link11480 link11481 link11482 link11483 link11484 link11485 link11486 link11487 link11488 link11489 link11490 link11491 link11492 link11493 link11494 link11495 link11496 link11497 link11498 link11499 link11500 link11501 link11502 link11503 link11504 link11505 link11506 link11507 link11508 link11509 link11510 link11511 link11512 link11513 link11514 link11515 link11516 link11517 link11518 link11519 link11520 link11521 link11522 link11523 link11524 link11525 link11526 link11527 link11528 link11529 link11530 link11531 link11532 link11533 link11534 link11535 link11536 link11537 link11538 link11539 link11540 link11541 link11542 link11543 link11544 link11545 link11546 link11547 link11548 link11549 link11550 link11551 link11552 link11553 link11554 link11555 link11556 link11557 link11558 link11559 link11560 link11561 link11562 link11563 link11564 link11565 link11566 link11567 link11568 link11569 link11570 link11571 link11572 link11573 link11574 link11575 link11576 link11577 link11578 link11579 link11580 link11581 link11582 link11583 link11584 link11585 link11586 link11587 link11588 link11589 link11590 link11591 link11592 link11593 link11594 link11595 link11596 link11597 link11598 link11599 link11600 link11601 link11602 link11603 link11604 link11605 link11606 link11607 link11608 link11609 link11610 link11611 link11612 link11613 link11614 link11615 link11616 link11617 link11618 link11619
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Ел есімі-ер есінде

Тезекбаева Меруерт Калымбековна,

учитель истории сш №17

п. Боралдай Алматинской области, Казахстан

Сабақтың тақырыбы: «Ел есімі-ер есінде»

Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы оқушыларға түсінік беру. Сөздік қорын молайтып,нақты деректерге сүйене отырып,ой-өрісін дамыту.Герман фашизмінің әділетсіз,қатігез болғандығын айту. Отандастарымыздың жанқиярлық ерлігін шынайы әңгімелеу.Өз отанын және Отанды қорғаған ерлерді құрметтеуге патриоттық сезімін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: батырлардың суреттері, әдеби кітаптар,ТСО,слайдтар.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі,безендіру ,портреттерді ілу.

Гимн.
Кіріспе:
1 жүргізуші Бақберген:
Сәлеметсіздер ме құрметті ұзтаздар,оқушылар. Бүгінгі «Ер есімі-ел есінде» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Халықтың қалыпты өмірін,тіршілігін күрт өзгерткен қатерлі де қаһарлы,қатал да, ауыр кезең туды. Фашистік Германияның негізгі мақсаты Кеңес одағын жаулап алу еді.Осы мақсатын орындау үшін «Барбаросса» жоспарын жасады. Оны Германияның басшысы 18 желтоқсанда 1940 жылы Гитлер бекітті.
2 жүргізуші Зейнеп :
1941 жылы маусымның 22 күні, күн сәйкесі түскенде кенет радио көңілді музыканы кілт үзіп, неміс фашист жендеттерінің соғыс жарияламастан елімізді басып кіргені жөнінде қаралы хабар таратты.Сөйтіп, Ұлы Отан соғысы басталды.Ел тыныштығын бұзған бұл өрескел жағдай рухани сананы билеп алды.
Ашу мен ыза кернеген Отандастарымыз жауға тойтарыс беріп оларды жер бетінен аластатуға бел байлады. Міне осылай, Ұлы Отан соғысы басталды.

1 жүргізуші Бақберген: Осы соғыста бүкіл жер шарының 50млн-нан астам адамы құрбан болса,біздің
еліміздің 20млн-ға жуық азаматы өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өмірлерін құрбан етті.Ендеше сол батырларымыздың рухына тағзым етіп 1 минуттық үнсіздікпен еске алайық!
Ұлы Отан соғысындағы ерекше ерлігі үшін Қазақстанның 369 жауынгеріне «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Келесі кезекті « Катюша»әніне береміз.

2 жүргізуші Зейнеп:
Ұлы Отан соғысындағы ерекше ерлігі үшін Қазақстанның 369 жауынгеріне «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Тағы басқа 91 әйелге «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Олардың ішінде қазақстандық қос жұлдыз Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова ның өмірі туралы не білеміз?
Баяндайтын Сәкенқызы Сағынай мен Қуанышбаева Асель

Эльдар
Жаралғандай жалыннан,
Жайсаң батыр-Бауыржан.
Естігенде есімін
Жау есінен жаңылған.
Бұзып-жарып қоршауды
Жолсыз жерден жол салған.
Асель
Оқ борады күн-түні,
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды
Батыр қазақ Тоқтаров.
Туын жықпай қолдағы
Опат болды ел үшін
Кеудесімен қорғады
Ұлы Отан жеңісін.
Аяжан:
Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт.
Ол Жеңісті көрген жоқ,
Келді кейін азат күн.
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың.

2 жүргізуші Зейнеп: Көзінің тірісінде — ақ аты аңызға айналған ұлы тұлға — Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Айдана


2 жүргізуші Зейнеп: би «Смуглянка»


Мәди: Мәңгілік алау.
Отан үшін мерт болғанды танып біл,
Оларды әсте ұмытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқандай өшпейді,
Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр!
Олар-сенің таңғы шапақ нұрың ғой,
Олар-сенің мәңгі асқақ жырың ғой!
Мәңгі алауға жиі барып әрдайым,
Бас киімді қолыңа алып,гүлің қой!
Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!
Отанының бақыты үшін мерт болған,
Батырларды есіңе ұста құрметте!


1 жүргізуші Бақберген ән: « Көк тудың желбірегені»

Батырхан :
Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырын,
Ұмытпайды ел мәңгілік!


Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)
Немересі: Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)
Әжесі: Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.
(қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).
Немересі:
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі:
— (әкесі қолындағы бір жасар қызын ұлына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби қарындасың,
Барлығы саған аманат.
Әжесі:
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін:
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенк киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)


1 жүргізуші Бақберген : Келесі кезекте «Қазақ» биін қарсы алыңыздар..

2 жүргізуші Зейнеп :
«Жеңіс»деген –жақсылықтың сыңары,
Жігерменен, құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
2 жүргізуші:
Жеңіс күні! Бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кетер ме? Бірақ бұл оңайлықпен келген жоқ емес пе?
1 жүргізуші:
Ия,ешкім де,ешқашан да ұмытылмақ емес!
2 жүргізуші:
Соғыс-қиратушы күш, барды жоқ ететін, жұпты тұл ететін қасірет! Ұлы Отан соғысында 70млн адам құрбан болса,оның 20млн Кеңес Одағынан, ал оның 350мың-нан астамы қазақ еді.Келесі кезекте Парахатова Аиданың орындауында күй «Көңіл толқыны».Қабыл алыңызда!

тақпақ Аяулым :
Байқап тұрсаң сол жылдар келісті кім?
Қазанынан қайғының ел ішті мұң.
Жарылған бомбалардың әсерінен,
Сорпасы қайнап жатты жер үстінің.
Батыс жақтан бір қауіп төніп келді,
Тарылтам деп Кеңестің кеңістігін.
Ақырында бабалар Берлинді алып,
Біржолата құлатты неміс туын.
Есепсіз ерліктердің арқасында,
Тойлап жүрміз біз бүгін ЖЕҢІС КҮНІН.

2 жүргізуші Зейнеп :Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.
1945 жылдың 9 май күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
1 жүргізуші Бақберген ән: «Атамекен»

2 жүргізуші Зейнеп:

Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным — қазақ елім.

Бүгінгі «Ел есімі-ер ел есінде» атты тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности