link3528 link3529 link3530 link3531 link3532 link3533 link3534 link3535 link3536 link3537 link3538 link3539 link3540 link3541 link3542 link3543 link3544 link3545 link3546 link3547 link3548 link3549 link3550 link3551 link3552 link3553 link3554 link3555 link3556 link3557 link3558 link3559 link3560 link3561 link3562 link3563 link3564 link3565 link3566 link3567 link3568 link3569 link3570 link3571 link3572 link3573 link3574 link3575 link3576 link3577 link3578 link3579 link3580 link3581 link3582 link3583 link3584 link3585 link3586 link3587 link3588 link3589 link3590 link3591 link3592 link3593 link3594 link3595 link3596 link3597 link3598 link3599 link3600 link3601 link3602 link3603 link3604 link3605 link3606 link3607 link3608 link3609 link3610 link3611 link3612 link3613 link3614 link3615 link3616 link3617 link3618 link3619 link3620 link3621 link3622 link3623 link3624 link3625 link3626 link3627 link3628 link3629 link3630 link3631 link3632 link3633 link3634 link3635 link3636 link3637 link3638 link3639 link3640 link3641 link3642 link3643 link3644 link3645 link3646 link3647 link3648 link3649 link3650 link3651 link3652 link3653
Султангереева Гулайым Орынгалиевна
Должность:учительница казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Западно Казахстанская область,Таскалинский район,село Таскала
"Отбасы-өмір айнасы" тәрбие сағаты

Султангереева Гулайым Орынгалиевна

Казахстан

ЗКО Таскалинский район село Таскала

СОШ.им.Ы.Алтынсарина

учитель казахского языка и литературы

Тақырыбы: « Отбасы — өмір аясы»
Мақсаты:
«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету;
Міндеттері:
а) Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Адамгершілікке тәрбиелеу.
б) Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы
тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты,
дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойындар
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер,слайдтар көрсету, суреттер
Барысы:
I. а) Ұйымдастыру кезеңі
б) Шаттық шеңбері
Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін, өнер атауының ішіндегі құдіреттілерінің бірі - күй тыңдауға шақырамын.

II. Ойланайық, пікірлесейік
«Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу
• «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз?
• Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?
Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлаймыз?

III. Жаңа ақпарат.
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс — тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай — үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі — бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру — ата-ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

IV. Шығармашылық жұмыс
а) Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс)
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________
б) Кәне, балалар « Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық.
1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті.)
2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы)
3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты)
4. Кім жақын? ( Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшың болса, апайың жақын.
Алдыңа тартқан, адал асын,
Қимас жақын қарындасың.)
5. Не қымбат? ( Алтын ұяң Отан қымбат.
Құт - береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Бәрінен де ар мен ұят қымбат.)
с) Сергіту сәті. « Қоржындағы асық» ойыны. Ойынның шарты: қоржындағы асықтарды алып, сол асықтағы тапсырмаларды орындату.
1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек.)
7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген»).
8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
д).«Бақытты отбасы модулін» салу.
Ән: «Жан аға» Сарсенова Лаураның орындауында
V.Қорытынды. Өз отбасыңның елтаңбасын жасап көріңіздер.
Өз отбасымызды қорғай білейік! ата-анамызды аялай білейік! құрмет көрсете білейік!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности