link12600 link12601 link12602 link12603 link12604 link12605 link12606 link12607 link12608 link12609 link12610 link12611 link12612 link12613 link12614 link12615 link12616 link12617 link12618 link12619 link12620 link12621 link12622 link12623 link12624 link12625 link12626 link12627 link12628 link12629 link12630 link12631 link12632 link12633 link12634 link12635 link12636 link12637 link12638 link12639 link12640 link12641 link12642 link12643 link12644 link12645 link12646 link12647 link12648 link12649 link12650 link12651 link12652 link12653 link12654 link12655 link12656 link12657 link12658 link12659 link12660 link12661 link12662 link12663 link12664 link12665 link12666 link12667 link12668 link12669 link12670 link12671 link12672 link12673 link12674 link12675 link12676 link12677 link12678 link12679 link12680 link12681 link12682 link12683 link12684 link12685 link12686 link12687 link12688 link12689 link12690 link12691 link12692 link12693 link12694 link12695 link12696 link12697 link12698 link12699 link12700 link12701 link12702 link12703 link12704 link12705 link12706 link12707 link12708 link12709 link12710 link12711 link12712 link12713 link12714 link12715 link12716 link12717 link12718 link12719 link12720 link12721 link12722 link12723 link12724 link12725
Жакишева Светлана Викторовна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Акмолинская область город Степногорск
3 сынып Дүниетану Қан айналым жүйесі.

6-сабақ.

Cабақтың тақырыбы: Қан айналым жүйесі.

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: қан айналым жүйесі бойынша, «жүрек — адам ағзасының сорабы, станциясы, ал қан тамырлары  — ағзадағы «каналдар », жүрек пен қан тамырлары арқылы ағза қорек, оттегін алып қуаттанады» дегени түсінік алады.

Дамытушылық: қан айналым жүйесіндегі ағзалардың қызметі туралы білімдерін әрі қарай дамытады.

Тәрбиелік: қан айналым жүйесінің жұмысын жітік білуге, жүректі шынықтыруға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: сұрақ парақтары, топтың аты, слайд, суреттер, маркерлер, А-3 қағаздары.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Сабақ барысында қан айналым жүйесімен танысу ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім:

Үй тобы:

I-топ - Оттегі.

II-топ - Су.

III-топ - Қоректі заттар.

IV-топ - Тұз.

V-топ - Дәрумен.

VI-топ - Зиянды заттар.

«Топтастыру» стратегиясы.

- Балалар, «Қан айналым» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Қан айналымы

Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп — көршісімен бөліседі, одан кейін — топ, барлығы білгендерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс — топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.

Қан айналым жүйесі:

1) қан жүру

2) қан айналып жүруі

3) жүректің соғуы

Осы жерде балалар жүрек арқылы қанның айналып жүріп отыратын жолдарын атап, аттарын жазады.

II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім. Жұмыс тобы:

I-топ - Жүрек.

II-топ - Артерия.

III-топ - Күре тамыр.

IV-топ - Тамыр.

Қан айналым жүйесінің жолдарын ескере отырып: «Жүрек», «Артерия», «Күре тамыр», «Тамыр» туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім.

Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді.

Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне.

Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Қан айналым жүйесі», яғни қан айналым жүйесі туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады.

I — топ.

Қан айналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұрады. Жүрек — организмдегі аса маңызды мүшелердің бірі.

Жүрек ешқашан тоқтамай соғуы тиіс. Өйткені ол басқа мүшелерге қан жібереді, қан оларға әрқашанда керек. Егер жүрек қанды айдауын тоқтатса, басқа барлық мүшелер де қызметін тоқтатады.

Эксперт парағы:

1. Неліктен жүрек тоқтамай соғуы тиіс?

2. Жүрек тоқтап қалса не болады?

3. Жүрек қанша бөліктен тұрады?

4. Жүректен қандай қан тамырлары шығады?

II — топ.

Жүрек екі жартыдан тұрады. Бір жартысынан артерия қан тамырлары шығады. Жүрек жиырылғанда қанды артерияларға айдайды. Одан ағзаларға оттегі мен қоректік заттарға бай қан барады. Екінші жартысынан күре тамырлар шығады. Күре тамырлармен жүрекке ішкі ағзалардан көмірқышқыл газы бар қан қайтып оралады. Жүрек босаңсиды да, күре тамырдағы қан оны толтырады. Бұл қан әрі қарай өкпеге, одан соң организмнен зиянды заттарды шығаратын бүйрек және басқа ағзаларға барады.

Эксперт парағы:

1. Жүрекке ішкі ағзалардан қандай қан оралады?

2. Қан барлық ағзаларға не жеткізеді?

3. Қан организмнен нені шығарады?

4. Тамырдың соғуы деген не?

III — топ.

Қан барлық ағзаларға, ұлпалар мен жасушаларға оттегі, су, қоректік заттар, тұз, дәрумендер жеткізіледі. Қан организмнен зиянды - заттарды шығарады.

Жүректен күшпен итеріліп шығатын қан серпіні бірден қан тамырларына беріледі. Оны тамырдың соғуы дейді. Егер бір минуттағы тамыр соғысын есептесек, жүрек минутына неше рет жиырылып, босаңситынын анықтауға болады. Сенің организміңде 3 литрдей қызыл түсті ерекше сұйық зат — қан бар. Ересек адамда 5 — 6 литрдей қан болады. Егер адамнан қан кететін болса, оны тоқтату үшін жәрдем көрсету керек. Жараның айналасын тазалап, таза таңғышпен байлаймыз. Егер мұрыннан қан ақса, танауды қысып, басты шалқайту керек. Қан тыйылмаса, дәрігер шақыртқан жөн.

Эксперт парағы:

1. Бір минутта жүрек неше рет соғуы тиіс?

2. Балаларда және ересектерде неше литр қан болады?

3. Жараланып қалсаң қанды қалай тоқтатуға болады?

4. Мұрыннан қан ақса не істеуге болады?

IV — топ.

Әр адамның дені сау және жүрегі мықты болуы керек. Ол үшін ұдайы таңертеңгілік жаттығу жасап, дене шынықтырумен, спортпен айналысу қажет.

Әлсіз жүрек жұмыс істей алмайды. Сондықтан адам жиі ауыра беретін болады. Әбден сүлдері құрығанша жүгіруге және титықтағанша жұмыс істеуге болмайды. Темекі шекпеу және ішімдік ішпеу керек.

Эксперт парағы:

1. Қандай адам жиі ауырады?

2. Жүрек жақсы жұмыс істеу үшін не істеу керек?

3. Спорт және денешынықтыру не үшін керек?

4. Қандай зиянды заттарды қолдануға болмайды?

III. Ой қозғау

Яғни, «Қан айналым жүйесі қандай қызмет атқарады?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс.

Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті.

Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

I-топ - Жүрек тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді.

II-топ - Артерия тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді.

III-топ - Күре тамыр тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді.

IV-топ - Тамыр тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді.

V-топ - Жүректің атынан хат жазып келеді.

VI-топ - Жүрекке өз атынан хат жазып келеді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности