link13038 link13039 link13040 link13041 link13042 link13043 link13044 link13045 link13046 link13047 link13048 link13049 link13050 link13051 link13052 link13053 link13054 link13055 link13056 link13057 link13058 link13059 link13060 link13061 link13062 link13063 link13064 link13065 link13066 link13067 link13068 link13069 link13070 link13071 link13072 link13073 link13074 link13075 link13076 link13077 link13078 link13079 link13080 link13081 link13082 link13083 link13084 link13085 link13086 link13087 link13088 link13089 link13090 link13091 link13092 link13093 link13094 link13095 link13096 link13097 link13098 link13099 link13100 link13101 link13102 link13103 link13104 link13105 link13106 link13107 link13108 link13109 link13110 link13111 link13112 link13113 link13114 link13115 link13116 link13117 link13118 link13119 link13120 link13121 link13122 link13123 link13124 link13125 link13126 link13127 link13128 link13129 link13130 link13131 link13132 link13133 link13134 link13135 link13136 link13137 link13138 link13139 link13140 link13141 link13142 link13143 link13144 link13145 link13146 link13147 link13148 link13149 link13150 link13151 link13152 link13153 link13154 link13155 link13156 link13157 link13158 link13159 link13160
Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
Жадынама: «Оқу жылдамдығы төмен, (кітапты ) нашар оқитын балаға қалай көмектесу болады?»

Оқжетпес орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Джуматаева А.Б.

№1 жадынама. «Оқу жылдамдығы төмен, (кітапты ) нашар оқитын балаға қалай көмектесу болады?»

Кіші мектеп жасындағы балаға дефектолог маманының көмегі қажет, егер ол кітап оқудағы қиындықтар әсерінен: *тапсырмаларды орындауда қатынас тәртібі мен заңдылықтарды орнатуда қиындыққа шалдықса, мысалы, жыл, ай, апта күндерінің келу тәртібінде шатасса;

*ретімен санауда 3 саннан артық , кері санауда 2 саннан артық дұрыс қайталап бере алмаса;

*тіпті қарпайым ритмді қайта жаңғырта алмайды, мысалы, үстелдің үстінен қаламмен не қолмен жасаған тарсылды.

*сурет бойынша әңгіме құрастыруда қиынсынады;

*адамдар мен заттардың оң, солын ажыратуды қиынсынады, оң мен солды талап ететін тапсырмаларды орындай алмай қиналады;

*сөздік қоры өте аз болған жағдайда;

*сөзге фонемалық талдау жасай алмайды (дыбыстардың орнына буындарды белгілейді, дауысты дыбыстарды тастап кетеді);

*оқыған кезде дауысты дыбыстарды шатастырады, біліп тұрса да (мысалы, ә-а,э, ө-о, а-ы, т.с.с);

*буындарды ауыстырады, мүлдем басқа сөз оқуы мүмкін, теріс оқиды;

*мұқиятсыз, тиышсыз,шапшаң, көңілі тұрақсыз.

Оқу машығы төмен баламен жұмыс жасағанда оның бойында мына қасиеттерді қалыптастырып, дамыту керек:. 1.Өзінің денесі туралы түсінігі. Өзінің денесінің негізінде бала жоғары, төмен, оңды, солды, артта, алда деген ұғымдармен танысады. Ол үлкендердің сұрактарына жауап береді (Бас үстінде ме, астында ма? Арқа артта ма әлде алда ма? Т.с.с.) алдымен өзіне қатысты сосын өзгелерге қатысты қолданады. 2. Кеңістік туралы елесі. Бала қоршаған заттар мен суреттердің негізінде үлкендердің сұрақтарына жауап бере алады: қай зат алыс, жақын, кім жылдам, кіші. Содан кейін сұрақтар күрделенеді:қай зат мынаған қарағанда жақында тұр, бірақ анау затқа қарағанда алыстау тұр?(бұны артық, кем, кіші үлкен, т.б. ұғымдарға қолдануға болады) 3.Бірізділік жайлы түсінік. Үлкендер балаға жыл мезгілдерінің, тәулік, ай, күн, аптаның келетін ретін түсіндіреді, оның бәрін кітаптағы суреттермен сүйемелдейді. Сонымен қатар балаға келесі тапсырмалар ұсынылады: * берілген үлгі бойынша геометриялық фигураларды, пазлдарды, моншақтарды бірізділікпен, белгілі бір заңдылықпен орналастыру; *текшелерден қиылған суреттер мен бейнелерді құрастыру; *бірізді суреттердің көмегі арқылы әңгіме құрастыру.

4. Сөздің дыбыстық құрамы туралы түсінігі. (жаңылтпаштар арқылы). Жаңылтпаштарды айту баланың дикциясын жақсартып қана қоймай, дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Мысалы, Ай, Айдарбай, Айдарбай! Айыр мүйіз сиырыңды, Үйіңе айдай бар, т.с.с. Бала біраз жаңылтпаш жаттағаннан кейін одан белгілі бір дыбысқа жаңылтпаш айтуды сұрауға болады. Мысалы, «ң» дыбысына- Таң ата Заңғар,

Шаңғы алдырар. Шаңғы алдырған Заңғар. Шаңғымен сырғанар.

5.Сөздің буындық құрамы туралы түсінігі. Баламен жаттыққанда допты қолдану ыңғайлы: *үлкен мен бала допты бір-біріне лақтыра отырып, сөздерді буынға бөледі. (Мысалы, та-уық, жа-ңа, ба-ла-пан, т.с.с.) * үлкен адам бірнеше сөздің басы болалатын буынды айтады, ал бала сол буыннан басталатын бірнеше сөз ойлауы керек. (мысалы, ба- -лапан, -ла, -лық, -нан, -рыс, т.б.).

Ең маңыздысы- баланың өзіне деген, өз күшіне, қабілетіне сенімін арттыру. 6-10 жасар баламен жұмыс істегенде ойндар мен қызықты жаттығуларды еңгіген дұрыс ( текшелер, пазлдар, түсті суреттер, т.б.).Мәтін мен жаттығулардың мазмұны баланың қызығушылғына сәйкес келу керек. Мысалы, Барби қуыршақ, машиналар, т.с.с. Баланың қызығушылығын жойып алмау үшін, оның жетістіктерінің кестесін жүргізіп отырыңыз. Мадақтап, кішкене жетістігі болса да мақтап қоюды ұмытпаңыз.

№2 жадынама. Бейнелік ойлауды дамытуға арналаған жаттығулар.

«Аяқталмаған әңгімелер».

аппарат электрохирургический высокочастотный эхвч фотек е350 купить. повседневные салаты.

Бұл жаттығу баланың қиялын дамыта түседі. Балаларға басталған әңгімені аяқтау ұсынылады. Бұл жаттығу шығармашылық елесі мен қайтажаңғыртуын дамытады, логикасын, ойлауын,баланың зейінін; баланың өмірлік тәжірибесі мен құндылықтар жүйесін белсендіреді. Жұмысқа арналаған мәтіндер.

Тиіннің қылықтары

Екі құрбы орманға барды. Олар себеттерін жаңғаққа толтырды. Қайтар жолда әдемі гүлдерге толы жерге тап болды. –Себеттерімізді ағашқа іліп, гүлдерді жинап алайық,-деді бір құрбы. –Жарайды! –деді екіншісі. Қыздар гүл теріп жүр, себеп ілініп тұр. Бір мезетте інінен тиін жылтиып жаңғаққа толы себетті көріп қалды. Онды болды ғой,- деп ойлап . . .

Өзенде

Нұрәділ мен Ерназар өзеннің жағалауымен келе жатты. –Қызық екен,-деді Нұрәділ, -ерлік қалай жасалады екен? Мен үнемі ерлік жасауды армандаймын! –Ал мен бұл жөнінде тіпті ойланбаймын да,- деп Ерназар тоқтап қалды. Өзеннен дауыстар естілді . . .

Айтылмай қалған ән.

Бір қаз болыпты. Таң сәріде ол жүзіп келе жатып, суда өзін көріп қалады. Қаз өзңне қатты ұнап қалды. Қанаттарын жайып, бір сілкініп алды. Қаз өзі туралы ән айтқысы келді. «Мен қандай әдемімін, өзім қандай сұлумын!» -деп айтқысы келді. «Теректен мен сымбаттымын, қардан ақпын, көзі айдын көлден таза». Бірақ жан-жағына қарады да, . . .

Күн шуағы.

Ертеде өте мейірімді адам болыпты. Ол барлығына мейірбандық жасағысы келді. Бірде мектеп қасында жылап тұрған кішкентай қызды көрді. –Сен неге жылап тұрсың?-деп сұрады ол.  — Мен қалай жыламаймын,- деді қыз. –Барлығына тоқаш беріп, маған жетпей қалды. –Жылама,-деді әлгі кісі. –Мен саған көмектесемін. Мен . . .

Үш емен.

Ертеде әйел болыпты. Оның ұлы бар еді. Ал күйеуі оны тастап, алысқа кеткен. Ешқандай хат жазып, сәлемдеме жібермеген. Әйелі де оны ұмытуға тырысты. Баласы кішкентай болған кезде әкесін іздемеді де, ол барлық балалар анасымен тұру керек шығар деп ойлады. Ол өзін өте бақытты сезінді. Ол атқан таңға, жайқалған көгалға доп ойнап қуанып жүрді. Ол сәл есейген кезде басқа балалардың әкесі бар екенін көріп анасынан: «Ана, менің иәкем кім?» деп сұрады. Анасы баласының жүрегін ауыртпау үшін әкесі туралы шындықты айтпады. Ол баласы әкесін мақтан тұтып, жақсы көргенін қалады. Есік алдында үлкен емен өсіп тұрған еді. Жел де, дауыл да оны құлата алмады. Сонда анасы баланың әкесі - емен деді. Анасы қалжындап айтса да, бала оны шындықпен қабылдады. Бала еменге келіп: «Амансың ба, емен!»,-деді. Ал емен болса, жасыл жапырағымен сылдырлап, былай деді: . . .

Бала әңгіменің желісін аяқтап қана қоймай, әңгіменің атын да шатастырмай өз сөйлемдерінде анық көрсету керек. Бұл жерде баланың жаубын былай сынауға болады: * сюжеттін ерекшелігі;

*мазмұндаудың байланысы;

*есте сақтауының біріктілігі;

*эмоционалды қанық;

* әдебиеттілігі.

Тест «Аяқталмаған сурет»

Бұл тест баланың фантазиясын және бейнелік ойлауын зерттейді. Оны дамыту жаттығуы ретінде де қолдануға болады. Тапсырма деңгейлеп орындалады. Балаға бір қатар шеңберлер беріледі. (суретті қараңыз)

Міндеті- әр шеңберден қосымша элементтерді қолдана отырып әртүрлі образдарды жасау. Кім көп бейнелерді салады, сол әрине ұтады. Шеңберді басқа да фигуралармен ауыстыруға болады. Екінші деңгейде балаға иттің бір бөлігі салынған сурет қатары(5 иттің суреті) беріледі. Бала әрбіреуін аяқтап салу керек және олар бір –біріне ұқсамауы керек. Өзгерістер тіпті қиялындағы жануарға ұқсауы мүмкін. Сосын дұрыс жасалған суреттерді санап, балаңызды мадақтап қойыңыз. Бала көп сурет сала алса, онда баланың қиялы мен образдық ойлауы жақсы дамыған.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности