link9954 link9955 link9956 link9957 link9958 link9959 link9960 link9961 link9962 link9963 link9964 link9965 link9966 link9967 link9968 link9969 link9970 link9971 link9972 link9973 link9974 link9975 link9976 link9977 link9978 link9979 link9980 link9981 link9982 link9983 link9984 link9985 link9986 link9987 link9988 link9989 link9990 link9991 link9992 link9993 link9994 link9995 link9996 link9997 link9998 link9999 link10000 link10001 link10002 link10003 link10004 link10005 link10006 link10007 link10008 link10009 link10010 link10011 link10012 link10013 link10014 link10015 link10016 link10017 link10018 link10019 link10020 link10021 link10022 link10023 link10024 link10025 link10026 link10027 link10028 link10029 link10030 link10031 link10032 link10033 link10034 link10035 link10036 link10037 link10038 link10039 link10040 link10041 link10042 link10043 link10044 link10045 link10046 link10047 link10048 link10049 link10050 link10051 link10052 link10053 link10054 link10055 link10056 link10057 link10058 link10059 link10060 link10061 link10062 link10063 link10064 link10065 link10066 link10067 link10068 link10069 link10070 link10071 link10072 link10073 link10074 link10075 link10076 link10077 link10078 link10079
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
«Отбасы мүшелері» Дүниетану

Қазақстан,ШҚО,Семей қаласы

«Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кадиркешова Куралай Есимхановна

Пәні: Дүниетану, өзін-өзі тану, бейнелеу өнері,экономика сабақтарын кіріктіру.
Сабақтың тақырыбы: Қоғам. Отбасы — шағын қоғам.
Сабақ мақсаты:
-Қоғам, оның көп түрлілігі, қоғам мүшелері, қоғам басшысы, қоғамның алып жатқан аймағы, қоғам-бізді қоршаған орта ұғымын ашу.
-Отбасы-шағын қоғам , отбасының мүшелері, отбасының басшысы, отбасы-біздің тірегіміз, біздің шаңырақ ұғымдарын ашқызу.
-Отбасы қоры, отбасы және экономика ұғымдарының сабақтастығын көрсету.
-Отбасы дәстүрі, отбасындағы қарым-қатынастар туралы түсініктер бере отырып , оқушының қоғамдағы дүниетанымдық көзқарастарын ашу, зерттеу, талдау, халықтық педагогиканың отбасы тәрбиесіндегі алар орнын ашып көрсету.
-Оқушылардың өз ойын мазмұнды тілде жеткізу, олардың өзара ұжымдаса жұмыс істеу, шығармашылық ізденіске түсу біліктерін жетілдіру.
-Отбасы-шағын қоғам ұғымын аша отырып, оқушыларды отбасы мүшелерін сыйлауға, ана , әкенің алар орны ұғымдарының тәрбиелік мәнін ашу.
- Сыныпты өзін-өзі тану пәнінің элементтері арқылы сабаққа педагогикалық, психологиялық тұрғыда ұйымдастыру.
Сабақтың түрі: Сабақ-интеграция: өзін-өзі тану, дүниетану, сурет, экономика.
Сабақтың технологиясы:
- Сабақ құрылысы өзін-өзі тану пәнінің технологиясы бойынша өтіледі.
- Жанпейісованың дамыта оқыту технологиясы бойынша ұсынған тәсілдерін пайдалану.
Сабақтың барысы.Жаңа сабақ.
1. Шаттық шеңберін құру.
Армысың, алтын күн!
Армысың , туған жер!
Армысың , мектебім !
Армысың , қонақтар!
Армысың , достарым!
- психологиялық дайындық.
2.Армандайық . Музыка .

- Балалар айналып отырайықшы, көзімізді жұмып, мына мәтінді тыңдайықшы.

Мен бақытты баламын. Себебі, менің туған жерім, отаным — Кең байтақ Қазақстаным бар. Дархан жүректі халқым бар. Елімді басқарып отырған, бар қазақ баласының мақтанышы болған, үлгі етер президентіміз-Н.Ә.Назарбаев атамыз бар. Мен - бақытты баламын. Білімнің кәусәр бұлағын сіңірген алтын ұям — мектебім бар. Мен осындай қоғамда туғанымды мақтан тұтамын. Мен үнемі достарыммен, ұстаздарыммен достық қарым-қатынастамын. Мен — бақытты баламын. Менің өзімнің шағын әлемім-отбасым бар. Менің аялаған анам, әлпештеген әкем бар, еркелескен бауырларым қаншама. Бұл нағыз бақыт емес пе?
3. Әңгімелесу.
Бұл бөлімде ой түрткі жасау арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын ашуға көмек беретін сұрақтар қою көзделеді.( Барлық баланы қатыстыру керек.)
- Осы балаға ат қояйықшы.
- Асан неге бақытты деп ойлайсыңдар?
- Оның қандай отаны бар ?
- Қазақ халқы қандай халық?
- Өзіне Кімді үлгі етеді?
- Неліктен мектеп оның мақтанышы?
- Ол кімдермен достық қарым-қатынаста?
- Оны кім аялады?
- Оны кім әлпештеді?
- Ол бауырларымен қандай қатынаста, қалай өсті?
- Осы әңгімеде не туралы сөз болды?
- Сонымен қоғам деген не? (Бізді қоршаған орта. Ол Отан, Ол Халық ,Ол Президент, Ол мектеп, Ол ұстаз, Ол достары, Ол Отбасы, жанұя, Ол ата-ана, бауыларың, туыстарың)
- Қоғамның несі болады? (Белгілі аймағы- Кең байтақ Қазақстан жері, басышысы-президенті, қоғам мүшесі- халық, )
- Сонымен әр қоғамның аймағы басшысы, мүшесі болады, олар өзара қарым-қатынаста болады.)
- Отбасы қандай қоғам екен? (Шағын қоғам)
- Оның басшысы кімдер? (ата-ана)
- Оның мүшелері кімдер екен? (Әке, ана, ата, әже, аға-іні, әпке-қарындас)
-Ендеше бүгінгі сабақ қалай аталады деп ойлайсыңдар?
- Қоғам.
-Қандай қоғам туралы болмақ?
-Отбасы-шағын қоғам?
Тақтаға: Отбасы-шағын қоғам деген сөз ілінеді4. Тыңдайық, ойлайық. Әр оқушыға
А) (1-2-3 сыныптағы білімдеріне сүйену.)
Жанпейісованың дамыта оқыту технологиясы б-ша «Менің отбасым» зерттеу анкетасын толтыру.
Менің отбасым:
Менің атым--------
Менің әкемнің аты----------
Менің анамның аты---------
Менің әжемнің аты ---------
Менің атамның аты----------
Менің ағамның аты----------
Менің әпкемнің аты---------
Менің қарындасымның аты--------
Менің інімнің аты--------------------
Біздің үйде кішкентай нәресте, бөпеміз бар оның аты----------------
-Қазақ халқы жас сәбиді аялап, әлпештеген, әрбір ана өз баласына арнап бесік жырын жырлаған екен. Ал енді балалар, бізде бесік жырын айтып біраз сергіп алайық.
Ә) Сергіту сәті . Бөпешім.
Әлди, әлди бөпешім
Әлпештейін көкешім.
Тербетейін жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой.

Б) Мен және қоғам. Топқа бөлініп отырады.Топтың жетекшісі болады.
1-абзацты оқыту :
-Күбірлеп оқу.
-Дауыстап оқу.
№1 Шығармашылық жұмыс. Адамның суретін салу, адамды қоршаған ортаны жазғызу. Әр топ өзінің жауабын жазады.

Мысалы: Қоғам деген не?
-Отан - туыстарың
Адамды қоршаған орта
-отбасың - Ұстазың
-мектеп достарың

№2 Жеке жұмыс .Әр оқушы бағаланады.

Отбасы қоғамының құрамы: Сурет конкурсы.
1.Отбасының тұрағы ---------
2. Отбасы басшысы ------------
3. Отбасы мүшелері------------
4. Менің алар орным-------------
-әр оқушы өз суретін түсіндіріп өтеді.
№3 Отбасы және экономика.
Отбасының қорын экономика сабағында алған білімдеріне сүйене отырып, жасау. Топпен жұмыс.Мына кестені толтыру.
Отбасы қоры-бюджетті құрамыз.
Әке-------
Ана ----------
Әже--------
Ата------------
Студент-аға----------
Студент- әпке--------------
Барлығы отбасы бюджеті----------тг
Мына сөздерді дұрыс орналастыр: стипендия-5000тг, еңбек ақы-25000тг, зейнетақы-10000тг.
Осы сөздерді дұрыс орналастырып отбасы бюджетін құрау, есептеу.барлығы -80000тг
-Отбасының күн көріс табысы екенін пысықтап өтеміз.
2-абзацты оқу
-іштен оқу.
Отбасы дәстүрі. Тәрбиелік кезең. Халық педагогикасы. Ұжымдық жұмыс.Тақтада әр оқушы өз жауабын жазады.
-Қандай мерекелер тойланады?
1.Шілдехана
2. Бесік тойы
3. Туған күн
4.Үйлену тойы
5.Мектеп бітіру тойы
-Отбасы мүшелері бір-біріне көмектеседі.Қалай?
1.Ақшалай
2.Ақылмен
3.Тәрбие береді
4.Сыйлайды.

5. Қорытынды:
А) Жанпейісова тәсілі бойынша кестені толтыру:
Ой тұжырымды дәлелдеу.
Ой тұжырым ИӘ/жоқ
+/-
1.Қоғам-адамды қоршаған орта +
2.Отбасының басшысы болмайды.-
3.Мен-отбасы мүшесімін.+
4.Отан-қоғам +
5.Туыстар-қоғам мүшесі. +
6.Қоғамның белгілі ортасы, аймағы болады. +
7.Бюджет-отбасы қоры. +
8.Отбасының мерекелері болмайды. -
9.Үй-отбасының тұрағы.+
10.Отбасы - тәрбие көзі. +
6. Бағалау 7.Үй жұмысы.Әркім өз отбасының қорын жазып келеді. Менің отбасым суретсалу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности