link126 link127 link128 link129 link130 link131 link132 link133 link134 link135 link136 link137 link138 link139 link140 link141 link142 link143 link144 link145 link146 link147 link148 link149 link150 link151 link152 link153 link154 link155 link156 link157 link158 link159 link160 link161 link162 link163 link164 link165 link166 link167 link168 link169 link170 link171 link172 link173 link174 link175 link176 link177 link178 link179 link180 link181 link182 link183 link184 link185 link186 link187 link188 link189 link190 link191 link192 link193 link194 link195 link196 link197 link198 link199 link200 link201 link202 link203 link204 link205 link206 link207 link208 link209 link210 link211 link212 link213 link214 link215 link216 link217 link218 link219 link220 link221 link222 link223 link224 link225 link226 link227 link228 link229 link230 link231 link232 link233 link234 link235 link236 link237 link238 link239 link240 link241 link242 link243 link244 link245 link246 link247 link248 link249 link250 link251
Шаяхметова Салтанат Советовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:казахстан
Регион:не указан
Бейнелеу өнері.Натюрморт салып үйренейік.

Бейнелеу өнері. Натюрморт салып үйренейік

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Шаяхметова С.С.

5 сынып

Мерзімі

17.11.14

Сабақтың атауы

Натюрморт салып үйренейік

Сілтеме

Қ. Болатбаев, Ұ Ибрагимов 5 сынып оқулығы

Жалпы мақсаттары

Сәнді натюрморт деген не? Оның басқа жанрлармен байланысы. Заттардың көлемін айыра білулерін үйрету. Жарық пен көлеңкені жылы және суық түстер арқылы көрсете білуді үйрету. Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.

Міндеттері

1. Логикалық ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, барлық білетін түстерін қайталау.

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО

Күтілетін нәтиже

1. Натюрморт жайлы ұғым, білімінің негізін қалау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды үйлестіру туралы өздерінің білімдерін кеңейту

3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру

Тапсырмалар

Бейнелеу өнері оқулығы.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, / сәлемдесу / топқа бөлу ( Топқа бөлу үшін жеміс,өсімдіктерге байланысты жұмбақтарды пайдаланып бөлемін.Әр баланың қасына барып ққұлақтарына жемістің атын сыбырлаймын.Жұмбақтарды шешеді. Содан кейін айтылған жемістердің жауаптарына байланысты топтар құралады.)

Сто сұрақтары

Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-Мақсаты

-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

  • Оқушыға берілген сұраққа жауап беру үшін қосымша уақыт алуына мүмкіндік беру
  • Оның өзара қарым-қатынастан алар пайдасын бақылау
  • Ауызекі сөйлеу дағдысы жетілген балалармен қарым-қатынас жасауына, олармен түрлі тақырыпта диалог құруына жағдай жасау.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

Мұғалімнің іс-әрекеті:

- топқа бөлу

-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

Балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін ойын ойнату.. Бұл ойында дарынды баланың салған суреті мағыналы болады. Ойын шарты: бірінші ойыншы бір парақ қағазға қарындашпен шағын шимай жасайды, сонан соң ол қағазды келесі оқушыға береді. Келесі оқушы ол шимайға қарап оны әрі қарай мағыналы сурет шығатындай етіп толықтырады. Толықтырғаннан кейін осы оқушы келесі балаға шимай салады, ойынның аяғында жеңімпаздар табылады. Жеңімпаз шыққан топтарға ұпайлар беріледі.

Бұл ойын балаларды сабаққа көңілдерін аударып, зейіндерін күшейтеді.

ІІ мағынаны тану

· Мұғалім сыныпқа әкелген әр түрлі заттардан натюрморт құрастырады. Балалар қызығушылықпен сұрақтар қоя бастайды.

· Қойылған сұрақтарды барлық сыныппен талданады.

· Заттардың пішімдерін талдауға бағыт беріледі.

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

Сурет салу, тапсырма орындау. 1 Тапсырма

Әр топқа әртүрлі заттың суреті (боялмған,әртүрлі пішінді суреттер)бейнеленген суреттер және А3 форматты қағаз таратылады.

Берілген суреттерді қиып қағазға дұрыс орналастырып желімдеу және бояу талап етіледі.

Қағаз бетіне заттарды дұрыс орналастырып болғаннан кейін

Бір-біріне өз идеяларын айтып , топпен қорғайды.

Толғаныс (рефл-я)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

Оқушылардың ойларын сұрап, сыныппен ақылдасып, жасаған жұмысты қорытындылап, сабақты тұжырымдаймыз. Сабақты қорытындылау. Салған суреттерін топпен шығып қорғайды. Неліктен осындай түстерді таңдағанын түсіндіреді.

Бағалау түрлері

Бағалау парақшасы арқылы, оқушылар бір –бірін бағалайды.

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу…

-өз пікірін дәлелдеу…

-үйде жалғастыру…

Үйге тапсырма беру:

Келесі сабаққа альбом, қарындаш, бояулар, палитра әкелу.

Балалар сабақ бойы білгендерін, танысқандарын қорытындылай келе айналадағы қоршаған заттарды сезіне білуді үйренеді. Үйде түстер туралы білгендерін толықтырып келу тапсрылды.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности