link13104 link13105 link13106 link13107 link13108 link13109 link13110 link13111 link13112 link13113 link13114 link13115 link13116 link13117 link13118 link13119 link13120 link13121 link13122 link13123 link13124 link13125 link13126 link13127 link13128 link13129 link13130 link13131 link13132 link13133 link13134 link13135 link13136 link13137 link13138 link13139 link13140 link13141 link13142 link13143 link13144 link13145 link13146 link13147 link13148 link13149 link13150 link13151 link13152 link13153 link13154 link13155 link13156 link13157 link13158 link13159 link13160 link13161 link13162 link13163 link13164 link13165 link13166 link13167 link13168 link13169 link13170 link13171 link13172 link13173 link13174 link13175 link13176 link13177 link13178 link13179 link13180 link13181 link13182 link13183 link13184 link13185 link13186 link13187 link13188 link13189 link13190 link13191 link13192 link13193 link13194 link13195 link13196 link13197 link13198 link13199 link13200 link13201 link13202 link13203 link13204 link13205 link13206 link13207 link13208 link13209 link13210 link13211 link13212 link13213 link13214 link13215 link13216 link13217 link13218 link13219 link13220 link13221 link13222 link13223 link13224 link13225 link13226 link13227 link13228 link13229
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Кальций- тіршілік негізі

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

Дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Химия пәнінің мұғалімі

Самбаева Гулия Малдыбаевна

Мақсаты: Білімділік - Оқушыларға кальцийдің периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын, алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік - Оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Дамытушылық - Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін артыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, сабаққа даярлығын, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеріп, жаңа сабаққа даярлау, топқа бөліну.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Төменде металдардың астында сұрақтар жасырылған.
Сұрақтары:
1. Металдардың периодтық жүйеде орналасуы.
2. Металдардың физикалық қасиеттері.
3. Жемірілу дегеніміз не?
4. Металлургия дегеніміз не?
5. Металдардың химиялық қасиеттері.
6. Бейне сұрақ.
Сурет. Тайқазан 1399 жылы Түркістанда құйылған. Оның диаметрі 2 м 45 см, салмағы 2 т. Тайқазан 7 металдан құйылған. Осы металдарды ата.

Жеке шығармашылық жұмыс- Алтын Адам, Тайқазан.

III. Жаңа сабақ меңгерту.
Эпиграф: “Кальций — тіршілік тірегі, құрылыс негізі.”

Бейне ролик « Кальции не үшін қажет?

Топтарқа тапсырмалар:

1 топ . Кальцийдің атомдық құрылысы, табиғатта кездесуі.

2 топ. Кальцийдін физикалық және химиялық қасиеттері.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде кальций IY периодта, II топтың негізгі топшасында орналасқан. Салыстырмалы атомдық массасы 40, реттік нөмірі ( ядро заряды) 20.
Кальций сілтілік металдардан кейін тұр. Ол II топтың негізгі топшасында орналасқан сілтілікжер металдардың қатарына жатады( ертеректе олардың оксидтерін «жер» деп атаған), олар суда ерігенде сілтілер түзеді.

Атом құрылысы. Кальцийдің соңғы энергетикалық қабатында 2 электрон бар. Кальций атомындағы электрондардың орналасуы:
+20Р ) 2e - ) 8e - ) 8e -) 2е -
Электрондық формуласы:
1s2 2s2 2 p6 3s2 3p64s2
Кальций тұрақты +2 тотығу дәрежесін көрсетеді және тек негіздік қасиет көрсететін қосылыстар түзеді.

Табиғатта кездесуі. Кальцийдің қосылыстары табиғатта кең таралған. Ол жер қыртысындағы мөлшері бойынша 5 - орын алады, ал массасы бойынша 3, 6%. Табиғатта кальцийдің қосылыстарын кез келген жерде кездестіруге болады: өйткені тау мен сары топырақты қазбалар кальций тұздарынан құралған. Ол теңіз бен өзен суларында да кездеседі, өсімдік пен жануар организмінің құрамына кіреді. Адам организмінде 1 кг — ға дейін кальций бар, ол сүйектің, тіс эмалінің, қанның құрамында болады.

Табиғатта ең көп таралған қосылыстарының бірі — кальций карбонаты СаСО3. Ол алуан түрлі минералдар түзеді: бор, мәрмәр, әктас, ұлутас, кальцит, маржандар, т. б. аралас минералдар. Бұлардың көбісі бағалы болып есептеледі. Ерте кезден — ақ бұл минералдарды көркемөнер туындыларын жасауға қолданған.
Кальций табиғатта гипстің СаSO4•2Н2О, фосфорит пен апатиттің (негізгі құрауышы Ca(PO4) 2) флюориттің СаҒ2 және т. б құрамында кездеседі.

Қазақстан жерінің бәрінде дерлік кальций қосылыстары кең таралған. Фосфориттің ең ірі кен орындары Жамбыл облысындағы Қаратау тауларында, Ақтөбе облысындағы Шилісайда бар. Бағалы қызғылт түсті ұлутас Маңғыстауда, гипс Жамбыл облысында, цементке қажетті балшық Шымкент, Семей маңында өндірілсе, әктастың қоры және отқа төзімді балшық еліміздің көптеген облыстарында өндіріледі.

Физикалық қасиеттері. Кальций — күміс түстес, ақ, жеңіл металл. Оның тығыздығы 1, 54 г\см3. Сілтілік металдардың тығыздығына жуық. Кальций ауамен тез әрекеттесіп, тотығу өнімдерінен тұратын кеуектеу жұқа ақ қабықшамен қапталады, сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды. Кальций — қатты металл, оның балқу температурасы 851ºС.

Химиялық қасиеттері :Кальций белсенді металл болғандықтан көптеген реакцияларға түседі.

Жай заттармен:

  1. Са + Н2 = СаН2 кальций гидриді
  2. Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді
  3. 2Са + О2 = 2СаО кальций оксиді
  4. Ca + 2С =СаС2 кальций карбиді

Күрделі заттармен:

  1. Ca + 2НОН = Са(ОН)2 + Н2
  2. Ca + 2HCl=СаСl2 + Н2

Осы реакцияларда барлығында кальций - тотықсыздандырғыш.

Кальцийдін ашылу тарихы.

Зертханалық жұмыс:

1 топ. Кальций оксиді сумен әрекеттесуі

2 топ. Кальций оксиді қышқылдармен эрекеттесуі.

Қызықты тәжірибе көрсету:

1.Сірке қышқылынын сүйек құрамындағы кальциймен әрекеттесуі.

2.Кальций глюконатының жануы.

Оқулықпен жұмыс148 бет. Алынуы және қолданылуы.

Есеп.

1топ. Суда 28 грамм кальций ерігенде сутектің қанша көлемі бөлінеді

2 топ. Массасы 12 грамм кальций сірке қышқылымен ірекеттескенде неше грамм кальций ацетаты түзіледі.

№ 5 жаттығу 148 бет.

Жана сабақты қорыту: Химиялық диктант

Рефлексия

Үйге тапсырма: §32 Кальций. 146-148 беттер.№7 есеп . 148 бет

Баға қою.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности