link882 link883 link884 link885 link886 link887 link888 link889 link890 link891 link892 link893 link894 link895 link896 link897 link898 link899 link900 link901 link902 link903 link904 link905 link906 link907 link908 link909 link910 link911 link912 link913 link914 link915 link916 link917 link918 link919 link920 link921 link922 link923 link924 link925 link926 link927 link928 link929 link930 link931 link932 link933 link934 link935 link936 link937 link938 link939 link940 link941 link942 link943 link944 link945 link946 link947 link948 link949 link950 link951 link952 link953 link954 link955 link956 link957 link958 link959 link960 link961 link962 link963 link964 link965 link966 link967 link968 link969 link970 link971 link972 link973 link974 link975 link976 link977 link978 link979 link980 link981 link982 link983 link984 link985 link986 link987 link988 link989 link990 link991 link992 link993 link994 link995 link996 link997 link998 link999 link1000 link1001 link1002 link1003 link1004 link1005 link1006 link1007
Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
Сауат ашу қорытынды сабағының конспектісі. Дайындық тобы

Сауат ашу қорытынды сабағының конспектісі.

Дайындық тобы

Тақырыбы: «Білім еліне саяхат».

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерінің сапасына көз жеткізу. Ана тіліндегі өткен дыбыстарды қайталау. Сөзді буынға бөліп және тұтас оқуға жаттықтыру. Сауат ашуда сөздік қорды байыту, түрлі суретте және сөздік ойындар арқылы балалардың байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, суреттер, текшелер, ребус схемасы, атрибуттар, панно.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезені:

1. Сәлемдесу

2. Қазақ әліппесінде неше әріп бар? (42)

- Кім шығарды ең бірінші әліппені? (Ы. Алтынсарин)

- Ол кісі туралы не білесіндер? (жазушы, ұстаз, оқытушы).

3. Д/ойын: «Дауысты, дауыссыз»

Негізгі бөлім:

Пошташы келеді, хат әкеледі. Шақыру хаты «Әріптер әлеміне» (жерде «тамшылар» қағаздан жасалған жатады, сол іздермен «әріптер әлеміне» барады). Кіргелерін келсе, кілттің сырын табындар. Кілт қандай әріпке ұқсайды? Таптық О, Ш, Е. Ендеше кірейік.

Панно тақтада әр түрлі әріптер жазылған.

Шырша тұр: «машина», «маймыл», «сағат» суреттер ілулі тұр.

- Бұлар не? Өсе ме? Жоқ. Бұл сиқырлы ағаш.

Бүынғабөлу, екпін түсіру. Дыбыстық талдау жасау.

Д/ойын «Өзгеше буынды тап».

Біздің саяхатымыз әрі қарай жалғасады.

Жүре — жүре «Сауаттылық» еліне келіп жеттік.

Сұрақ белгісі, нүкте, леп белгілері ? . ! тұрады ілуілі: тапсырмалармен конверт жатады

1. «Ата, көктем, оқушы» деген сөздермен үш түрлі сөйлем құрандар.

2. Ребустар шешу: АҒАШ, БІРЛІК, БОРСЫҚ, АЙДОС, ТАУЫК

3. Суреттер арқылы «мектеп», «жаз», «бала» сөздерді жазғызу.

Сөйлемдердің схемаларын жасау тақтаға және әр баланың алдында бір парақ қағаздан жатыр.

- Балалар, біз бағанадан бері жол жүріп шаршағын болармыз. Біраз бой жазып алайық.

Сергіту сәті.

4. Саяхатты ары қарай жалғастырайық. Жолда сандық кез болады. Оның ішінде ойыншық «қозы». Жүмбақ жасырамын: «Кішкене ғана қошақан, өзі сондай момақан» (қозы).

- Қозы ненің төлі?

- Осы кішкене қозы туралы кім әңгімелеп айтып береді? (балалар әңгіме айтады)

Жаңбырдың тырсылдаған дауысы естіледі.

- Бұл не дыбыс? Жауынды бізге не әкеледі? Ғажайып бұлттардағы буындарды оқиық. Д/ойын: «Сөзді өзгертіп оқы».

- Өте жақсы балалар.

- Қарандар, балалар, қандай ғажайып ағаш.

- Қалталарда қағаз қыстырылып тұр, оқиықшы «Антоним сөздерді тап» депті.

- Діңінде қандай сөз жазылған екен?

- Жапырақтарында ше? Оқып, табамыз: жылы — суық, дымқыл — құрғақ, ақ — қара, күн — түн.

- Өте жақсы балалар. Біздің қайтар уақытымыз таяп қалған сияқты.

- Ал енді қайтайық. Қайтар жолда «5» деген атрибут таққан «бестік» кезігеді.

- Өте тамаша, балалар. өздерін бәрін біледі екенсіндер. Білім әлемі риза сендерге, соңдықтан да «5» деген баға қойды деп, медальондар береді әр балаға.

- Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

- Қандай елдерге саяхат жасадық?

Педагог сабақты қорытынылап, ұздік шыққан балаларды мадақтайды.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности