link12474 link12475 link12476 link12477 link12478 link12479 link12480 link12481 link12482 link12483 link12484 link12485 link12486 link12487 link12488 link12489 link12490 link12491 link12492 link12493 link12494 link12495 link12496 link12497 link12498 link12499 link12500 link12501 link12502 link12503 link12504 link12505 link12506 link12507 link12508 link12509 link12510 link12511 link12512 link12513 link12514 link12515 link12516 link12517 link12518 link12519 link12520 link12521 link12522 link12523 link12524 link12525 link12526 link12527 link12528 link12529 link12530 link12531 link12532 link12533 link12534 link12535 link12536 link12537 link12538 link12539 link12540 link12541 link12542 link12543 link12544 link12545 link12546 link12547 link12548 link12549 link12550 link12551 link12552 link12553 link12554 link12555 link12556 link12557 link12558 link12559 link12560 link12561 link12562 link12563 link12564 link12565 link12566 link12567 link12568 link12569 link12570 link12571 link12572 link12573 link12574 link12575 link12576 link12577 link12578 link12579 link12580 link12581 link12582 link12583 link12584 link12585 link12586 link12587 link12588 link12589 link12590 link12591 link12592 link12593 link12594 link12595 link12596 link12597 link12598 link12599
Жакишева Светлана Викторовна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Акмолинская область город Степногорск
3 сынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Бұлшықет.

4-сабақ.

Cабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелері.

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: тыныс алу мүшелері, олардың қызметі, тыныс алудың ағза үшін маңызы туралы түсінік алады.

Дамытушылық: тыныс алу мүшелері жайлы алған мағлұматтарын кеңейтеді, дамытады.

Тәрбиелік: дене мүшелері туралы жітік біліп, тыныс алу гигиенася ережелерімен танысады, оларды үнемі пайдалану қажеттігін түсінеді, ережелерді орындау тәсілдеріне жаттығады, денсаулықтарын сақтауға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: Топтардың аты, сұрақ парақтары, слайд суреттер, А-3 қағаздары, маркерлер.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Сабақ барысында тыныс алу мүшелерімен танысу ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім:

I-топ - Тыныс алу.

II-топ - Зәр шығару.

III-топ - Ас қорыту.

IV-топ - Қан айналым.

V-топ - Жүйке жүйесі.

VI-топ - Мұрын ағу.

«Топтастыру» стратегиясы

- Балалар, «Тыныс алу» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Тыныс алу

Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп — көршісімен бөліседі, одан кейін — топ, барлығы білгендерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс — топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.

Тыныс алу:

1) Ауа жұтады.

2) Тыныс алады.

3) Тыныс шығарады.

Осы жерде балалар дене мүшелерінің топтарын атап, аттарын жазады.

II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім.

I-топ - Кеңірдек.

II-топ - Көмекей.

III-топ - Мұрын қуысы.

IV-топ - Өкпе.

Тыныс алу жолдарын ескере отырып: «Кеңірдек», «Көмекей», «Мұрын қуысы», «Өкпе» туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім.

Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді.

Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне.

Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Тыныс алу мүшелері», яғни тыныс алу жолдары туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады.

I — топ.

Адам ұдайы ауамен демалады. Адам ішіне тартқан ауада оттегі көп болады. Оттегі қанға сіңеді де, бүкіл денеге тарайды. Адамның ішінен шығатын ауада қөмірқышқыл газы болады. Бұл газ организмде пайда болады да, қанмен бірге өкпеге барады. Тыныспен бірге ол сыртқа шығады.

Тыныс алған кезде өкпе ағзаны оттегімен қамтамасыз етіп, тыныс шығарған кезде көмірқышқыл газынан босатады.

Өкпе — көкірек қуысында орналасқан. Ол екі бөліктен оң жақ өкпе мен сол жақ өкпеден тұрады. Ауа өкпеге барар жолында мұрын қуысынан, көмекейден, кеңірдектен және кеңірдек тарамдарынан өтеді.

Эксперт парағы:

1. Адам несіз өмір сүре алмайды?

2. Адам тыныс алған кезде және тыныс шығарған кезде ағзада

қандай өзгерістер болады?

3. Өкпе қай жерде орналасқан және адамда қанша өкпе болады?

4. Ауа өкпеге бару үшін қандай жолдардан өтеді?

II — топ.

Тыныс алғанда өкпе кеңейеді. Өкпе көптеген көпіршіктерден тұрады. Олар ауадан оттегіні тартып алады.

Тыныс шығарған кезде өкпе жиырылады да, көмірқышқыл газымен су буынан тұратын пайдаланылған ауаны итеріп шығарады. Ол ауа кеңірдек тарамдарын, кеңірдекті, көмекейді және мұрын қуысын бойлап сыртқа шығады.

Эксперт парағы:

1. Өкпе неден тұрады?

2. Өкпенің қызметі қандай?

3. Олар ауадан нені тартып алады?

4. Өкпедегі ауа қалай сыртқа шығады?

III — топ.

Тыныс алғанда ауа мұрын қуысында жылынады, шаң — тозаңнан және микробтардан тазарады. Мұрыннан сұйық зат — шырыш бөлінеді. Шырыш зиянды микробтарды ұстап қалады да, бірте — бірте мұрыннан ағып шығады. Денің сау кезде ол өте аз шығады. Егер суық тисе, шырыш бірнеше есе көбейеді. Ол — мұрын ағу. Сондықтан әрқашан жаныңда қолорамалың болсын.

Эксперт парағы:

1. Мұрын қуысында ауа не істейді?

2. Мұрыннан не шығады?

3. Денің сау кезде мұрында қанша шырыш болады?

4. Мұрын ағу деген не?

IV — топ.

Есік пен терезені жабық, көп адам жиналған бөлменің ауасы тарылып кетеді. Яғни, ауа ластанады. Ауада оттегі азайып, көмірқышқыл газы көбейеді. Ондайда желдеткіш қосып немесе терезені ашып, бөлменің ауасын тазартады.

Тыныс алу мүшелерін күту керек. Өз бөлмеңнің ауасын жаңартып, тазартып отыр. Таза ауада қыдыр. Қатты аязда тек қана мұрныңмен тыныс ал. Суық су ішпе. Балмұздақты асықпай абайлап, аздап же. Тұмау тиген немесе тамағы ауыратын адамдардан алыс жүр.

Эксперт парағы:

1. Көп адам жиналған жерде ауа қандай болады?

2. Бөлменің ауасын не үшін тазартады?

3. Тыныс алу мүшелерін қалай күту керек?

4. Тұмаудан қалай сақтану керек?

III. Ой қозғау

Яғни, «Тыныс алу мүшелері қандай қызмет атқарады?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс.

Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті.

Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

I-топ - Кеңірдек туралы бес жолды өлең жазып келеді.

II-топ - Көмекей туралы бес жолды өлең жазып келеді.

III-топ - Мұрын қуысы туралы бес жолды өлең жазып келеді.

IV-топ - Өкпе туралы бес жолды өлең жазып келеді.

V-топ - Жүйке жүйесі туралы ЭССЕ жазып келеді.

VI-топ - Тыныс алу мүшелері туралы ЭССЕ жазып келеді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности