link7320 link7321 link7322 link7323 link7324 link7325 link7326 link7327 link7328 link7329 link7330 link7331 link7332 link7333 link7334 link7335 link7336 link7337 link7338 link7339 link7340 link7341 link7342 link7343 link7344 link7345 link7346 link7347 link7348 link7349 link7350 link7351 link7352 link7353 link7354 link7355 link7356 link7357 link7358 link7359 link7360 link7361 link7362 link7363 link7364 link7365 link7366 link7367 link7368 link7369 link7370 link7371 link7372 link7373 link7374 link7375 link7376 link7377 link7378 link7379 link7380 link7381 link7382 link7383 link7384 link7385 link7386 link7387 link7388 link7389 link7390 link7391 link7392 link7393 link7394 link7395 link7396 link7397 link7398 link7399 link7400 link7401 link7402 link7403 link7404 link7405 link7406 link7407 link7408 link7409 link7410 link7411 link7412 link7413 link7414 link7415 link7416 link7417 link7418 link7419 link7420 link7421 link7422 link7423 link7424 link7425 link7426 link7427 link7428 link7429 link7430 link7431 link7432 link7433 link7434 link7435 link7436 link7437 link7438 link7439
Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
Утренник, посвященный "70 летию Великой Победы"

«Жігіт сұлтаны»

(ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ)

Музыкалық композициясы жалаумен «Прощание славянки»

Сабақтың мақсаты: тәрбиеленушілерді отансүйгіштікке, батырлық пен батылдыққа баулу. Жеңіске 70 жыл, 7 мамыр «Ұландар» күніне орай ұл балалар арасында «Жігіт сұлтаны» сайысын ұйымдастыру. Бойындағы өнерлерін көрсетіп, жеңіске жетуге талпыну. Мәдениеттілік пен әдептілікті бойларына сіңіріп, шығармашылықтарын одан әрі дамыта түсу.

Көрнекілігі: әдемі безендірілген шарлар, плакатқа салынған суреттер мен мақал-мәтелдер.

Барысы: Қазақстан тәуелсіздік алғалы көптеген жақсы істер мен жетістіктерге қол жеткізгеніміз баршаңызға аян. Міне, бүгін де Жеңіс күні мен «Ұландар күнін» тойлағалы жатырмыз. Баршаңызды Жеңіс күнімен ал, әкелер мен ұлдарымызды 7-мамыр «Ұландар» күнімен құттықтаймыз.

Жүргізуші: Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан,

Қырандардың қасында, -

Дей келе, балабақша ұлдары арасында өткізгелі тұрған «Жігіт сұлтаны» сайысын ашық деп жариялаймыз.

1-бала: Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, қанекей қырандар!

Босқа қарап тұрмандар.

Бастап жігіт өнерін,

Алыстарға самғаңдар, -

деп сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алу.

Жүргізуші: Сайысымыздың жоспарымен таныстыру:

I. «Мен қазақтың ұлымын» таныстыру.

II. «Өнерлінің өрісі кең» өнер көрсету.

III. «Адам көркі - шүберек» сән көрсетілімі.

IV. Күш сынасу.

V. Қорытынды.

2-бала: Келді міне, бүгін сын алуға,

Сын алып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділқазы әділ баға.

Әділқазы алқасымен таныстыру.

Сайыскерлер өз номерлерін анықтау.

I

2-бала: Беташар сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Сайыскерлер таныстырып өздерін,

Білгірлерді ду қол соғып қостайық.

3-бала: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Қонақтарды құрметтеп,

Би қимылын жасайық.

Би «Теңізшілер»

4-бала: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

«Өнерлінің өрісі кең» байқауында,

Қол соғып, барша халық тамсаныпты.

«Мен қазақтың ұлымын» таныстыру

II

5-бала: Мың бұралып би билеп,

Шығамыз біз ортаға.

Бүгінгі той тамаша,

Қуанамыз балаша.

«Достық би»

6-бала: Білім оймен арымыз,

Рухани нәріміз.

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз.

«Өнерлінің өрісі кең» өнер көрсету

III

7-бала: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Ән «Солдат болам мен ертен»

«Адам көркі - шүберек» сән көрсетілімі

IY

8-бала: Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

Күш сынасу

Y

9-бала: Мың бұралып би билеп,

Ән де салып береміз.

Осылайша шаттықпен,

Біздер өсіп келеміз.

Би «Қара жорға»

Әділқазыларға сөз. Марапаттау.

Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр сөзіміз,

Жоғары боп күш-жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық сайысымыз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности