link13192 link13193 link13194 link13195 link13196 link13197 link13198 link13199 link13200 link13201 link13202 link13203 link13204 link13205 link13206 link13207 link13208 link13209 link13210 link13211 link13212 link13213 link13214 link13215 link13216 link13217 link13218 link13219 link13220 link13221 link13222 link13223 link13224 link13225 link13226 link13227 link13228 link13229 link13230 link13231 link13232 link13233 link13234 link13235 link13236 link13237 link13238 link13239 link13240 link13241 link13242 link13243 link13244 link13245 link13246 link13247 link13248 link13249 link13250 link13251 link13252 link13253 link13254 link13255 link13256 link13257 link13258 link13259 link13260 link13261 link13262 link13263 link13264 link13265 link13266 link13267 link13268 link13269 link13270 link13271 link13272 link13273 link13274 link13275 link13276 link13277 link13278 link13279 link13280 link13281 link13282 link13283 link13284 link13285 link13286 link13287 link13288 link13289 link13290 link13291 link13292 link13293 link13294 link13295 link13296 link13297 link13298 link13299 link13300 link13301 link13302 link13303 link13304 link13305 link13306 link13307 link13308 link13309 link13310 link13311 link13312 link13313 link13314 link13315 link13316 link13317 link13318 link13319 link13320 link13321 link13322 link13323 link13324 link13325 link13326 link13327
Ермагамбетова Мадина Куанышпаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан, Костанайская область
Регион:не указан
Урок казахского языка "Сын есімнің түрлері. Негізгі және туынды сын есімдер"

Ермағамбетова Мадина Қуанышбайқызы

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы

«Науырзым ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК

Тақырыбы: Сын есім. Сын есімнің түрлері. Туынды және негізгі сын есімдер.
Мақсаты:
Білімділік: сын есім туралы түсініктерін бекіту, құрамына, тұлғасына және мағынасына қарай сын есімнің түрлерін еске түсіру берілген мәтіннен жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен, ұғымдарымен танысып, олармен түрлі тапсырмаларды жасау
Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде ұйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, білімдері мен көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: «Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы» атты мәтінді оқып, пәнге сүйіспеншіліктерін тудыру, мәдениетке тарту.


Сабақтың түрі: білімдерді бекіту сабағы
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын бақылау
кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Рефлексия кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі


Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу және оларды сабақтың тақырыбы мен

мақсаттарымен таныстыру.

2.Үй жұмысын бақылау кезеңі

Оқушылардың үйге берілген ережені сұрақ-жауап (блиц-опрос) арқылы тексеру.

1. Сын есім дегеніміз не?

2. Қандай сұрақтарға жауап береді?

3. Сын есімнің неше түрі бар?

4. Оларды атап шығыңдар?

5. Сын есімнің құрамына қарай түрлерін атаңдар?

6. Дара және күрделі сын есімдердің айырмашылықтары?

7. Сын есімнің тұлғасына қарай түрлерін атаңдар?

8. Негізгі және туынды сын есімдердің айырмашылықтары?

9. Сын есімнің мағынасына қарай түрлерін атаңдар?

10. Сапалық және қатыстық сын есімдердің айырмашылықтары?

3.Жаңа материалды меңгерту кезеңі

Оқушылар берілген мәтінді оқиды, аударады және жаңа сөздермен танысады.

«Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы.

Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.

Алғашқы Конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа Конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді.

Жаңа Конституция бойынша Қазақстанның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы және сот биліктері.

Атқарушы билікті Президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 7 жылға сайланады.

Заң шығарушы билікті қос палаталы Парламент атқарады (жоғарғы палата Сенат - 47 депутат және төменгі палата Мәжіліс - 107 депутат).

Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады.

Қазақстан Республикамыздың мемлекеттік негізгі рәміздері — Ту, Елтаңба, Гимн. Көгілдір түс - ашық аспан мен тыныштықтың белгісі. Алтын түс берекелі өмір мен байлықты білдіреді.

СӨЗДІК:

басқару - правление

зайырлы — светский

түзетулер — поправки

билік тармағы — ветви власти

атқарушы билік — исполнительная власть

заң шығарушы билік — законодательная власть

сот билігі — судебная власть

еркін сөйлей алатын — свободно говорящий

қос палаталы — двухпалатный

жергілікті — местный»

Тақтада жұмыс: берілген сын есімдердің толық мінездемесін беру.

1. Зайырлы — светский; дара, негізгі, қатыстық

2. Мемлекеттік — государственный; дара, туынды, қатыстық

3. Алтын — золотой; дара, негізгі, сапалық

4. Жергілікті — местный; дара туынды қатыстық

Индивидуалдік жұмыс: келесі бекітулерді (утверждения) ДҰРЫС (ВЕРНО) не БҰРЫС (НЕВЕРНО) анықтаңдар:

  1. президенттік — президентский; дара, туынды, қатыстық (Д)
  2. тәуелсіз — зависимый; күрделі, негізгі, қатыстық (Б)
  3. еркін сөйлей алатын — свободно говорящий; дара, негізгі, сапалық (Б)
  4. қос палаталы — двухпалатный; күрделі, туынды, қатыстық (Д)
  5. құқықтық — справедливый; дара, туынды, сапалық (Б)
  6. көгілдір — голубой; дара, негізгі, сапалық (Д)

4.Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Оқушылар берілген сын есімдерді 2 түрге бөліп жазады.

НЕГІЗГІ

ТУЫНДЫ

көгілдір

унитарлық

ашық

атқарушы

жаңа

төменгі

алтын

жоғарғы

«СЛОВОТОКИ» тәсілі арқылы жаңа сөздерді бекіту.

ПРЕЗИДЕНТ — мемлекет басшысы (глава), оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының (политика) негізгі бағыттарын белгілейді (определяет).

ПАРЛАМЕНТ - ең жоғарғы заң шығарушы орган, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс.

СЕНАТ - төменгі палата.

СОТ БИЛІГІ — осы билігінің жоғарғы органы Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады.

ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК ОРГАНДАРЫ - 14 облыс пен республикалық маңызы бар 2 қалаға (Астана, Алматы) бөлінеді. Олардың әкімдерін президент тағайындайды. Биліктің өкілетті органдары — мәслихатты облыстар мен елді мекендерде жергілікті халық сайлайды.

16 ЖЕЛТОҚСАН - Конституция күні

УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ - (лат. unitas — біртұтас, біріккен) саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді.

5.Рефлексия кезеңі

Лексикалық және грамматикалық тақырыпты бекіткенде

1. Қандай ауыршылықтарды сабақта кездестіңдер?

2. Сендер үшін сабақ қызықты немесе қызықсыз өтті ме?

3. Қызықты мен қызықсыз жақтарды айтып шықсаңдар?

4. Сабақтан өз үшін жаңадан не білдіңдер?

6. Бағалау кезеңі
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалау.


7. Үйге тапсырма беру кезеңі
Жаңа сөздерді, сөз тіркестерді және ұғымдарды жаттау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности