларды қалай оқыту керектігіне емес, оқушылардың қалай оқу керектігін үйретуге бағыттадым.

Сындарлы оқытуда мен: «Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.» [Мұғалімге арналған нұсқаулық.13-бет] Білім беру негізін түсіну,білім беру стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдай білу қажеттілігін [Мұғалімге арналған нұсқаулық.32-бет] түсіндім. Әр сабақта мақсатқа жету үшін әдіс- тәсілдердің балалардың сыни ойлауын дамытуға бағытталуы керек екендігін мақсат еткендіктен, Ч.Темпл, К.C.Мередит, Ж.Л.Стиллдің « СТО стратегиялары» және отандық ғалым — педагогтар: Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту» әдістемесі, Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау», М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту» әдістерін оқып -үйреніп, зерттеп, өз сабағыма тиімді пайдаланудамын. Тәжірибе көрсеткендей бұл әдіс-тәсілдердің тиімділігі — оқушының құзыреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар: оқушыны ойын ашық айтуға, өз ойын дәлелдей білуге, пікір алмасуға үйретеді, мәселенің ең негізгі түйінін табуға жетелейді. . Бірін –бірі сыйлауға үйреніп, мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнайтынына куә болдым. Ізденімпаз мұғалім ғана кәсіби даму үстінде болатыны белгілі. Осы орайда аз-кем тәжірибеммен бөліссем деймін.Ғылыми зерттеу нәтижелері баланың дамуы үшін сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті.Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. [Мұғалімге арналған нұсқаулық. 38-бет] Осы мақсатта қайткенде балаларды сыни ойлауға жетелеймін деген мақсаттан туындаған «Кері сұрақ?» тәсілімді тәжірибемде сынап көрдім. Нәтижесінде бала сұраққа жауап іздеп, өз ойын айтуға,өз нұсқасын ғана айтуға ұмтылушылықты байқадым.Бұл жерде бала дәл,нақты жауап айта алмауы мүмкін, бірақ ойлануға, өз пікірін ғана айтуға тырысады. екен. Бұл тапсырма кішкене пікірталасқа да ұқсап кетті.Егер «Кері сұрақты?» ұтымды қолдана білсек,сыныпта диалогтық сөйлесу өрбитінін байқауға болады. Кері сұрақ оқушыны ойландырады, оқиғаның екінші жағын зерделеуге, ойын айтуға,ойлантуға мәжбүрлейді, ойын дәлелдеуге тырысады, диалогқа қатысады. Мен бұл әдісімді оқушыларды сыни ойлантуға апаратын баспалдақ деп таныдым. Егер оқушы мәтінді толық білсе, кері сұраққа міндетті түрде жауап бере алады, ал бірақ жауапты өзіндік ойымен,өз нұсқасымен басқаша жеткізуі мүмкін. Сабақ кезеңдерінде мен диалогты өрбіту үшін сұрақ қою арқылы балаларды сөйлетуді бақылап көрдім.Мұғалімдерге бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор.Диалогтік әңгімеде мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың сұрақтары маңызды. [Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41-бет] Осыны негізге ала отырып, 5- сыныпта К.Ахметованың «Қазағым менің» өлеңін өту барысында балаларға мынадай сұрақ қойдым:

- Өлеңде ақын оқырманға осы өлеңі арқылы не айтқысы келіп отыр?

1-оқушы: Ақын қазақ даласы кең болғандығын айтады,

2-оқушы: -Ақын өз халқын жақсы көреді.

3-оқушы: -Ақын қазақ халқының басынан қиыншылықтыр өткенін айтады.

4-оқушы:-Ақын қазақ халқы көптеген қиындықтарды басынан өткерді, сонда да өз елін қорғап, сақтап қалды.

5-оқушы:- Ақын қазақ халқының жауынгер халық екендігін айтып отыр

6-оқушы:- Ақын өз елін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батыр әрі қонақжай халық екендігін айтады.

7-оқушы: -Ақын қазақтардың аштықтан көшіп кеткенін, тәуелсіздік алғаннан кейін қайтадан көшіп келіп жатқанын айтады.

Оқушылар кезек жауап берді. Жауаптары бір-біріне жуық, ұқсас, кейбіреуі мазмұнын айтып кетті. Олардың ойын қолдап, толықтырып отырдым. Ортақ сұрақ тастағанда оқушылар қате болса да басқалардан қалғысы келмей ,өз ойын айтып қалуға, сөйлеп қалуға тырысады екен. Оқушылардың жауаптарынан мынадай сұрақ туындады.

-Қазақ халқы тарихта көптеген қиыншылықтар көріпті.Елдің ертеңі сендерсіңдер. Өз халқыңызға сендер қалай қызмет етесіңдер?

Іңкәр:- Жақсы оқып, мамандық аламыз.

Саламат: Апай, жастардың барлығы жоғары білім алмайды ғой?

Мен балаларға жоғары білім алмасаң да, белгілі бір кәсіпті, өнерді иемденіп, халық игілігіне қызмет етуге болатынын түсіндірдім.

Бұл тақырып төңірегінде кішкене пікірталас, диалог өрбіді.Мен оқушыларға барлығының пікірі дұрыс екендігін, өз ойларын жеткізуі, сөйлеу мәнері жақсы екендігін, өз елін құрметтейтін тұлға ана тілінде еркін сөйлеу керектігін айтып өттім.

Дәстүрлі сабақ беруде бұрын тек бағалаудың бес балдық жүйесін ғана біледі екенмін. 7 модульге негізделген сындарлы оқытуда бағалаудың екі түрі барын білдім. Жиынтық (суммативті) және қалыптастырушы (формативті) бағалаудың түрлерін сабақ барысында қолданып жүрмін. Бұрын менің тәжірибемде бағалауға оқушы араласпайтын еді. Оқыту үрдісінде әр сабаққа бағалау түрлерін енгізе білу, бағалау өлшемдерін тақырыпқа сай дайындай білу де уақытты және теориялық білімді,ізденуді, шеберлікті қажет ететіндігіне көзім жетті.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Александер, 2001. [Мұғалімге арналған нұсқаулық. 55-бет] Курстан алған білімнен кейін ұстаздық еткен жылдар ішінде оқушыларға біржақты, бірсарынды білім беріп келгенімді түсіндім. Дәстүрлі білім беруде оқушыларға жаттанды немесе уақытша ғана есте сақталатын дайын білім негіздерін үйретіппіз. Жаттанды білімнің уақыт өте келе ұмыт қалуы, өмірде оны баланың пайдалана алмауы, әрине өкінішті-ақ.Ең өкініштісі баяу немесе орта деңгейлі оқушы өзгерместен мектеп бітіріп жатты.Мектеп ұжымы бастауыш сыныпта баяу оқушы атанған балаға мектеп бітіргенге дейін сол көз-қараста қалатын кездер де болады

Ал бағалау әдісі қалыпты, өзгермейтін дәстүрлі бес балдық жүйеде болғаны белгілі. Күнделікті бағалау және тоқсандық бағалау түрлері ғана болды.Бұл бағалаумен баланың білім деңгейін дамыту, әрине жеткіліксіз екендігін енді түсініп жатқандаймын.Осы кемшіліктерді жою мақсатында сабақ үрдісіне критериалды бағалау түрін енгіздім. Бағалау дескрипторларын дайындауда ең негізгі қару - пән бойынша теориялық білім.Баға баланы әрі қарай дамытуы үшін күнделікті баға «ынталандыру үшін» қойылу керектігін ұғындым. Баға қою оқушыға әсер етеді, бағалауға өзі де қатыса алатындығын, өзінің де жеке тұлға екендігін сезінеді. Өзін-өзі бағалауда немесе жолдастарын бағалауда неге «5» қойғандығын дәлелдеуде бағалау өлшемдері арқылы өз жұмысын немесе жолдасының жұмысын салыстыра отырып дәлелдей білуі де бағалаудағы нақтылықты дәлелдейді.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы қызығушылық тудыратыны сөзсіз.Ал бұл әрекет –білім алуға түбегейлі ықпал етеді. Балалардың өздерін-өздері бағалай алуы арқылы өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатынын түсінуі қажет.Критериалды бағалау- бала білімін бағалаудың әділ көрсеткіші, әрі дамытушы тәсіл екендігін тәжірибе көрсетіп жатыр. Оқытудағы бұл жаңаша қызметтерім — елордадағы Кембридж университеті мен педагогикалық шеберлік орталығының жаңа бағдарламасы бойынша алған білімімнің нәтижесі дер едім.

Елбасы өзінің «Назарбаев университетіндегі» дәрісінде: «Біз «білім-ғылым- инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз. БҰҰ жанындағы халықаралық ұйымдар, жетекші европалық көшбасшылар, көптеген белгілі экономистер мен саясаткерлер қазірдің өзінде Үшінші индустриялық революция тұжырымдамасын ресми түрде қабылдап үлгерді. Бұл тұжырымдамаға белгілі америкалық ғалым Джереми Рифкин өте айқын түсініктеме берді. Алғашқы революция бу қозғалтқышын ойлап шығарумен байланысты болса, екіншісі — электр және тұңғыш байланыс құралдарын ойлап шығарумен, үшіншісі сандық байланыспен бірге басталды» деген болатын. Мұғалім жұмысындағы кәсіби дамуды сандық сауаттылықтан бөліп қарауға болмайтындығы заман талабы болып отыр. Сандық сауаттылық арқылы ғана мұғалім білім берудің жаңа сапасына көтеріле алатынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Ғаламтор желісі арқылы«Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ-ның ресми сайтынан жарияланып тұратын онлайн-сабақтар мен семинарларды көріп, тәжірибе бөлісудеміз.

Елбасы өзінің «Назарбаев университетіндегі» дәрісінде «Кез- келген кәсіп иесі өз шаруасын тың тәсілмен, жаңа әдіспен істеуге ұмтылса ғана ешкім жетпеген табысқа жете алады» деген еді. [«Егемен Қазақстан» Республикалық газеті. №588-589 саны]

Оқыту үрдісінде оқушының сыни тұрғыдан ойлануына жетелейтін тапсырмалар дайындау, сыни тұрғыда бағалауға үйрету, АКТ-ны тиімді пайдалана білуге ұмтылу, талантты, дарынды балармен жұмыс істеуді, балалардың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктеріне қарай жұмыстана білу, 12 жылдық білім беруге өту жағдайында орта білімдегі көшбасшылық бағыттары бойынша жұмыстану — қазіргі таңдағы ұстаздық қызметімнің негізгі бағыты болып отыр.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Назарбаев.Н.Ә. Қазақстан білім қоғамы жолында [«Егемен Қазақстан» Республикалық газеті] Жауапты ред. Ж.Аупбаев. №588-589. 6.09.2012ж.

2. КЕНЖАЛИН.Ж. Мұғалім мәртебесін көтеру-мемлекеттік іс, ал оған атсалысу бәріміздің міндетіміз [«Ана тілі» газеті] №17. 26.04.2012ж

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық //Сыныптаға диалогтың маңызы 38-бет//

4. Мұғалімге арналған нұсқаулық //Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру. 41-бет//

5.Мұғалімге арналған нұсқаулық //Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау 55-бет//

6.Мұғалімге арналған нұсқаулық //Оқыту үшін бағалау 57-бет//

7. Есполов Т. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА академигі. Алматы. egemen.kz2012/07/12/34124/ (07.11.2012ж) 8. Жарылқасын Гауһар Айбол Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін дамыту

http://adisker.ucoz.com/publ/zha_a_saba_tar_novye_uroki/syn_.(07.11. 2012ж)

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности