№36 орта мектеп
Ашық сабақ
"Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу тақырыбына есептер шығару"
Сыныбы:6а
Пән мұғалімі: Әзіғали Ш.С
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу тақырыбына есептер шығару»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың білімін пысықтау, жүйелеу, тақырыпты меңгеру деңгейлерін анықтау.
2. Оқушыларды үнемі өз білімдерін қорытындылауға, пысықтауға, толықтырып отыруға тәрбиелеу, жеке жұмыс жасауға дағдыландыру, білімдерін тереңдету.
3. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интеракт тақта, слайд, үлестірмелі карточкалар
Техникалық құрал: проектор, слайд
Сабақтың түрі: білік пен дағдыны бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: СТО, Блум таксономиясы
Пән аралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
(Үй тапсырмасын тексеру арқылы бүгінгі сабақтың Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен байланысты екенін сурет құрастыру арқылы біледі)
3.Өткен сабаққа шолу.
(Бұл тапсырмаларды орындау арқылы Фашистік Германия қандай жоспарға сүйеніп соғыс ашқанын білеміз? )
Б. Егер а саны в санынан үлкен болса, онда в саны а санынан…
Р. Санды теңсіздіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғышты екінші жақ бөлігіне көшіргенде, оның таңбасын....
С.Теңсіздіктің екі жақ бөлігінде, бірдей оң санға көбейтсек немесе бөлсек …
А. < , > белгісімен жазылған теңсіздіктер …
О. ≤ , ≥ белгісімен жазылған теңсіздіктер …
А. а мен в сандарын салыстырғанда а - в > 0 болса,онда ....
Р. Теңсіздікті шешу дегеніміз …
Б. [ а ; в]сан аралығы.....
С. ( а ; в)сан аралығы.....
4. «Сандар сөйлейді…»
(Есепті шығару арқылы оқушылар Ұлы Отан соғысының қашан басталып, қашан аяқталғаны туралы мәлімет алады)
5. « Сен білесің бе?…»
А) Ленинград түбіндегі соғыстың неше жылға созылды?
7 ( y + 3 ) — 2 ( y + 2 ) < 2 ( 5y + 1 )
B) Неше Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды?
6 ( 3 + 5y ) — ( 2 + 7y ) ≤ 2 ( 1996 + 7,5y )
C) Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды?
4x + 13 ≤ 3x + 14
-4 ( x — 2 ) ≥ - 8
14x + 5 ≤ 19
-2x + 7 > -8 + x
6. Шығармашылық тапсырма
Шешімі 70 санына болатындай теңсіздік құрыңдар
7. Үйге тапсырма беру
8. Қорытындылау