link1560 link1561 link1562 link1563 link1564 link1565 link1566 link1567 link1568 link1569 link1570 link1571 link1572 link1573 link1574 link1575 link1576 link1577 link1578 link1579 link1580 link1581 link1582 link1583 link1584 link1585 link1586 link1587 link1588 link1589 link1590 link1591 link1592 link1593 link1594 link1595 link1596 link1597 link1598 link1599 link1600 link1601 link1602 link1603 link1604 link1605 link1606 link1607 link1608 link1609 link1610 link1611 link1612 link1613 link1614 link1615 link1616 link1617 link1618 link1619 link1620 link1621 link1622 link1623 link1624 link1625 link1626 link1627 link1628 link1629 link1630 link1631 link1632 link1633 link1634 link1635 link1636 link1637 link1638 link1639 link1640 link1641 link1642 link1643 link1644 link1645 link1646 link1647 link1648 link1649 link1650 link1651 link1652 link1653 link1654 link1655 link1656 link1657 link1658 link1659 link1660 link1661 link1662 link1663 link1664 link1665 link1666 link1667 link1668 link1669 link1670 link1671 link1672 link1673 link1674 link1675 link1676 link1677 link1678 link1679
Базаркул Кеулимжаева
Должность:Учительница английского языка
Группа:Посетители
Страна:Kazakhstan
Регион:Актюбинская область, город Шалкар
Открытый урок по казахскому языку"Әдебиет - өнердің бір саласы "

Сабақтың тақырыбы: Әдебиет - өнердің бір саласы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға өнердің бір саласы болған —

әдебиет туралы білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: «ББҮ» сызба әдісі, «Кластер» әдісі

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.

Сабақтың барысы:

Жаңа тақырып

Әдебиет — ол да көркемөнер. Көркем өнердің сәулет, мүсінші, сурет, музыка сияқты түрлері болады.

Көркем әдебиет адамның тілімен берілетіндіктен, өнердің барлық түрінің әсерін тудыра алады. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» деп Абай айтқандай, көркем әдебиет бізді адам өмірі, әлемнің сырлары, табиғат келбеті туралы көрінетін және көрінбейтін ұғымдармен сусындата алады, ішкі сезімді аңғарып, сезінуге үйретеді. Сонымен бірге көркем әдебиетте автордың өз көңіл — күй қалауы, өзіндік көзқарасы тұрғысынан жеткізетінін есте ұстаймыз.

Көркем әдебиеттің әр түрін жақсы танып — білген адамның көркем шығарманы дұрыс түсінуге дайындығы болады. Бесінші сыныпта біз оның өлең, дастан, роман повесть сияқты түрін білетін боламыз. Жанрдың еркшеліктерін аңғара отырып, шығарманы көркемөнер түрі ретінде қабылдауға үйренеміз, олардың авторлары туралы түсінік аламыз.

Сондай — ақ әдебиеттің үлкен бір түрі — ауыз әдебиетінің үлгілерімен де танысамыз. Сөйтіп әдебиеттің әр түрін біліп көркем әдебиет туралы тұтас ұғым аламыз. Көркем әдебиет үлгілерін оқу арқылы біз ішкі рухани дүниемізді байыта түсеміз, білімнің адамгершілік қасиеттердің жаңа биіктеріне шығамыз. Дұрыс оқып, сауатты жазуға одан әрі жаттығамыз. Кітап біздің ажырамас досымызға айналатын болады.

І. Қызығушылықты ояту.

«ББҮ» сызба әдісі

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам:Сызбаны тақтаға және дәптерге сызып алу:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

2-қадам:оқушылармен алғашқы екі бағанды толтырамыз:

Әдебиет туралы не білесіз?Не білгіңіз келеді?

3-қадам:оқушылармен мәтінді оқу,бұрыннан таныс және жаңадан танысқан түсінікті табу.

4-қадам:жаңадан алған білімдерімен сызбаның соңғы бағанын толтыру.

5-қадам:екінші баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын топта талқылау.

ІІ. Түсінік тексеру:

1. Әдебиет не туралы ғылым?

2. Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?

3. Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?

4. Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?

5. 5- сыныпта біз көрке әдебиеттің қандай түрлерімен танысамыз?

6. Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?

ІІІ.Рефлексия

«Кластер» әдісі

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам:көркем әдебиет тақырыбына тақтада кластер жасау

2-қадам:оқушыларға осы бағыттағы тақырып бойынша жеке өз дәптерлеріне не таныс,соны жазғызу.

3-қадам:жеке жазуды топта талқыға салу,жалпы топтың атынан жауап дайындау.

4-қадам:кластер бойынша топтың жауабын жалпы тақтаға жазу.

Көркем әдебиет

Роман

өлең повесть

дастан

поэма

әңгіме

ІV. Бағалау

V. Үйге тапсырма.

1 . Әдебиет - өнердің бір саласы туралы түсінік.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности