link11466 link11467 link11468 link11469 link11470 link11471 link11472 link11473 link11474 link11475 link11476 link11477 link11478 link11479 link11480 link11481 link11482 link11483 link11484 link11485 link11486 link11487 link11488 link11489 link11490 link11491 link11492 link11493 link11494 link11495 link11496 link11497 link11498 link11499 link11500 link11501 link11502 link11503 link11504 link11505 link11506 link11507 link11508 link11509 link11510 link11511 link11512 link11513 link11514 link11515 link11516 link11517 link11518 link11519 link11520 link11521 link11522 link11523 link11524 link11525 link11526 link11527 link11528 link11529 link11530 link11531 link11532 link11533 link11534 link11535 link11536 link11537 link11538 link11539 link11540 link11541 link11542 link11543 link11544 link11545 link11546 link11547 link11548 link11549 link11550 link11551 link11552 link11553 link11554 link11555 link11556 link11557 link11558 link11559 link11560 link11561 link11562 link11563 link11564 link11565 link11566 link11567 link11568 link11569 link11570 link11571 link11572 link11573 link11574 link11575 link11576 link11577 link11578 link11579 link11580 link11581 link11582 link11583 link11584 link11585 link11586 link11587 link11588 link11589 link11590 link11591
Аймаганбетова Индира Амангелдиевна
Должность:Бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы
"Анам және мен" тәрбие сағаты

Күні: 27.09. 2014 жыл

Тақырыбы: Анам және мен

Мақсаты: 1) Білімділігі:Оқушыларды ата- ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, достық қарым — қатынасты қалыптастыру, бір — біріне деген сүйіспеншілігін нығайту.

2) Дамытушылығы: оқушылардың дүниетаным шеберін кеңейту, логикалық ойлауын қалыптастыру, ізденіс, зерттеушілік қабілеттерін шыңдау.

3) Тәрбиелігі: Оқушыларға ата — аналарын сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шарлар, гүлдер, суреттер, нақыл сөздер, мақал — мәтелдер, т.б.

Әдісі: сайыс- сабақ

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, ата- аналар және оқушылар. Бүгінгі «Анам және мен» тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

Ана- бала, бала - ана бір ұғым,

Бір — бірінсіз жоқ олардын бақыты.

Омыртқаның үзбеу үшін жұлының,

Екеуінің өтсін бірге уақыты.

Ана — бала көздің ақ пен қарасы,

Бір — бірінсіз таусылмайтын шарасы.

Әр ананы арманыма жеткізер,

Әр баланың ақылы, ары, санасы,- дегендей, бүгінгі сайысымызға оқушыларымыз аналарымен келіпті.

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де,

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,

Гүл — гүл жайнап мына біздің төрімізге.

- Ендеше, отбасыларымызды ортаға шақырайық.

1 — жұп:

Қуантады білімімен нұрила қыз,

Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.

Сайыйқа анасымен келіп отыр,

Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

2- жұп:

Қол соғып қарсы алыңдар шығады енді,

Оларға де берейік бүгін төрді.

Жеңімпаз болармын деп келіп тұрған,

Анасы мен Ерасылға кезек келді.

3- жұп:

Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәрі де арманына қолын созар.

Анасы мен келіп тұр Ақниет қыз,

Бұйырса бақыт құсы соған қонар.

4- жұп:

Көңіл бөлші, қазір шығар ортаға,

Қош келдіңіз сіз де біздін ортаға.

Анасымен келіп тұрған сайысқа,

Қарсы алайық кезек келді Мақсатқа.

5- жұп:

Мінезі жарқын күн дер ем,

Мен дегенді білмеген,

Білімге құмар талпынған

Жайраңдаған жарқын жан

Азамат деген есімді

Жігіт екен төзімді!

Сайыс жүру барысы:

1) Таныстыру

2) Өз өнері

3) Сұрақ — жауап

4) Ас мәзірі

5) Мақал сөздің мәйегі

6) Сән үлгісі.

Ақ көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалықпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділ қазы алқасын,

Сайлап алсақ жөн болар.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Омаров , бастауыш сынып бірлестігі мұғалімі А.Есенова, бастауыш сынып мұғалімі Э.Сейітова

I бөлім:

Сәлемдесу- игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда,

Жолданад сайыскерлер сәлемі.

Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.

II бөлім:

Мерекеде ұландар,

Аянбайды қараңдар.

Өнерлерін көрсетсін,

Ән, би, өлең арнаған,- дей келе ұл- қыздарымыздың өнерлерін қол соғып тамашалайық

III бөлім:

Қайсысы білгір, білімді,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық.

«Сұрақ - жауапқа» кезек берелік.

1. Еліміздің мемлекеттік рәміздерін ата.

2. Елбасымыз кім?

3. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?

4. Үш биді ата

5. 9 мамыр қандай мереке?

6. ҚР- ның тұңғыш ғарышкері?

IY бөлім: «Ас мәзірі» отбасының мерекелерде дайындайтын сүйікті асын сіздерге тарту етеді.

Өлең:

Y бөлім:

Мақал — мәтел- сөз мәйегі,

Әр сандарда асыл сөздің тірегі.

Қарапайым қазақ тілі- өз тілім,

Өз тілімде бұлқынады жүрегім.

1. Ырыс алды - ...... (ынтымақ)

2. Ақыл –дос, ашу- ...... (дұшпан)

3. Сумен ойнама, батарсың,

Отпен ойнама, ......... (күйерсің)

4. Ақыл- тозбайтын тон,

Білім — таусылмайтын ......... (кен)

5. Өнер алды- ......... (қызыл тіл)

YI бөлім:

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата- баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айталық төрелігін соңынан.

Мұғалім сөзі:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күресжеткізе ме мұратың.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын

Кезекті әділ қазылар алқасына береміз. (Марапаттау)

Қорытынды:

Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз, неге дейміз.

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа еге дейміз.

Қош дейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып , бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности