link3360 link3361 link3362 link3363 link3364 link3365 link3366 link3367 link3368 link3369 link3370 link3371 link3372 link3373 link3374 link3375 link3376 link3377 link3378 link3379 link3380 link3381 link3382 link3383 link3384 link3385 link3386 link3387 link3388 link3389 link3390 link3391 link3392 link3393 link3394 link3395 link3396 link3397 link3398 link3399 link3400 link3401 link3402 link3403 link3404 link3405 link3406 link3407 link3408 link3409 link3410 link3411 link3412 link3413 link3414 link3415 link3416 link3417 link3418 link3419 link3420 link3421 link3422 link3423 link3424 link3425 link3426 link3427 link3428 link3429 link3430 link3431 link3432 link3433 link3434 link3435 link3436 link3437 link3438 link3439 link3440 link3441 link3442 link3443 link3444 link3445 link3446 link3447 link3448 link3449 link3450 link3451 link3452 link3453 link3454 link3455 link3456 link3457 link3458 link3459 link3460 link3461 link3462 link3463 link3464 link3465 link3466 link3467 link3468 link3469 link3470 link3471 link3472 link3473 link3474 link3475 link3476 link3477 link3478 link3479
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы

№15 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі

Үсенова Айнұр

Оқыту мақсаты: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдерін (қаріп, абзац) АКТ-ны практикада қолданудың нәтижесінде тақырыпты өзара меңгерту.

Табыс критерийі:

  1. Мәтінге ақпаратты енгізуді білем.
  2. Мәтінді ерекшелеу тәсілдерін қолданамын.
  3. Үзінділермен жұмыс істеп, ақпаратты өңдеп, жинақтаймын.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Көрнекіліктер

Кіріспе

3 минут

Сәлемдесіп «Шаттық шеңберін құру» арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Топқа бөлу . Түрлі-түсті стикерлер бойынша топқа бөлу

Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында бір-біріне ыстық лебіздерін білдіреді.

Оқушылар стикердің түсіне қарай 4 топқа бөлінеді.

Спикерлер

Тұсаукесер

5 минут

«Қарлы кесек» әдісін қолданып өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтарын жасырамын:

1.Бос әріпті қалай енгіземіз?

2.Бос орын қай кезде қойылады?

3.Enter пернесін қай кезде басу керек?

4.Ұзын сызықша қалай қойылады?

5.Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді

Оқулық

Қима қағаз

Негізгі бөлім

10 минут

«Миға шабуыл» әдісімен жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар бердім

1.Мәтіндік редактор дегеніміз не?

2.Мәтіндік редактордың қызметі қандай?

3.Қалай қолдануға болады?

4. Мәтінді қалайша ерекшелеуге болады?

Оқушылар топтық жұмыс жүргізе отырып жауаптарын плакатқа түсіреді. Постер қорғайды.

Плакат,

Маркер

Түрлі-түсті қағаз

Жаңа тақырыпты пысықтау

15 минут

5 минут

Компьютермен жұмыс.

А,В,С деңгейлі тапсырманы беру.

«Сәйкестендіру» тесті арқылы сабақты қорыту

Әр топ компьютермен тапсырманы орындайды.

Әр оқушы тапсырманы жеке орындайды

Оқулық, ноутбук

Оқулық , жұмыс дәптері

Қорытынды бөлім

2 минут

Рефлексия

БББ әдісімен оқушылар сабақта білетінін, білгенін, білгісі келетінін жазады

Сабақтан алған әсерлдерін стикерге жазып, іледі

Стикер,

Бағалау

2 минут

Критерий арқылы өзара бағалау парақшасын таратамын.

Топбасшы өз тобын бағалап жиынтық баға шығарады.

Үйге тапсырма

3минут

§ 22 оқып келу. Өзің тексеруге арналған тесті орындауға тапсырамын

Күнделіктеріне жаздыру. Түсінбеген сұрақтарын сыныпта талқылау

№1 сабаққа рефлевсивтік есептер

Сабақ қалай өтті? Кембридж тәсіліндегі теориялық білімдерімді мектептегі тәжірибе кезеңінде алғашқы тізбектелген сабағымды 5 «ә» сыныпта «Мәтін үзінділерін ерекшелеу» тақырыбында өттім. Сабақты ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Шаттық шеңбері » арқылы бір-біріне тілек айтты. Сабағым 8 наурыз қарсаңында болғандықтан , олар Наурыз мерекесімен құттықтады. Кейін топқа бөлу үшін көздерін жұмғызып 4 түсті спикерлерді шекелеріне жабыстырып шықтым. Оқушылар көздерін ашып өздерінің түсіне қарай 4 топқа бөлінді. Дайын болған топ үш шапалақпен белгі білдірді.

Сабақты өткен тақырыпты қайталау мақсатында «Қарлы кесек» әдісін қолданып , үй тапсырмасын параққа жазып топтар бір-біріне лақтырады, жауап берген топқа күліп тұрған смайлик беріледі. Үй тапсырмасын қайталап болған соң жаңа тақырыпты «Миға шабуыл» әдісімен бірнеше сұрақтарға жауап бере отырып топтық жұмыс жүргізеді. Оқулықтан , интернеттен сұрақтарға жауап беріп, постер қорғайды . Оқушыларда сыни тұрғыдан ойлана жауап айтады. Сонымен қатар оларда топтық диалог жүреді. Себебі өзара келісу арқылы білгендерін плакатқа түсіреді.

Жаңа тақырыпты қолдану мақсатында оқулықтан компьютермен жұмыс жасау үшін А,В,С деңгейлі тапсырмаларды бердім.Бұл тапсырмада топтық жұмыспен орындалады. Әр топ ноутбукпен жұмыс жасағанда тізгінді көшбасшы оқушылар өз қолдарына алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сыни ойланады .

Тақырыпты пысықтау үшін «Сәйкестендіру тесті» жаттығуын орындаттым. Бүгінгі сабақтан не білгенін, не түсінгенін байқау мақсатында тесті оқушылар жеке орындады.

Сабақ соңында «БББ» стратегиясымен кері байланыс жүргіздім. Оқушылар түгел өз ойларын жазып, өздерін бағалады.

Не сәтті болды?

Оқушыларды сабаққа түгел қамтылды. Өздерін бағалау оқушыларға ұнады. Пәнге деген қызығушылықтары артты.

Не сәтсіз болды? Уақытты тиімді пайдаланбауым. Оқушылардың топ ережесін сақтамауы. В оқушымның топқа қосылмауы.

Келесі сабақта кедергіні жою жолдары: уақытты тиімді қолдануға оқушыларды дағдыландыру, топ ережесін қайталау, В оқушыма төменге деңгейлі тапсырмаларын беру.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности