link11088 link11089 link11090 link11091 link11092 link11093 link11094 link11095 link11096 link11097 link11098 link11099 link11100 link11101 link11102 link11103 link11104 link11105 link11106 link11107 link11108 link11109 link11110 link11111 link11112 link11113 link11114 link11115 link11116 link11117 link11118 link11119 link11120 link11121 link11122 link11123 link11124 link11125 link11126 link11127 link11128 link11129 link11130 link11131 link11132 link11133 link11134 link11135 link11136 link11137 link11138 link11139 link11140 link11141 link11142 link11143 link11144 link11145 link11146 link11147 link11148 link11149 link11150 link11151 link11152 link11153 link11154 link11155 link11156 link11157 link11158 link11159 link11160 link11161 link11162 link11163 link11164 link11165 link11166 link11167 link11168 link11169 link11170 link11171 link11172 link11173 link11174 link11175 link11176 link11177 link11178 link11179 link11180 link11181 link11182 link11183 link11184 link11185 link11186 link11187 link11188 link11189 link11190 link11191 link11192 link11193 link11194 link11195 link11196 link11197 link11198 link11199 link11200 link11201 link11202 link11203 link11204 link11205 link11206 link11207 link11208 link11209 link11210 link11211 link11212 link11213
Базаркул Кеулимжаева
Должность:Учительница английского языка
Группа:Посетители
Страна:Kazakhstan
Регион:Актюбинская область, город Шалкар
Открытый урок по физике " Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы.Планк формуласы "

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

№2 мектеп- гимназияның

физика пәнінің мұғалімі

Исабекова Айнұр Бердихановна

Күні: 24.02.2015ж

Сыныбы: 9ә

Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Планк формуласы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: оқушыларға жарық кванты туралы Планк гипотезасын түсіндіру, жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, Планк формуласына есептер шығарту;
2) Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен, топпен жұмыс істеуін негізге ала отырып, әртүрлі тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, есеп шығару біліктіліктерін дамыту, іздену дағдысын қалыптастыру;
3) Тәрбиелік: оқушылардың алған білімдерін тиянақтай отырып, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, біріне - бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап.
Оқыту әдісі: түсіндірмелі.
Пәнаралық байланыс: математика, жаратылыстану, тарих.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Физикалық диктант
1. Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп аталады.
2. Жылулық сәулелер электромагниттік толқындар қатарына жатады.
3. Өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды.
4. Жылулық сәулелену құбылысы тек қызған денелерде ғана емес, салқын денелер де орын алады.
5. Жылулық сәулелер тек жиіліктеріне немесе толқын ұзындықтарына қарай ажырайды.

ІІІ. Жаңа сабақ
Макс Планк жылулық сәулелердің эксперименттік нәтижесін түсіндірудегі тығырықтан шығу жолын тапты.
Ол 1900 жылы « сәулелік энергия үздіксіз шығады» деген классикалық физика түсінігіне қайшы келетін батыл гипотеза ұсынды:
Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды; олар тек үзікті үлес - квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады.
Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.
Квант латынша guantum –«мөлшер», яғни «үлес» деген сөздің мағынасын береді.
М. Планк дененің үзікті шығаратын немесе жұтатын бір үлес энергиясы үшін

E=hv
E - ең кіші энергия үлесі
ν - сәуленің жиілігі
h - Планк тұрақтысы:
h=6, 62
×10-34 Дж•с
Сонымен, сәуле шығаратын немесе жұтатын дене өзінің энергиясын үзікті түрде: 1Е, 2Е, 3Е, nЕ шамасына өзгертеді.
Дененің энергиясы бір квантқа бүтін n санына еселеніп қана өзгереді:

En= nЕ= nhν
n - электромагниттік сәуле энергиясын таситын фотондар саны ( фотон - тыныштық массасы нөлге тең элементар бөлшек);
Е - әрбір фотонға тиесілі ең кіші бір үлес энергия, яғни бір үлес энергия, яғни бір квант
Классикалық теория бойынша, энергия үздіксіз өзгереді және нөлден бастап шексіздікке дейін кез келген мәнді қабылдай алады.
Планк керісінше, энергияның үзікті өзгеретінін және белгілі бір нақтылы мәндерді қабылдайтынын болжады.
Планктің ғылыми болжамы абсолют қара дененің тәжірибеде байқалған жылулық сәулелену құбылысын түсіндіріп берді. Планк гипотезасы негізінде салынған Е (
λ) 2 - қисық эксперимент жүзінде алынған 1 - қисықпен дәлме - дәл келеді.
Планк гипотезасы қазіргі физика деп аталатын жаңа кванттық физиканың негізін қалауға зор көмегін тигізді.
V. Жаңа сабақты бекіту

Физикалық сөздік
Гипотеза - болжам
Дискретті - үзікті
Квант - мөлшер, үлес, бір үлес энергия
Фотон - тыныштық массасы нөлге тең элементар бөлшек
Жаңа сабақты пысықтау:
Білгеннің үстіне біле берейік!
Есептер шығарып үйренейік!
Тақырып бойынша білімді жаттығу есептерін шығару барысында дамыту, үш топқа ортақ есептер беріледі, үш топ жарыса отырып тақтаға шығып орындайды.
№1
Фотонның энергиясы 2,8
×10-19 Дж. Электромагниттік толқын ұзындығы қандай?
№2
Қуаты 100 Вт жарық көзі 1 секундта 5
×1020 фотон шығарады. Сәуленің орташа толқын ұзындығы қандай?
№3
Қандай электромагниттік толқын ұзындығында фотон энергиясы 9, 93
×10-9 Дж - ге тең?
VI. Қорытындылау.
Тест ( 10 сұрақ ) слайд

VІ. Бағалау кезеңі
VІІ. Үйге тапсырма
1. §48 оқу. 38 - жаттығу (2)
2.
Шығармашылық тапсырма:
а) Макс Планк туралы мәнжазба
ә)
Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ дайындап келу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности