Қазақстан, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№2 «Жанар» балабақшасы
Директоры
Бесмагамбетова Раушан Кадихановна
Ерте. ерте, ертеде бір боталы түйе болыпты. Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі. Бір күні анасы оған ақыл айтып тапсырыпты.
Түйе: түйе, түйемін
Жануармын киелі
Жан - жағыма қараймын
Күн мен түнді санаймын.
Түйе баласына ақыл айтыпты.
Түйе: Боташым қара көзің мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнін үлбіреп
Қара көзің тоймайды.
Түйенің ботаға айтар сөзі.- Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. доссыз өмір қиын, әрі қызық емес.(Бота басын изеп тұрады)
Бота өзіне ұқсайтын жалт - жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп жолға шығады.
Бота: Бота, бота, ботамын
Ақылды боп атандым
Тостағандай көзім
Әдемімін өзім.
Бота жайылып жүрген қозы мен лаққа келеді.(Қозы мен лақ гүл жинап жүреді).
Бота: Бө - өө, мен дос іздеп жүрмін.
Қозы:- Мә - ә, мен қошақан қозымын
Момақанның өзімін.
Лақ: Мен лақпын қандаймын
Аппақ болған таңдаймын
Кел, бәріміз дос болайық
Бота: Жо - жоқ, сендер сияқты дос емес.
Қозы мен лақ: Мүмкін күшік болар.
Бота күшікке келеді.
Бота: Бө - өө мен дос іздеп жүрмін.
Күшік (үреді): Гаф, гаф. Мен күшікпін саққұлақ
Үй күзетем шапқылап
Дыбыс шықса маңайдан
Гаф, гаф деймін қаттырақ
Кел екеуміз дос болайық.
Бота: Жо, жоқ, сен сияқты дос емес.
Балапан: Мүмкін, Бақа болар.
Бота бақаға келеді.
Бота: Бө - өө мен дос іздеп жүрмін.
Бақа: Бақа, бақа балпақ
Басым содан жалпақ
Жәндіктерді көп жедім
Жүз жасаймын мен деймін. Кел, екеуміз дос болайық, бақ - бақ.
Бота: Жо - жоқ, сен сияқты дос емес.
Бақа: Мүмкін ара болар.
: Бота, ұшып жүрген араға келеді.
Бота: Бө - өө мен дос іздеп жүрмін.
Ара: З - з - з. Ұшып келсем қасыңа
Менен, сен шошыма
Сен тимесең, тимеймін
Қастығым жоқ, досыма з - з - з
Кел, екеуміз дос болайық
Гүл терейік, бал жинайық.
Бота: Жо - жоқ, сен сияқты дос емес.
Ара қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, дос таба алмай, өзі анасына келеді.
Түйе:- Дос таптың ба, боташым?
Бота:- Жоқ, анашым сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.
Түйе:- Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, ботам.
Бота қуанып өзінің адал достары қозы, лақ, күшік, мысық, әтеш, балапан, бақа, араны ертіп келіпті.
Тәрбиеші: Балалар, ертек не туралы?
Балалар: Дос іздеген бота.
Тәрбиеші: Бота өзіне кімдерді іздейді?
Балалар: Дос іздейді.