Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік мал
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға төрт түлік мал туралы
мәлімет беріп, түсінік қалыптастыру.
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту,
ой-өрісін дамыту.
3. Оқушыларды үй жануарларына
қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, дәптермен жұмыс, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, саяхат
бағыты, т.б.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу. Психологиялық сәт:
Қазақ тілім, өз тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім..
Оқушыларды түгендеу.
- Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп, сендердің білімдеріңді сынайды.
- Балалар, қазір біз «Қазақ еліне» саяхат жасаймыз. Мұнда ауылдар бар екен. Әр ауылдың тұрғындары сендерге өз тапсырмаларын әзірлеп отыр.
- Қане, даяр болсақ, сапарға аттанайық.
Бірінші тоқтайтын ауылымыз: Ойсыл қара ауылы .
Бұл ауылдың тұрғындары – түйелер. Ботаның сендерге арнаған тапсырмасы бар.
Сөздік жұмысы.
Төрт түлік мал — 4 вида домашнего скота
Түйе — верблюд бота — верблюжонок
Жылқы — лошадь құлын — жеребенок
Сиыр — корова бұзау — теленок
Қой — овца қозы — ягненок
Ешкі — коза лақ — козленок
- Жаңа сөздерді хормен, жеке-дара оқушылардан аудармаларын сұрау.
- Слайд арқылы жаңа сөздерді таныстыру.
Сергіту сәті:
Сыңғыр-сыңғыр сырғалар,
Құлағымды ырғалар.
Оң қолымда білезік,
Сол қолымда білезік.
Саусақтарда сақина
Қане, санап көрейік:
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Сапарымызды одан әрі жалғастырамыз. Келесі ауылымыз: Зеңгі баба ауылы. Бұл ауылдың тұрғындары — сиырлар. Бұзаудың сендерге даярлаған тапсырмасы мынадай:
«Сөздерді аяқта» ойыны
Ойынның шарты: өлең шумақтары мен жұмбақтардың шешуін тауып, дәптерге жазу.
vҰмытпай ғой, ұлым Басында екі таяғы бар,
Жылқы баласы — құ… Төрт аяғы бар.
vҚұлақтары шұнақ, Адам деуге болмайды,
Ешкі баласы — ла… Сақалы тағы бар. Еш..
vКезікті бір жануар, Кішкентай ғана бойы бар,
Үстінде екі тауы бар. Т… Айналдырып киген тоны бар....
vБіліп жүр, ұл мен қыз-ау,
Сиыр баласы — бұ…
Сапарымыздың келесі тоқталар ауылы — Қамбар ата ауылы. Бұл ауылдың тұрғындары — жылқылар. Ендеше, құлынның тапсырмасын көрелік. Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күннің ретін жазамыз.
1 — тапсырма
Сөйлемдегі сөздерге жақша ішіндегі дұрыс жалғауды жалғаймыз.
Сиыр (дың; дің) бұзауы бар.
Түйенің бота (сі; сы) бар.
Ешкі (де; да) лақ бар.
Жылқының құлын (ы; і) бар.
Сергіту сәті:
Жаза, жаза, саусағым,
Әлсіредім, шаршадым.
Билеп, билеп алайын,
Сосын қайта жазайын.
Міне, сапарымыздың соңғы тоқталар ауылы — Шопан ата ауылына да келіп жеттік. Бұл ауылдың тұрғындары — қойлар.
Балалар, қозының даярлаған тапсырмасын көрейік.
«Сөздерді тауып көр» ойыны.
Шарты: сызба ішінен әріптерді бір-біріне жалғап, сөздерді табу.
Сабақты қорыту: сұрақ-жауап әдісін қолдану.
- Балалар, бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?
- Түйе баласы қалай аталады?
- Қозының анасын қалай айтамыз? т.б.
«Енесін тап» ойыны.
Шарты: жануарлар мен олардың адасқан төлдерін тауып қосу.
Үйге тапсырма: 110 бет 3 — тапсырма. (өлеңді жаттау)
Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне сай бағалау.
Марапаттау.
Қоштасу: осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!