link4800 link4801 link4802 link4803 link4804 link4805 link4806 link4807 link4808 link4809 link4810 link4811 link4812 link4813 link4814 link4815 link4816 link4817 link4818 link4819 link4820 link4821 link4822 link4823 link4824 link4825 link4826 link4827 link4828 link4829 link4830 link4831 link4832 link4833 link4834 link4835 link4836 link4837 link4838 link4839 link4840 link4841 link4842 link4843 link4844 link4845 link4846 link4847 link4848 link4849 link4850 link4851 link4852 link4853 link4854 link4855 link4856 link4857 link4858 link4859 link4860 link4861 link4862 link4863 link4864 link4865 link4866 link4867 link4868 link4869 link4870 link4871 link4872 link4873 link4874 link4875 link4876 link4877 link4878 link4879 link4880 link4881 link4882 link4883 link4884 link4885 link4886 link4887 link4888 link4889 link4890 link4891 link4892 link4893 link4894 link4895 link4896 link4897 link4898 link4899 link4900 link4901 link4902 link4903 link4904 link4905 link4906 link4907 link4908 link4909 link4910 link4911 link4912 link4913 link4914 link4915 link4916 link4917 link4918 link4919
Аязбаева Анар Рахматуллаевна
Должность:учитель начальных классов с казахским языком обучения
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:г. Астана
Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ "Хайуанаттар дүниесі"

Астана қаласы № 31 мектеп-гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі: Аязбаева Анар Рахматуллаевна

4 сынып

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар дүниесі. Бейсебай Кірісбаев

Сабақтың мақсаты:

- Сынып оқушыларының төрт түлік мал, мал шаруашылығы және малшының тұрмыс-тіршілігі туралы алған білімдерін тиянақтау, толықтыра түсуге жағдай туғызу.

Сабақтың міндеті:

- Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту арқылы сөйлеу тілдерін дамыта түсу.

- Төрт түлік малды құрметтеуге, малшы еңбегі мен ауылшаруашылық еңбектің құндылығын сезіндіру арқылы ұлттық тәрбиеге бейімдеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, ішінара іздену, салыстыру

Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік малдың суреттері, төрт түлік малға арналған ырым-тыйымдар жазылған плакаттар, интерактивті тақта, слайдтар, оқулық

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Күлімде, күн, күлімде.

Жер жасарып, көгерсін!

Кешегідей бүгін де

Қанат қақсын көгершін!

Күлімде, күн, күлімде,

Бүлдіршіндер қуансын.

Қырдың көкшіл түгіндей

Қолдарына ту алсын!

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

ІІ Үй тапсырмасын нақтылау

- Домалақ ананың қасиеті туралы не айта аласыңдар?

- Әңгімеде жылқы малының қандай қасиеті байқалады?

І. Қызығушылықты ояту.

Келеді бір жануар, Басында таяғы бар,

Үстінде бір тауы бар. Төрт аяғы бар.

(түйе) Егіз құшағы бар,

Көкке шаншып құйрығын, Иегінде сақалы бар.

Келеді шауып жүйрігім. (ешкі)

(жылқы)

Басында мүйізі бар,

Үстінде киізі бар.

(сиыр)

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(қой)

Топтардың пікірін тыңдау.

«Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі» деп тізбектеледі.

Сұрақ-жұмбақ

Ел көркі — мал, өзен көркі— тал

Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.

Түлік — төлден өседі.

Малдың жайын баққан білер,
Оттың жайын жаққан білер.

Осы мақалдардың мағынасын ашып береді.

Әңгімелесу

1. Мал шаруашылығының пайдасы.

2. Ауыл шаруашылығы министрін білеміз бе?

3. Қазақстанда мал шаруашылығына қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

1. Ауыл шаруашылығы министрімен таныстыру

АСЫЛЖАН САРЫБАЙҰЛЫ МАМЫТБЕКОВ

1968 жылы 17 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.

2011 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі.

2. Қазақстанда мал шаруашылығына қандай қолдау көрсетіліп жатыр?

АӨК-ті 2014 жылға дейін дамытудың салалық бағдарламасына жемазық дақылдары егіс алаңдарын кеңейту бойынша шаралар қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда

Шалғайдағы мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту жоспарлануда.

Бірінші кезеңде шахталық және дөңгелек құдықтар қалпына келтірілетін болады, екіншісінде жайылымдарды жақсарту жүргізілетін болады.

Сергіту сәті:

Жүнім менің сабалақ

Барақ итпен бірдеймін.

Бірақ та мен абалап,

Көрінгенге үрмеймін.

Бөрідейін тиемін

Бөрілерге азулы.

Ал ыкылас-ниетім

Көкейімде жазулы.

Төрт түлік малға иттің катысы жайлы.

1. Автормен таныстыру

Бейсебай Кірісбаев(1955-2003)

12 қыркүйекте туған. 1974— 1975 жылдары Ақсу аудандық (Талдықорған облысы) «Өмір нұры» газетінде әдеби қызметкер болды. 1980 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1980—1982 жылдары республикалық «Білім» қоғамының баспа бөлімінде кіші редактор қызметін атқарды. 1982—1985 жылдары «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінің әдебиет және өнер бөлімінде жұмыс істеді. 1985—1992 жылдары «Балдырған» журналының бөлім редакторы, 1992 — 2003 жылдары бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

«Тамшы» атты алғашқы жинағы 1979 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген. 1982 жылы «Алты әзілкеш» («Жалын», 1982) атты ұжымдық жинаққа топтама өлеңдері енген. «Аппақ бақ-бақ» («Жалын», 1984), «Адамша кел» (топтама, «Жалын», 1991), «Кілтипан» («Жалын», 1992), «Ықылық» («Жазушы», 1998), «Жаңылтпаштар» («Балауса»,1998) кітаптарының авторы.

ІІ. Мағынаны тану.

Топпен жұмыс

Ақ қағазға маркермен тізіп отырады. Өлеңді әр топ өздеріне бөлінген шумақтарын мәнерлеп оқиды.

ІІІ. Ойтолғау.

Тыйым сөздер

Малды теппе, ақты төкпе.

Малды басынан теппе.

Малға теріс мінбе.

Түйенің астынан өтпе.

Топта жүмыс.

1- топ. Ойсылқара. Түйенің төлі, пайдасы мен зияны. Эссе жазу.

2-топ. Зеңгібаба. Сиырдың төлі, пайдасы мен зияны. Өлең жазу.

3-топ. Қамбарата. Жылқының төлі, пайдасы мен зияны. Сурет салу.

4-топ. Шопан ата. Шекшек ата. Қой мен ешкінің пайдасы мен зияны. Мүсіндеу .

Оқушылардың шығармашылық жүмыстарын тыңдау.

Үй жануарлары мен дала жануарларын «Венн диаграммасымен» салыстыру

Сабақты қорытындылау.

1. Білгім келеді

2. Мен үшін жаңа

Не білдім

1. Маған ұнады

2. Не үйрендім

Үйге тапсырма. Түліктердің жастарына қарай атауларын жазып келу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности