link9072 link9073 link9074 link9075 link9076 link9077 link9078 link9079 link9080 link9081 link9082 link9083 link9084 link9085 link9086 link9087 link9088 link9089 link9090 link9091 link9092 link9093 link9094 link9095 link9096 link9097 link9098 link9099 link9100 link9101 link9102 link9103 link9104 link9105 link9106 link9107 link9108 link9109 link9110 link9111 link9112 link9113 link9114 link9115 link9116 link9117 link9118 link9119 link9120 link9121 link9122 link9123 link9124 link9125 link9126 link9127 link9128 link9129 link9130 link9131 link9132 link9133 link9134 link9135 link9136 link9137 link9138 link9139 link9140 link9141 link9142 link9143 link9144 link9145 link9146 link9147 link9148 link9149 link9150 link9151 link9152 link9153 link9154 link9155 link9156 link9157 link9158 link9159 link9160 link9161 link9162 link9163 link9164 link9165 link9166 link9167 link9168 link9169 link9170 link9171 link9172 link9173 link9174 link9175 link9176 link9177 link9178 link9179 link9180 link9181 link9182 link9183 link9184 link9185 link9186 link9187 link9188 link9189 link9190 link9191 link9192 link9193 link9194 link9195 link9196 link9197
Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
«Болашақ ұланмын» ертеңгілігі

«Болашақ ұланмын» ертеңгілігі

(Даярлық топ)

Сабақтың мақсаты: тәрбиеленушілерді отансүйгіштікке, батырлық пен батылдыққа баулу. Жеңіске 70 жыл, 7 мамыр «Ұландар» күніне орай ұл балалар арасында «Болашақ ұланмын» сайысын ұйымдастыру. Бойындағы өнерлерін көрсетіп, жеңіске жетуге талпыну. Мәдениеттілік пен әдептілікті бойларына сіңіріп, шығармашылықтарын одан әрі дамыта түсу.

Көрнекілігі: әдемі безендірілген шарлар, плакатқа салынған суреттер мен мақал-мәтелдер.

(Музыкалық композициясы жалаумен «Прощание славянки»)

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, қөнақтар, балалар! Женіс күні құтты болсын! Бүгін осындай ұлы күнді тойлауға жиналып отырмыз. 9-мамыр біздің елімізде Женіс күні аталады. Себебі дәл осы күні біздің еліміз Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтады. Фашистық Германияны тас-талқан етіп жеңіп, біздің аталарымыз осы күні бізге ұлы Жеңіс күнін тойлатқаны — естен кетпес оқиға. Еске алайық Соғыстан қайтпаған сарбаздарымызды. Бәріміз орыннан тұрайық, бір минутке ұнсіздіқ жариялаймыз. (Минута молчания)

1-бала: Дүниежүзілік соғысты

Бейбітшілік жеңген күн.

Ондай сөгыс жер үсті

Болмасына енді сенген күн.

2-бала: Болдырмауға соғысты

Тойлаймыз біз жеңісті.

Қалалар келіп қалпына

Құлпыра түсті жер үсті.

3-бала: Бұл соғыстан қазақтар

Ерекше ер боп келген күн.

Тарихқа талай ғажаптар

Аңыз болып енген күн.

4-бала: Фашистің күнін батырған

Сұрапыл соғыс біткен күн.

Рейхстагқа Рахымжан

Жеңістің туын тіккен күн.

5-бала: Мәлік, Қасым; Бауыржан

Жеңіспен елге қайтқан күн.

Айрылған әке, бауырдан

Туысқа көңіл айтқан күн.

Ән «Жеңіс күні тойлаймыз»

Жүргізуші: Міне, бүгін де Жеңіс күні мен «Ұландар күнін» тойлағалы жатырмыз. Баршаңызды Жеңіс күнімен ал, әкелер мен ұлдарымызды 7-мамыр «Ұландар» күнімен құттықтаймыз.

Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан,

Қырандардың қасында, -

Дей келе, балабақша ұлдары арасында өткізгелі тұрған «Болашақ ұланмын» сайысын ашық деп жариялаймыз.

1-бала: Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, қанекей қырандар!

Босқа қарап тұрмандар.

Бастап жігіт өнерін,

Алыстарға самғаңдар, -

деп сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алу.

(Сайыскерлер әнмен «День победы» кіреді)

Жүргізуші: Сайысымыздың жоспарымен таныстыру:

I. «Мен Болашақ ұланмын» таныстыру;

II. «Мен күштімін, мен батылмын» (ползание по-пластунски,

«Сбей гранаты» -кегли);

III. «Ерлік туралы мақал-мәтелдер»;

IV. Күш сынасу (отжимание, аймреслинг);

V. Қорытынды.

2-бала: Келді міне, бүгін сын алуға,

Сын алып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділқазы әділ баға.

Әділқазы алқасымен таныстыру.

(Сайыскерлер орындарға отырады)

I

2-бала: Беташар сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Сайыскерлер таныстырып өздерін,

Білгірлерді ду қол соғып қостайық.

3-бала: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Ұландарды құрметтеп,

Бийге шақырайық.

Би «Катюша»

4-бала: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

«Өнерлінің өрісі кең» байқауында,

Қол соғып, барша халық тамсаныпты.

«Мен Болашақ ұланмын» таныстыру

II

5-бала: Мың бұралып би билеп,

Шығамыз біз ортаға.

Бүгінгі той тамаша,

Қуанамыз балаша.

«Достық би»

6-бала: Білім оймен арымыз,

Рухани нәріміз.

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз.

«Мен күштімін, мен батылмын» (ползание по-пластунски,

«Сбей гранаты» -кегли) өнер көрсету

III

7-бала: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Ән «Солдат болам мен ертен»

«Ерлік туралы мақал-мәтелдер»

IY

8-бала: Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

Күш сынасу

Y

9-бала: Мың бұралып би билеп,

Ән де салып береміз.

Осылайша шаттықпен,

Біздер өсіп келеміз.

Ән «Егеменді ел — Қазақстан»

Әділқазыларға сөз. Марапаттау.

Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр сөзіміз,

Жоғары боп күш-жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық сайысымыз.

1-бала: Жеңіс атты аталар,

Бұл қалада көп бар,

Тілін алып балалар,

Аталарды сыйлаңдар!

2-бала: Олар сонау ерлердің,

Алып берген Жеңісі,

Біз солардың бөбегі,

Біз солардың жемісі.

3-бала: Ардақты батыр ағалар,

Сүйікті біздің әкелер,

Біз де өсіп-толамыз,

Өздеріңдей боламыз.

Ата жолын қуамыз,

Айтқан сертте тұрамыз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности