link12814 link12815 link12816 link12817 link12818 link12819 link12820 link12821 link12822 link12823 link12824 link12825 link12826 link12827 link12828 link12829 link12830 link12831 link12832 link12833 link12834 link12835 link12836 link12837 link12838 link12839 link12840 link12841 link12842 link12843 link12844 link12845 link12846 link12847 link12848 link12849 link12850 link12851 link12852 link12853 link12854 link12855 link12856 link12857 link12858 link12859 link12860 link12861 link12862 link12863 link12864 link12865 link12866 link12867 link12868 link12869 link12870 link12871 link12872 link12873 link12874 link12875 link12876 link12877 link12878 link12879 link12880 link12881 link12882 link12883 link12884 link12885 link12886 link12887 link12888 link12889 link12890 link12891 link12892 link12893 link12894 link12895 link12896 link12897 link12898 link12899 link12900 link12901 link12902 link12903 link12904 link12905 link12906 link12907 link12908 link12909 link12910 link12911 link12912 link12913 link12914 link12915 link12916 link12917 link12918 link12919 link12920 link12921 link12922 link12923 link12924 link12925 link12926 link12927 link12928 link12929 link12930 link12931 link12932 link12933 link12934 link12935 link12936 link12937 link12938 link12939 link12940 link12941 link12942 link12943 link12944 link12945 link12946 link12947 link12948 link12949 link12950 link12951 link12952 link12953 link12954 link12955 link12956 link12957 link12958 link12959 link12960 link12961 link12962
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Қазақстан Республикасы,Қарағанды облысы,Бұқар жырау ауданы,п.Құрылыс
Ақжар негізгі мектебі КММ
Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
Жаппарова Гульнур Кенжеевна

Сабақтың мақсаты: Төлен Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, «Қонақтар» әңгімесінің тақырыбын, идеялық-көркемдік мәнін аша отырып, әдеби талдау жасау. Қазіргі заман үлгілерінен мысал ала отырып, білімдерін жүйелеу.
Сабақтың міндеті: оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Ата-ана алдындағы борыштарын өтеуге баулу, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жазушының портреті, слайд, бейнеролик, интерактивті тақта.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту, білімдерін жинақтап, бекіту.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, пікірсайыс, Венн диаграммасы, сұрақ — жауап.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а)-Сәлеметсіңдер ме балалар?
-Бүгін кім кезекші?
-Сабақта кімдер жоқ?
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-Қане үй тапсырмасына «Ана-тіршіліктің гүлі» тақырыбына шығарма жазып келу және мақал-мәтел жаттау.
Оқушылар үй тапсырмасын кезекпен оқып, мақал-мәтелді жатқа айтады.
Жаңа сабақ:
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,қазақтың танымал жазушысы, драматург, аудармашы, хатшы, редактор, сектор меңгерушісі, Европалық алтын медаль иегері, мемлекеттік сыйлық иегері — Төлен Әбдіков туралы сөз етпекпіз.Және де «Қонақтар» әңгімесіне талдау жасаймыз. Белгілі қаламгер Төлен Әбдіков 1942 жылдың 4 қыркүйегінде, Қостанай облысы , Жангелдин ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген.
Төлен Әбдіковтың өмірі мен шығармашылығы бойынша жылдар сөйлейді.
1942 жыл Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген
1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін бітірген
1965-1970 жылдары «Қазақстн пионері» (қазіргі Ұлан) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген
1970-1977 жылдары «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары
1977-1979 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор
1979-1990 жылдары
Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитеті жауапты қызметкер
1985 жыл Республика театрларында «Біз үшеу едік» пьесасы қойылған
1985 жыл «Өліара» романы жарық көрген
1987 жыл «Ақшоқыдағы қыс қатты» романы жарияланды.
1990-1992 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы
1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары
2002 жыл «Парасат майданы»романының авторы –Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Франц Кафта атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жауапты қызмет атқарады.

Төлен Әбдіковтың шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады.Бірінші «Көкжиек» жинағы 1969 жылы, одан кейін «Күзгі жапырақ» 1971 жылы жарық көрді. 1974 жылы «Ақиқат» атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді.1979 жылы «Айтылмаған ақиқат» әңгіме-повестер жинақтар жинақтары, 1980-1981 жылдары орыс тілінде «Истина» әңгімелері мен повестері деген атпен жарық көрген. 1985 жылы «Өліара», «Біз үшеу едік» пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды. Грек аңыздары «Эллада ерлерін» қазақ тіліне аударған.Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған.1987 жылы «Ақшоқыдағы қыс қатты» және 2002 жылы «Парасат майданы» повесі тосындылығымен ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафта атындағы орденімен марапатталады. 2003 жылы Халықаралық Франц Кафта атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығыны лауреаты. Тұңғыш рет 1969 жылы «Көкжиек» әңгімелер жинағы жарық көріп, қазақ әдебиетіне фолософиялық проза жанрын ала келді.
Жазушының қаламынан туған «Қонақтар» әңгімесі н топтық жұмыс арқылы жүзеге асырғалы отырмыз.Мұғалімнің алдынды 2 топтың атауы жатыр. Сондай-ақ үстелдің үстінде Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінің шумақтары жеке-жеке қағазға жазылған. Оқушылар ортаға шығып, өлеңді кезекті тармақтары арқылы тауып екі топқа бөлінеді.Қалаулары бойынша топтың аттарын таңдап алады және не себептен таңдап алғанын өздері оқып келген әңгімемен байланыстырып өтеді.
1-топ Сағыныш
2-топ Құрмет
Мғалім сөзі: Төлен Әбдіковтың көркем туындыларында халқымыздың озық салт-дәстүрін ардақтап, адамгершілік, ізгілік мәселелерін көтерген.Бүгінгі өткелі отырған «Қонақтар» атты әңгімеде жазушы оқыған, қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын, жасанды қарым-қатынасын суреттеу арқылы әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың перзенттік парызы туралы ой қозғайды.
-Балалар әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған? Қонақтар деп отырғаны кімдер?
Ата-ананы сыйлау-адамдардың парызы.
Мәтінмен жұмыс
Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.
1. Әңгіменің басталуы — Ерғабыл шал мен кемпірдің әңгімесі.
2. Дамуы — Ерекеңнің малын іздеуі, ішкі ойы.
3. Байланысуы — қаладағы баласының келуі. Ауыл қонақтары.
4. Шиеленісуі –Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы. Ауыл әні.
5. Шарықтау шегі — Мазасы кеткен қарт.
6. Шешімі — Соңғы үміті орындалмаған қария.
Кейіпкерлерге мінездеме беру.
Кейіпкерлері:
Ерғабыл қарт-
Кемпірі
Сапабек (ұлы
Тома (келіні)
Жеңіс (немересі)
Ауыл адамдары
Аспандияр (әнші жігіт)

Сапабек (ұлы) — Ат жақты, қапсағай сары жігіт.
Тома (келіні) — Омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ-толық ,ақ сары ажалы келіншек
Жеңіс (немересі) — Аяқ — қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы

Венн диаграммасы

Ұқсастығы
Ерғабыл Әкелі — балалы Сапабек
туыстар, ер адам
ауыл тұрғыны ,қарт, айтқанынан қайтпайтын қала тұрғыны, жас,
оқымаған, көп бірбеткей оқыған, өзімшіл, көп
сөйлемейтін ,қарапайым жан сөйлегіш

Әдеби теориялық ұғымдар.
Теңеу- Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ-қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті.сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.

Дисфемизм сөздер: алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалып.
Мақал –мәтел: Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар.

Екі топ жақтаушы және даттаушы топ болып бөлініп, әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс –әрекеті, ата-анасына деген көзқарасы дұрыс па?деген сұраққа пікір таластырып, ойларын ортаға салады.
Сұрақ -жауап
Екі топқа сұрақтар беріледі:
1.Сапабек ауыл адамдарының алдында өзін қалай ұстады?
2.Келіні Томаның қылығы: отырысы, шай құюы, киім киісі туралы не айтар едіңдер? Қайда өскендігін аңғарлыңдар?
3.Қарттың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді?
4.Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесіңдер?
5.Әңгімеде автор қандай мәселені көтеріп отыр?

Оқушыларға борыш сөзінің мағынасын айта өтемін.
Борыш — ата-анаға ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған қайырым іс –әрекеттер және ол қарыз деген сөздің баламасы.

Сабақты қорыту:
Мұқағали Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңін оқу.

Бағалау парағына оқушылардың білімдерін бағалау.
Жеңген топты құттықтау.

Үйге тапсырма: «Ата –ананың қадірі» тақырыбына эссе жазу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности