link2706 link2707 link2708 link2709 link2710 link2711 link2712 link2713 link2714 link2715 link2716 link2717 link2718 link2719 link2720 link2721 link2722 link2723 link2724 link2725 link2726 link2727 link2728 link2729 link2730 link2731 link2732 link2733 link2734 link2735 link2736 link2737 link2738 link2739 link2740 link2741 link2742 link2743 link2744 link2745 link2746 link2747 link2748 link2749 link2750 link2751 link2752 link2753 link2754 link2755 link2756 link2757 link2758 link2759 link2760 link2761 link2762 link2763 link2764 link2765 link2766 link2767 link2768 link2769 link2770 link2771 link2772 link2773 link2774 link2775 link2776 link2777 link2778 link2779 link2780 link2781 link2782 link2783 link2784 link2785 link2786 link2787 link2788 link2789 link2790 link2791 link2792 link2793 link2794 link2795 link2796 link2797 link2798 link2799 link2800 link2801 link2802 link2803 link2804 link2805 link2806 link2807 link2808 link2809 link2810 link2811 link2812 link2813 link2814 link2815 link2816 link2817 link2818 link2819 link2820 link2821 link2822 link2823 link2824 link2825 link2826 link2827 link2828
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Ж дыбысы және әрпі.

Казахстан, Кызылординская область, Аральский район

Средняя школа №61

Учитель начальных классов

Сералиева Гүлмариям Каржаубайкызы

Ж дыбысы және әрпі.

Мақсаты: Білімділік: Ж дыбысын сөз ішінен бөліп,дұрыс айтқыза білу.Ж әрпін таныту.Ж әрпі бар сөздерді оқи және жаза білу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту .

Тәрбиелілік:Оқушыларды таза,әдемі көркем жазуға тәрбиелеу.

Құрал -жабдық: Суреттер,жусан,жолбарыс,қима әріптер.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап

Түрі:Аралас сабақ

Типі:Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс:Дүниетану ,қазақ тілі

Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Амансың ба,алтын күн

Амансың ба,көк аспан

Амансың ба,достарым

Сендерді көрсем қуанам.

ІІ Үй тапсырмасы

- Осындай жақсы көңілмен өткен сабағымызға оралайық.Өткен сабақта Б,С,Ы, дыбыстарын өткен болатынбыз.Сонымен сендерге сұрақ.

1.Б дыбысы қандай дыбыс,сөздің қай жерінде кездеседі?

2.С дыбысы қандай дыбыс,сөздің қай жерінде кездеседі?

3. Ы дыбысы қандай дыбыс, сөздің қай жерінде кездеседі ?

Сөздер оқыту

Бала Сана Ыдыс

Бота Сона Шыны

Арба Маса Тауық

Дорба Аспан Қасық

Өткен сабақты қайталау мақсатында

Ойын «Әріп тастамақ»

Шарты :әріптерді таратып беремін.Сол әріп бойынша сөз ,сөйлем құрау.

ІІІ Жаңа сабақ

-Балалар, бізге жолбарыс қонаққа келіпті.

-Балалар,мынау ненің суреті?

-Қоңыздың.

-Ол қалай дыбыстайды?

-жжж

Жұмбақ

Түн шымылдық ашқаннан

Жымыңдайды аспаннан

Көп шырақтың аты не?

Қай әріптен басталған? (Жұлдыз,Ж әрпінен басталған )

Жүзім ,жүзік,жапырақ ,жаңғақ суреттерін көрсету .

Жаңғақ сондай қатты

Және сондай тәтті

Ал жұмыртқа қуыс

Іші оның уыз

Желпілдеген жалау

Көңілдегі алау

Жүйрік мінген жолдас

Ұзақ жолдас болмас.

ЖұмбақтарАспай піскен

Қайнамай түскен (жеміс)

Жазда жоғары тұрады

Күзде жерге түседі.(жапырақ)

Жол,жолбарыс ,жылан

Басталады «Ж»-дан

-Осы барлық айтылған сөздердің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

- «Ж» дыбысы

«Ж» дауыссыз дыбыс.Созылып,әндетіліп айтылмайды,ауыз қуысында кедергіге ұшырайды.

-Балалар ,сыныбымызда «Ж» дыбысы кездесетін бала немесе қыздар ма?

Жар-бол А-ру-жан Жан-са-я Мағ-жан

Буынға бөлдірту.

Ж дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі екен.

Ж дыбысы дауыссыз болғандықтан, оны қолымызбен апарып көк қалташаға саламыз.

Ойын «Суретті билет»

Шарты: Берілген суреттердегі Ж дыбысы бар сөздер айту

Оқулықпен жұмыс

-Бағанмен берілген сөздерді 1 минут беремін,дайындалып алып оқимыз.

Жаға жота жалау жуас жантақ

Жаса жуа жасау жуан жусан

-Барлығына оқытамын.

-Келесі бізге мәтін берілген

Жусан туралы түсінік беру. Қазақстанда 80 нен астам шөп түрлерінің ішінде жиі кездесетіні-жусан.

Шөп

-Балалар ,мынау қандай шөп деп ойлайсыңдар?

-Иә ,жусан

-Бұны қайдан көрдіңдер?

-Иә, далада өседі,малдар оны азық етеді.

Далада жусан мен жантақ көп кездеседі.

Ал, енді мәтінді оқиық.

Кәне ,кім оқиды?

Далада жусан бар.

Жусанға мал жақсы жайылады.

Жарас малды жусанға жайды.

Мал тойынды.

Сергіту сәті.

Жан-жағыма жантайдым

Жапырақтай жалпайдым

«Ж» дыбысын жаздым да

Жарға қарай шалқайдым.

Кеспе әріптермен жұмыс

Жара,жаға, Жанар,жас,жан, сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасау.

Дәптермен жұмыс

Оң қолымызды жоғары көтеріп,қаламымызды ұстап,Ж әрпін ауаға жазайық.

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам аалйық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық

Тақтаға Ж ж әрпін қалай салынатынын түсіндіріп көрсету.

Ж ж әрпін үлгі бойынша дәптерге жазамыз.

Ойын «Жапырақ жинау»

Жаман,жаса,жаға,жалау,Олжас,Айжан, сөздерін оқыту

Қорытынды:

Сұрақ-жауап арқыл қорытындылау

-Ал, балалар бізге қонақа келген Жолбарыс қайтқысы келіп тұр.

Сендерге рақмет айтып жатыр,сабаққа жақсы қатысқаныдарыңыз үшін және де дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып, сөздерді оқи алғандарыңа өте риза.

Ал,енді бізде Жолбарысқа «Сау болыңыз,»-дейік.

Балалар,сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.Әлде де көп оқып,үйренейік.

Балаларды мадақтау

Үйге тапсырма

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности