link12726 link12727 link12728 link12729 link12730 link12731 link12732 link12733 link12734 link12735 link12736 link12737 link12738 link12739 link12740 link12741 link12742 link12743 link12744 link12745 link12746 link12747 link12748 link12749 link12750 link12751 link12752 link12753 link12754 link12755 link12756 link12757 link12758 link12759 link12760 link12761 link12762 link12763 link12764 link12765 link12766 link12767 link12768 link12769 link12770 link12771 link12772 link12773 link12774 link12775 link12776 link12777 link12778 link12779 link12780 link12781 link12782 link12783 link12784 link12785 link12786 link12787 link12788 link12789 link12790 link12791 link12792 link12793 link12794 link12795 link12796 link12797 link12798 link12799 link12800 link12801 link12802 link12803 link12804 link12805 link12806 link12807 link12808 link12809 link12810 link12811 link12812 link12813 link12814 link12815 link12816 link12817 link12818 link12819 link12820 link12821 link12822 link12823 link12824 link12825 link12826 link12827 link12828 link12829 link12830 link12831 link12832 link12833 link12834 link12835 link12836 link12837 link12838 link12839 link12840 link12841 link12842 link12843 link12844 link12845 link12846 link12847 link12848 link12849 link12850 link12851
Жакишева Светлана Викторовна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Акмолинская область город Степногорск
3 сынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Жүйке жүйсі.

8-сабақ.

Cабақтың тақырыбы: Жүйке жүйсі.

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: жүйке жүйесі туралы білім алады.

Дамытушылық: жүйке жүйесі туралы білімдерін дамытады.

Тәрбиелік: денсаулықтарын күтуге тарбиеленеді.

Көрнекілігі: слайд суреттер, топтардың аты, сұрақ парақтары, маркерлер, А-3 қағаздары.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту

Сабақ барысында жүйке жүйесінің жұмысымен таныстыру ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім:

Үй тобы:

I-топ - Тыныс алу.

II-топ - Дәм сезу.

III-топ - Ас қорыту.

IV-топ - Қан айналым.

V-топ - Жүйке жүйесі.

VI-топ - Көру.

«Топтастыру» стратегиясы

- Балалар, «Жүйке» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Жүйке

Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп — көршісімен бөліседі, одан кейін — топ, барлығы білгендерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс — топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.

Жүйке жүйесі:

1) көңіл күй

2) ренжу

3) қуану

4) жылау

II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім. Жұмыс тобы:

I-топ - Ми.

II-топ - Жұлын.

III-топ - Жүйке.

IV-топ - Бұйрық.

Жүйке жүйесінің қызметін ескере отырып: «Ми», «Жұлын», «Жүйке», «Бұйрық» туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім.

Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді.

Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне.

Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Жүйке жүйесі», яғни ми мен жұлын жүйке арқылы барлық мүшелермен жалғасып, үнемі жұмыс істеп тұратыны туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады.

I — топ.

1. Біз қоршаған ортаны қалай танып білеміз ?

2. Сезім мүшелерін ата.

Адам организмінің барлық мүшелері бірлесіп жұмыс істейді және ешқашан «қателеспейді». Біз тыныстағанда — тыныс аламыз және тыныс шығарамыз. Қолымызбен өзімізге қажет заттарды аламыз. Қажет жаққа барамыз. Осының бәрін жүйке жүйесі қадағалап отырады екен.

«Жүйке жүйесінің» суретін қара. Жүйке жүйесіне нелер жататынын ата. Біз не істесек те ми мен жұлынның әміріне бағынамыз. Ми мен жұлын көруге, естуге, сөйлеуге, жазуға, ойлауға, қозғалыс жасауға, қабылдағанның бәрін есімізде сақтауға мүмкіндік береді.

Эксперт парағы:

1. Қандай дене мүшелерін білесің?

2. Дене мүшелері адамға не үшін керек?

3. Жүйке жүйесі қандай қызмет жасайды?

4. Ми мен жұлын не үшін керек?

II — топ.

Ми — бас сүйекте, ал жұлын — омыртқа түтігінде орналасады. Жіңішке жіптей жүйкелер ми мен жұлынды барлық мүшелермен жалғастырады. Олар арқылы мүшелерден ми мен жұлынға дабыл түседі және жауап ретінде қайтадан мүшелерге бұйрық жіберіледі.

Эксперт парағы:

1. Ми және жұлын қайда орналасқан?

2. Барлық мүшелермен ми мен жұлын не арқылы жалғасады?

3. Жүйкелер ми мен жұлынға не жібереді?

4. Ми мен жұлынға дабыл қалай түседі?

III — топ.

Сенің қолыңа кактус тікені қадалып еді, дереу қолыңды тартып алдың. Бұл қалай жүзеге асады ? Тікен қадалған жерден жүйкелермен ауырды деген дабыл жіберілді. Ми оны қабылдады да. Бұлшықеттерге тартыл деген әмір берді. Бұлшықеттер қозғалысқа келді де, қол тартып алынды.

Жүйкелер арқылы сезім мүшелері — көз, құлақ, тері, тіл, мұрыннан миға дабыл беріледі. Олар сенің төңірегіңде және ішіңде не болып жатқанын хабарлайды.

Эксперт парағы:

1. Қолыңа тікен кіргенін қалай сезесің?

2. Миға дабыл түскен кезде бұлшықет не істейді?

3. Жүйкелер қандай мүшелерге дабыл береді?

4. Ми дабылды қабылдап, қай мүшеге дабыл жібереді?

IV — топ.

Жүйке жүйесі тоқтаусыз жұмыс істейді. Ол ағзаның барлық бөліктерін біртұтас етіп біріктіреді және оның жұмысына басшылық жасайды.

Жүйке жүйесінің жұмысы бұзылмас үшін өз күніңді дұрыс жоспсрла. Дұрыс тамақтан, денеңді шынықтыр, уақытында ұйықта. Сонда сен өзіңді дені сау,кез келген жұмысты орындауға дайын адам сезінесің.

Эксперт парағы:

1. Жүйке жүйесі қалай жұмыс істейді?

2. Жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі неде?

3. Жүйке жүйесінің жұмысы бұзылмау үшін не істеу керек?

4. Жаттығу жұмыстарының қандай әсері бар?

III. Ой қозғау

- Яғни, «Жүйке жүйесінің қандай қызметі бар?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс.

Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті.

Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

I-топ - Тыныс алу туралы шағын эссе жазып әкеледі.

II-топ - Дәм сезу туралы шағын эссе жазып әкеледі.

III-топ - Ас қорыту туралы шағын эссе жазып әкеледі.

IV-топ - Қан айналым туралы шағын эссе жазып әкеледі.

V-топ - Жүйке жүйесі туралы шағын эссе жазып әкеледі.

VI-топ - Көру туралы шағын эссе жазып әкеледі.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности