link8928 link8929 link8930 link8931 link8932 link8933 link8934 link8935 link8936 link8937 link8938 link8939 link8940 link8941 link8942 link8943 link8944 link8945 link8946 link8947 link8948 link8949 link8950 link8951 link8952 link8953 link8954 link8955 link8956 link8957 link8958 link8959 link8960 link8961 link8962 link8963 link8964 link8965 link8966 link8967 link8968 link8969 link8970 link8971 link8972 link8973 link8974 link8975 link8976 link8977 link8978 link8979 link8980 link8981 link8982 link8983 link8984 link8985 link8986 link8987 link8988 link8989 link8990 link8991 link8992 link8993 link8994 link8995 link8996 link8997 link8998 link8999 link9000 link9001 link9002 link9003 link9004 link9005 link9006 link9007 link9008 link9009 link9010 link9011 link9012 link9013 link9014 link9015 link9016 link9017 link9018 link9019 link9020 link9021 link9022 link9023 link9024 link9025 link9026 link9027 link9028 link9029 link9030 link9031 link9032 link9033 link9034 link9035 link9036 link9037 link9038 link9039 link9040 link9041 link9042 link9043 link9044 link9045 link9046 link9047 link9048 link9049 link9050 link9051 link9052 link9053 link9054 link9055 link9056 link9057 link9058 link9059 link9060 link9061 link9062 link9063 link9064 link9065 link9066 link9067 link9068 link9069 link9070 link9071
Сатыбалдина Асемгуль Канатовна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:СКО, Есильский район, с. Петровка
План и презентация урока по казахской литературе на тему " О' Генри Соңғы жапырақ"

«Петровка орта мектебі» КММ

Ашық сабақ

7а сынып

Тақырыбы: ОГенри «Соңғы жапырақ»

Өткізген: Сатыбалдина Ә.Қ.

2013-2014 оқу жылы

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Сатыбалдина Әсемгүл Қанатқызы

7а сыныбы

СҚО облысы

Есіл ауданы.

Петровкаауылы

«Петровка орта мектебі» КММ

ІІІ Апта

22.05.2014

2- Сабақ.

Сабақтың атауы

Тақырыбы: О,Генри.«Соңғы жапырақ».

Сілтеме

Ғаламтор материалдары

Слайдтар.

Сабақ жоспары

«Күрең күз» әні

Жалпы мақсаты

О,Генри кім? Қысқаша өмірі.Әңгіменің мазмұнын меңгерту.Идеясын білу.

Кейіпкер бейнесін ашу.

оқушы нені білу қажет? алған білімі оның дамуына қандай пайда береді? өмірде, адамдармен қарым — қатынаста қолдана ала ма

Міндеттер:

1.Оқушының әлем әдебиеті шығармаларына қызығушылығын арттыру.

2.Автор өмірі,шығармашылығы туралы оқушыға жаңа

мағлұмат беру.

3.Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни

тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабақ бойынша белгілі бір ой тұжырым жасау.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушының ой-өрісін,танымдық

қабілетін арттыруға ықпал жасау.

3.Проблемалық сұрақтар тудыру.

Күтілетін нәтиже

1. Әңгіменің мазмұнын ұғындыру арқылы оқушы бойында сенімділік қасиетін

қалыптастыру

2.Оқушының еркін сөйлеу,ұжымдасып жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

3.Қайырымдылық,мейірімділік сезімдерін арттыру.

Тапсырмалар

Әдебиет

Энциклопедия

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу

Тренинг: Сыныпты топқа бөлу

Үй тапсырмасына шолу жасау

Тіл туралы мақал-мәтелдерді жиыстыру

О.Генридің «Соңғы жапырақ» әңг.оқу

Жаңа сабақ.

О.Генри туралы не білеміз? (слайдқа қарау)

«Түсін мені» ойыны

Мәтіннің мазмұның ашатын 10 сөз жазу

Әр топ әңгіме желісі бойынша бір-бірлеріне 2 жеңіл, 2 ауыр сұрақ даярлайды

Жеңіл — Қашан? Кім? Қайдан? Не? Ауыр — Неліктен? Не себепті?

( «Күрең күз» әнін жіберу)«Суреттерді сөйлет» әңгіме желісі бойынша жасалған суреттер топтамасы

Мағына ашу : Новелла — шағын көлемді прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Новеллаға тән белгілер: сюжет қысқалығы, ұзақ сүреттеудің болмауы, тосын шешім. Новелла оқиғасы автор өмір сүріп отырған кезеңді бейнелейді. Батыс әдебиетінде Дж.Боккаччо, Дж.Чосер, М.Наварская, М.Сервантес, П.Мериме, Г.Мопассан, Э.Хемингуэй, А.Моравие, ал орыс әдебиетіндеН.В. Гоголь, А.П. Чехов Новелланың озық үлгілерін қалдырды. Қазақ әдебиетінде Новелла жазу дәстүрі С.Ерубаевтан басталды, Ғ.Мүсіреповтыңана туралы Новелалары үздік үлгі саналды.

Сергіту сәті.

«Три пингвина»

Сұрақтар . «Блум таксономиясы» бойынша

«Автор орындығы»

Білім. Әңгіме неліктен «Соңғы жапырақ» деп аталған?

Түсінік. Соңғы жапырақ неліктен құлап түспей қалды?

Қолдану. Джонсидің айығуына кім себепкер болды?

Анализ. Берман қарттың бір түннің ішінде қаза болуының себебі неде деп ойлайсыңдар?

Синтез. Қарттың арманы не еді? Ол жете алды ма?

Сыни баға. Әңгімені «Автор ізімен» стратегиясы бойынша жалғастыру,аяқтау.

Оқушыларға проблемалық сұрақ тудыру.

Берман қарт қандай адам деп ойлайсыңдар?

Қалай ойлайсыңдар,сенім не үшін қажет адамға?

Егер өздерің ауыра қалған жағдайда не істер едіңдер?

Жалпы адам баласында басына қиын жағдай туғанда қандай қасиеттер болу керек?

Ағашқа тілек жапырақшаларын жапсыру

Рефлексия : Екі жұлдыз, бір тілек (сабақта не ұнады, не ұнамады? Қандай әсер алдың? ұсыныс)

Бағалау

Үйге тапсырма. «Мен өмірді сүйемін» тақырыбына шығарма жазу

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағын жинап алу

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности