link2502 link2503 link2504 link2505 link2506 link2507 link2508 link2509 link2510 link2511 link2512 link2513 link2514 link2515 link2516 link2517 link2518 link2519 link2520 link2521 link2522 link2523 link2524 link2525 link2526 link2527 link2528 link2529 link2530 link2531 link2532 link2533 link2534 link2535 link2536 link2537 link2538 link2539 link2540 link2541 link2542 link2543 link2544 link2545 link2546 link2547 link2548 link2549 link2550 link2551 link2552 link2553 link2554 link2555 link2556 link2557 link2558 link2559 link2560 link2561 link2562 link2563 link2564 link2565 link2566 link2567 link2568 link2569 link2570 link2571 link2572 link2573 link2574 link2575 link2576 link2577 link2578 link2579 link2580 link2581 link2582 link2583 link2584 link2585 link2586 link2587 link2588 link2589 link2590 link2591 link2592 link2593 link2594 link2595 link2596 link2597 link2598 link2599 link2600 link2601 link2602 link2603 link2604 link2605 link2606 link2607 link2608 link2609 link2610 link2611 link2612 link2613 link2614 link2615 link2616 link2617 link2618 link2619 link2620 link2621 link2622 link2623 link2624 link2625 link2626 link2627 link2628 link2629 link2630 link2631 link2632 link2633 link2634 link2635 link2636 link2637 link2638 link2639 link2640
Абатова Мейрамгүл
Должность:Учительница казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Мангистауская область, город Жанаозен
Оқу процесінде оқушылардың білім- білік дағдыларын критерийлер бойынша бақылау мен бағалау және кері байланыстың тиімділігі

Қазақстан Республикасы Президенті–Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп бүгінгі таңда ұстазға жүктелер міндеттің маңызына тоқталған болатын.

Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті — білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру. Қолдауды қажет ететін бүгінгі күннің білімінің орнына елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Сол себептен де, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқаны қажет.

«Бағалау» термині «жақын отыру»дегендібілдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес. Себебі бағалаудың негізгі сипаты бір

адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін–өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады ( МАН 2012ж 57- бет)

Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Формативті(қалыптастырушы)бағалау немесе оқыту үшін бағалау және суммативті(қорытындылаушы)бағалау немесе оқытуды бағалау.

«Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы автор болған осы аттас кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды.

1960-жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОүБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді.

Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56 бет).

Әлемде білім беру ісінің нәти­жесін бағалай білудің өзіндік тәжірибесі қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін қаншалықты пайдалана ала­тын­дығы маңызды болып отыр.Сондықтан оқыту жүйесіне критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықарлық стандартқа сәйкестендіру болмақ.

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың

оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде

баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Александер, 2001. [Мұғалімге арналған нұсқаулық. 55-бет]. Баға баланы әрі қарай дамытуы үшін күнделікті баға «ынталандыру үшін» қойылу керек. Баға қою оқушыға әсер етеді, бағалауға өзі де қатыса алатындығын, өзінің де жеке тұлға екендігін сезінеді. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы қызығушылық тудыратыны сөзсіз.Ал бұл әрекет –білім алуға түбегейлі ықпал етеді. Балалардың өздерін-өздері бағалай алуы арқылы өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатынын түсінеді.

шынайы бағалай алды, бір — біріне деген сыйластық пен сенімділік орнады, өздерін еркін сезінетін болды, қателіктерін көре білді және оны өз уақытында түзетудің жолдарын іздеп өз бетінше жоюды үйренді. Осының нәтижесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы артады.

Кері байланысты мұғалімнің ғана қамтамасыз етуге тиісті емес, шын мәнінде оны оқушы немесе құрдасының жиі жақсы ұсынатынына назар аудару, құрдастары және өзін-өзі бағалаудың оларды оқыту үшін өзіне жауапкершілік алу, сондай-ақ оқушының өзін жақсартудың мүмкін екеніне сенім ұялату үшін, оқушыны қалай ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың өте күшті тәсілдері болып табылатынына көз жеткіздім.

Драхмэн мен Суэтс (1988) кері байланыс және құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда көп әсер етуі ықтимал екендігін айтады. Алайда оқыту үдерісі тек қана оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзінің білімі мен дағдылануы және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақтылы сезінген кезде ғана тиімді болады.

Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар үшін оны істемейді. Яғни, осылайша оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. (Бағалауды Жақсарту тобы, 1999ж)

Оқытуды бағалау. Фонетикалық талдау

Фонетикалық талдау

(max6)

Бағалау критерилері

Ұпай

Д

Төменде көрсетілген талаптарды орындай алмады

0-3

Оқушы жұмысты орындады, дыбыстық талдау жасағанмен, буынды дұрыс бөле алмады және түрлерін білмеді, тасымалдауда, екпін түрін ажыратуда қателер жіберді

4-6

Оқушы жұмысты орындады, дыбыстық талдау жасады , буынға бөлді, түрлерін дұрыс ажыратқанмен тасымалдауда, екпін түрін ажыратуда қателер жіберді

7-9

-Оқушы жұмысты орындады, дыбыстық талдау жасауда , буынға бөлуде, түрлеріне ажыратуда, тасымалдауда, екпін түрін ажыратуда, қателер жіберген жоқ.

10-12

Мазмұндаманы бағалау өлшемі

Критерий

max

(12 ұпай)

Бағалау критерийлері

Ұпайлар

Д

Тақырыптың мазмұнын білмегендіктен, сұрақтарға жауап бере алмаған. Айтайын деген ойы түсініксіз, себебі сөйлемдер арасында логикалық байланыс жоқ. Сөздік қоры аз, себебі сөйлем құрауда сөздерді дұрыс таңдай алмаған.

0-3 ұпай

Тақырыптың мазмұнымен толық таныс болмағандықтан сұрақтарға толық,нақ жауап бере алмаған. Айтайын деген ойы дәл, нақты болмағандықтан, сөйлемдерді байланыстырып жазуда ойы шашыраңқы. Сөз саптауы қанағаттанарлық, себебі сөйлем құрауда кей сөздерді дұрыс қолданбаған.

4-6 ұпай

Тақырыптың мазмұнымен толық таныс, себебі сұрақтарға толық жауап бере білген. Айтайын деген ойы жүйелі, түсінікті болғанмен сөйлемдерді дұрыс құруда, бір-бірімен байланыстыруда 1-2 қате жіберген.. Сөйлем құруда 1-2 сөзді дұрыс қолдана білмеген.

7-9 ұпай

Тақырыптың мазмұнымен толық таныс болғандықтан сұрақтарға толық, жақсы жауап берген. Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра жаза білгендіктен айтайын деген ойы жүйелі, түсінікті. Сөз саптауы жақсы, себебі сөздерді дұрыс таңдай білген.

10-12 ұпай

Ұпайлардыбағағаайналдырушкаласы

Жинапалғанұпайлар саны

Баға

10-12 ұпай

«5»

7-9 ұпай

«4»

4-6 ұпай

«3»

0-3 ұпай

«2»

Нәтижеде формативті (қалыптастырушы) бағалаудан оқушылардың үйренетіні: әр оқушы бағалауға қатысатындығын білгендіктен, жауап беруге дайындық үстінде болады. Бағалау құпия емес, жария түрде жүргізілетіндіктен оқушыда сенімділік қалыптасады. Оқушының білімді қабылдауы, түсінуі сыныптағы барлық оқушыға мәлім болатындықтан, дайындық деңгейі артады. Жолдасының орындаған тапсырмасына бағалау өлшемімен дәл баға беріп, кемшілігі мен жетістігін көрсете алады. Жолдасына қандай көмек қажет екендігін біледі. Бағаланған оқушы өз жетістігі мен кемшілігін біліп, ары қарай не істеу керектіігін түсінеді, жоғары нәтижеге жетуге тырысады.

Мен қазақ тілі мен әдебиет сабағында суммативті (жиынтық) бағалау тапсырмаларын орындатқан кездегі оқушылардың білім, білік дағдыларындағы өзгерістер жайлы өз тәжірибеммен бөліспекпін.

8- сынып. Қазақ тілі Тарау: Сөйлем түрлері

Критерийлер

Тапсырмалар

1

А (Білу) max 3

Диктант

2

В (Түсіну) max 3

Диктант мәтіндегісөйлемтүрлерінанықтау.

3

С (Қолдану) max3

Диалог құру. (Сөйлемнің 4 түрін қолдану)

4

D (Талдау) max 3

Мәтіндегі1сөйлемгеморфологиялықталдаужасау.

5

Е(Жинақтау) max3

Тест сұрақтарынорындау

6

Бағалауmax 3

Сөйлемтүрлерінебайланыстысеніңпікірің

Ұпайлардыбағағаайналдырушкаласы

Жинапалғанұпайлар саны

Баға

17-18 ұпай

«5»

14-16 ұпай

«4»

11-13 ұпай

«3»

0-10 ұпай

«2»

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности