link13860 link13861 link13862 link13863 link13864 link13865 link13866 link13867 link13868 link13869 link13870 link13871 link13872 link13873 link13874 link13875 link13876 link13877 link13878 link13879 link13880 link13881 link13882 link13883 link13884 link13885 link13886 link13887 link13888 link13889 link13890 link13891 link13892 link13893 link13894 link13895 link13896 link13897 link13898 link13899 link13900 link13901 link13902 link13903 link13904 link13905 link13906 link13907 link13908 link13909 link13910 link13911 link13912 link13913 link13914 link13915 link13916 link13917 link13918 link13919 link13920 link13921 link13922 link13923 link13924 link13925 link13926 link13927 link13928 link13929 link13930 link13931 link13932 link13933 link13934 link13935 link13936 link13937 link13938 link13939 link13940 link13941 link13942 link13943 link13944 link13945 link13946 link13947 link13948 link13949 link13950 link13951 link13952 link13953 link13954 link13955 link13956 link13957 link13958 link13959 link13960 link13961 link13962 link13963 link13964 link13965 link13966 link13967 link13968 link13969 link13970 link13971 link13972 link13973 link13974 link13975 link13976 link13977 link13978 link13979 link13980 link13981 link13982 link13983 link13984 link13985
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
5 санын қосу және азайту

Зинуллина Асел Абилсейтовна, учитель начальных классов,

Средняя школа имени М. Ауэзова, Атырауская область Курмангазинский район,

село Ганюшкино, Казахстан

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 5 санын қоып және азайту ережесімен таныстыру.
Білімділік: 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен таныстыру. Ұлы Отан соғысы жайында мағлұматтар бере отырып, білімін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденуін, ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой - өрісін ойлау қабілеттерін дамыту. Математикаға қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, еңбекшілдікке, ұқыптылыққа, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге, Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, фронтальды сұрақ
Сабақтың көрнекілігі: мультимедия, кеспе қағаздары, Ұлы Жеңіс күніне арналған суреттер.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

Пазлдар арқылы топқа бөлу. Пазлдарды оқушылар өз еріктерімен таңдап, суретті құрастырады. (5 түрлі қару жарақтың суреті шығуы тиіс.) осы сурет бойынша оқушылар топқа бөлінеді.
Психологиялық дайындық.

Балалар, біздің құрастырған пазлдарымыздан нені байқап отырсындар. Бұл нелердің бейнесі , әрине бұл соғыста қолданылған қару — жарақ түрлері. Ал биыл осы Ұлы Отан соғысының неше жылдық мерекесін тойлағалы отырмыз. (Балалардың жауабы)

- Әрине әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні. Олай болса бүгінгі математика сабағымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналады. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған. Ендеше, бүгінгі сабағымызды

«Ер есімі — ел есінде»деген ұранмен бастағым келіп отыр.
Өткен сабақты еске түсіре отырып, жаңа сабаққа дайындық жасау.
- Олай болса балалар жаңа құрастырған пазлдарыңның артқы жағында бір — бір тапсырмадан берілген. Сол тапасырмаларды орындап, бірінші болған топтар өз жауаптарын бері тиіс. Белсенділік пен шапшаңдық танытқан топтарды мен мынадай медальдармен марапаттап отырамын. Бұндай медальдар соғыс кезінде «Ерлігі үшін» берілсе, бүгінгі сабақта мен бұл медальдарды «Жақсы білімі үшін» беретін боламын.

«Бес сауал» стратегиясын кеспе қағаздарының көмегімен орындайды.

1)9-8+6 10-1 9-3

2)10-4+1 7+2 6+4

3) 2+4+3 4+4 6-3

4) 4+3-2 5-4 8-5

5) 7-4+6 8+2-1 7+1

Жаңа сабақ

- Оқушылар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын мына Жұлдызшамызға назар аударайық. Бұл қызыл жұлдызды соғыс кезінде әскер қатарында болған, соғысқа қатысқан, соғыс кезінде тылда қызмет еткен адамдар таққан екен. «Қызыл жұлдыз» ол — қарапайым еңбек адамдарын қорғаушы Қызыл Әскердің белгісі болған. Оның ортасындағы балға мен орақтың суреті қарапайым ауылдың шаруа адамымен , қаладағы еңбек қолының өз Отанын, жерін, еркі мен бостандығын сақтап қалуда қасық қанын аямай қорғауы үшін одақтасуы дегенді білдіреді.

- Балалар біздер мына жұлдызшаны көріп отырмыз . Жұлдыздың неше бұрышы бар? Олай болса осы санының таңбасын әдемі көркем етіп жазайық. Себебі бүгінгі сабағымыздағы тапсырмалардан мүддірмей өту үшін осы бес санының таңбасын жиі қолданатын боламыз.

Көркем жазу минуты

Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз 5 (дәптерге орындау).

- Жазып болсақ, Жұлдызшамыздың айналасындағы фигуралар жай фигуралар емес, әрбір фигурада бес- бестен он тапсырма бар. Осы тапсырмаларды қатесіз орындасақ шеңбер пішіндес фигураның артында «Ұлы тұлғалардың » портреттерін көреміз. Олардың кім екенін білгілерің келсе бірінші тапсырмадан бастап орындайық.

1) 1+5=6

2) 2+5=7

3) 3+5=8

4) 4+5=9

5) 5+5=10

1) 10-5=5

2) 9-5=4

3) 8-5=3

4) 7-5=2

5) 6-5=1

1 тұлға.Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.

2 тұлға. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

3 тұлға. Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

4 тұлға.1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты).

5 тұлға. Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен.

Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз… Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

- Жарайсындар балалар! Елі үшін жанын аямай, қасық қаны тамғанша Отанын қорғаған аға- апаларымыз туралы көптеген мағлұматтарды біле отырып 5 санын қосып және азайтып үйрендік.

Сергіту сәті:

- Олай болса сол ызғарлы да суық соғыс заманында сарбаздардың рухын көтеріп, жандарына жылулық сыйлаған әндер көп болды. Сонын бірі «Бейбіт күн тілегі» әнін бәріміз бірге орындайық.

Оқулықпен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар.

1 деңгей 3есеп 126 бет . 0,,,,5,,,,10

2 деңгей 5 есеп 126 бет

Айда 9 оюдың суретін салды. Олардың 5 бояды. Ол тағы неше оюды бояуы керек.

Шарты:

Оюдың суреті 9

Боялды 5

Сұрағы: неше ою бояу керек?

Шешуі: 9-5=4

Жауабы: 4 ою бояуы керек

3 деңгей Жасыл және көк кесінділердің ұзындықтарының айырмасын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр

Сабақты бекіту BLOB -3 стратегиясы

3 баспалдақ. 4+5 9-5

2 баспалдақ. 3+5 8-5

1 баспалдақ. 2+5 7-5
Асқар Талғат және Дәулет бір сыныпта оқиды. Олардың біріншісінің әкесі — дәрігер, екіншісінікі — мүғалім, үшіншісінікі- ұшқыш. Асқардың әкесі ұшқыш емес Талғаттың әкесі мұғалім де дәрігерде емес. Дәулеттің әкесі дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызмет істейді?

Үйге тапсырма:

5 саны туралы не білеміз? Шығармашылық тапсырма

Қорытынды:

Оқушылар 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен танысты.Оқушылардың ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыланды. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой - өрісін ойлау қабілеттері пәнге деген қызығушылығы артты.Ауызша, жазбаша есептеу дағдылары жетілдіру жұмыстары жүргізілді.


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности