link2760 link2761 link2762 link2763 link2764 link2765 link2766 link2767 link2768 link2769 link2770 link2771 link2772 link2773 link2774 link2775 link2776 link2777 link2778 link2779 link2780 link2781 link2782 link2783 link2784 link2785 link2786 link2787 link2788 link2789 link2790 link2791 link2792 link2793 link2794 link2795 link2796 link2797 link2798 link2799 link2800 link2801 link2802 link2803 link2804 link2805 link2806 link2807 link2808 link2809 link2810 link2811 link2812 link2813 link2814 link2815 link2816 link2817 link2818 link2819 link2820 link2821 link2822 link2823 link2824 link2825 link2826 link2827 link2828 link2829 link2830 link2831 link2832 link2833 link2834 link2835 link2836 link2837 link2838 link2839 link2840 link2841 link2842 link2843 link2844 link2845 link2846 link2847 link2848 link2849 link2850 link2851 link2852 link2853 link2854 link2855 link2856 link2857 link2858 link2859 link2860 link2861 link2862 link2863 link2864 link2865 link2866 link2867 link2868 link2869 link2870 link2871 link2872 link2873 link2874 link2875 link2876 link2877 link2878 link2879
Ермагамбетова Мадина Куанышпаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан, Костанайская область
Регион:не указан
Конспект урока по казахскому языку "Қазақстан - көпұлтты мемлекет"

Ермағамбетова Мадина Қуанышбайқызы

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Науырзым ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК

Тақырыбы: Қазақстан — көпұлтты мемлекет.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме! Бүгінгі сабақта біз жаңа тақырыппен танысып, сөз қорымызды байытамыз, сол сөздерді дұрыс айтуға, пайдалануға тырысамыз және дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландырамыз. Сендерше өздерінің білім қабілеттерін, ойларын, пікірлерін ортаға салуға ұй алмаңдар.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сонымен сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан — көпұлтты мемлекет». Біздің Отанымыз — Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата-бабаларымыз тұрған, енді осы жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды, Отансыз да өмір сүре алмайды. «Отансыз адам — ормансыз бұлбұл» деген қазақ мақалы осыны дәлелдейді.

Сендердің алдарында «Қазақстан — көпұлтты мемлекет» атты мәтін жатыр. Қазір осы мәтінді оқимыз, аударамыз. Ең алдымен жаңа лексикамен танысайық /жаңа лексикалық минимум тақтада жазылып тұр/.

ЛЕКСИКА:

қабылдау — принять, одобрить

егеменді — суверенный

басқару нысаны — форма управления

орнықтыру — укрепить, закрепить

өкіл — представитель

теңқұқылы — равноправный

ресми — официально

қолдану — использовать

қарым-қатынас — отношение

Мәтінге көшейік, бір сөйлемнен оқимыз және аударамыз.

«Қазақстан — көпұлтты мемлекет.

Қазақстан — көп ғасырлық тарихи мен мәдениеті бар мемлекет.

1990 жылы 25 қазанда мемлекеттік суверенитеті туралы Декларация қабылданды. Бүгінгі Қазақстан — тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Тәуелсіз Қазақстанның негізі унитарлық, демократиялық, зайырлы, құқықтық және президенттік басқару нысанындағы әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылады.

Бүгінгі күнде Қазақстанда шамамен 130 ұлттың өкілдері өмір сүреді. Бұл 17 миллионнан астам адам. Қазақстанды мекендейтін барлық халықтар теңқұқылы. Конституция бойынша Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады (7-бап, 1-тармақ). Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады (7-бап, 2-тармақ). Бірақ бұл басқа тілдердің маңызы төмен деген сөз емес. Еліміздің әрбір тұрғыны өзі қарым-қатынас жасағысы келетін тілді таңдай алады.

Әр халықтың өз салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тілі бар. Ал біздің мемлекетіміз Қазақстан халықтарына олардың өз ана тілдерін сақтауына және оқып-үйренуіне жағдай жасауды уәде етеді (7-бап, 3-тармақ). Республикамызда ұлттық мәдени орталықтары, театрлар мен өзбек, ұйғыр, тәжік, украин және басқа тілдерде мектептер жұмыс істейді (19-бап, 2-тармақ).»

Жаңа тақырыпты бекіту:

№ 1. Келесі тапсырма. Тақтаға назар аударыңдар. Сендердің алдарында Қазақстан Республикасының Конституциясынан кейбір алынған баптар. Берілген баптар мен тармақтарға мәтіннен сәйкес сөйлемдерді табу.

1. 7-бап, 1-тармақ

Қазақстан Республикасындағы мемелекеттік тіл — қазақ тілі. (ҚР Заңы)

Конституция бойынша Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. (мәтін бойынша)

2. 7-бап, 2-тармақ

Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. (ҚР Заңы)

3. 7-бап, 3-тармақ

Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. (ҚР Заңы)

Қазақстан халықтарына олардың өз ана тілдерін сақтауына және оқып-үйренуіне жағдай жасауды уәде етеді. (мәтін бойынша)

4. 19-бап, 2-тармақ

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңда п алуға құқығы бар. (ҚР Заңы)

Республикамызда ұлттық мәдени орталықтары, театрлар мен өзбек, ұйғыр, тәжік, украин және басқа тілдерде мектептер жұмыс істейді. (мәтін бойынша)

№ 2. 1990 жылы 25 қазанда мемлекеттік суверенитеті туралы Декларация қабылданды. Тәуелсіз Қазақстанның негізі унитарлық, демократиялық, зайырлы, құқықтық және президенттік басқару нысанындағы әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылады /жаңа сөздер тақтада жазылып тұр/. Жазылған сөздердің сәйкес аудармаларын табу.

ГЛОССАРИЙ

суверенитет /француз тілінен/ — тәуелсіздік, независимость

декларация /латын тілінен/ — жариялау, провозглашение

унитаризм /латын тілінен/ — бірлік, единство

демократия /грек тілінен/ — халық билігі, власть народа

социум /латын тілінен/ — әлеумет, общество

№ 3. Тақтада жұмыс. Орыс тілінен қазақ тіліне аудару.

1. У каждого человека есть право пользоваться родным языком и своей культурой.

(Әр адамның ана тілі мен өз мәдениетін пайдалануға құқығы бар).

2. Никакая религия в Республике Казахстан не является государственной религией.

(Қазақстан Республикасында ешқандай дін мемлекеттік дін болып табылмайды).

3. Каждый житель нашей страны выбирает удобный язык для отношений.

(Еліміздің әрбір тұрғыны қарым-қатынас жасау үшін өзіне қолайлы тілді таңдайды).

№ 4. Айырмашылығы және ұқсастығы /Венн диаграммасы /

ҚАЗАҚ ҰЛТЫ ОРЫС ҰЛТЫ

алтыбақан лапта

көкпар чехарда

шапан лапти

тон сарафан

қалпақ валенки

қамзол ортақ үйіміз Қазақстан тепляк

шілдехана масленица

тұсау кесер крестины

құырдақ окрошка

шұжық борщ

бесбармақ блины

Үйге тапсырма:

Жаңа өткен сөздерді жаттау, есте сақтау. Жаңа 5 сөзбен (суверенитет, декларация, унитаризм, демократия, социум) 5 сөйлем құрастырып келу.

Бағалау:

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе сендер болашақ жұмыскер маманы ретінде ел экономикасына өздерінің үлестерін қосасыңдар. Сондықтанда әрқашанда ынтымақтастыққа жұмыс жасай білейік деп — Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жолдауындағы мына «Ырыс-ынтымаққа жолығады, дәулет-бірлікпен толығады», деген сөздермен сабағымызды аяқтаймыз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности