link6720 link6721 link6722 link6723 link6724 link6725 link6726 link6727 link6728 link6729 link6730 link6731 link6732 link6733 link6734 link6735 link6736 link6737 link6738 link6739 link6740 link6741 link6742 link6743 link6744 link6745 link6746 link6747 link6748 link6749 link6750 link6751 link6752 link6753 link6754 link6755 link6756 link6757 link6758 link6759 link6760 link6761 link6762 link6763 link6764 link6765 link6766 link6767 link6768 link6769 link6770 link6771 link6772 link6773 link6774 link6775 link6776 link6777 link6778 link6779 link6780 link6781 link6782 link6783 link6784 link6785 link6786 link6787 link6788 link6789 link6790 link6791 link6792 link6793 link6794 link6795 link6796 link6797 link6798 link6799 link6800 link6801 link6802 link6803 link6804 link6805 link6806 link6807 link6808 link6809 link6810 link6811 link6812 link6813 link6814 link6815 link6816 link6817 link6818 link6819 link6820 link6821 link6822 link6823 link6824 link6825 link6826 link6827 link6828 link6829 link6830 link6831 link6832 link6833 link6834 link6835 link6836 link6837 link6838 link6839
Максимов Александр Сергеевич
Должность:Журналист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Тірек сөздер

Казахстан, Темирский район, Актюбинская область

Калмак-кырганская начальная школа

Учитель начальных классов

Бисенова Данагул Сержановна

Тірек сөздер

Сабақтың мақсаты: мәтінге ат қоя білуге, мәтін тақырыбын анықтай алуға, тірек сөздерді қатыстыра және әңгіме (мәтін) құрай білуге, тақырыпқа қарап тірек сөздер таба білуге дағдыландыру.

II — сынып

ІV — сынып

І. Бағыт — бағдар беру, мақсат қою, үй тапсырмасы (3мин)

ІІ. Біріктірілген бөлім (15мин)

Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.

Мәтіннің бөліктері - басы, негізгі бөлім, соңы

Мәтіннің түрлері - әңгімелеу, сипаттау, пайымдау

Сахналау. Ертегіні сахналау. Ата, әже, қоян, қасқыр, аю, түлкі суреттерін көрсетіп, бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездесетіні сұралады. Ертегінің тақырыбы анықталған соң, балалар естеріне түсіріп, өз сөздерімен ойнап шығады.

Ертегінің «Бауырсақ» екенін қайдан білдіңдер?

Оның атын дұрыс табуға не көмектесті немесе не арқылы тез таптыңдар? — деген сұрақтар қою арқылы оқушыларға тірек сөздердің мәнін түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Ойын. «Сурет арқылы ертегіні анықта»

А) атасы, әжесі, немересі, шалқан, мысық, ит, тышқан.

Ә) мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан.

Б) қарлығаш, маса, айдаhар, бесік, сәби.

Ертегіні анықтаған соң балаларға әңгімелету.

ІІІ. Сараланған бөлім (25мин)

Күз тақырыбына байланысты сюжетті суретті карточкалар таратылып беріледі де, сол суретке қарап тірек сөздерді табу жұмысы тапсырылады.

Мұғалім көмегімен жұмыс –3 мин.

Өзіндік жұмыс — 3мин.

2. Берілген суретті карточкалар бойынша және тірек сөздерді қатыстырып шағын әңгіме құрау тапсырылады.

Тірек сөздер жазылған карточкалар таратылып беріліп, сол тірек сөздер арқылы әңгіме құрау, оған ат қою жұмысы орындатылады.

Сергіту сәті.

Мен орманда келемін,

Күн бұлттанды,

Жаңбыр жауды,

Жаңбыр қатты жауды,

Жаңбыр басылды,

Күн шайдай ашылды.

Мұғалім басшылығымен жұмыс — 3 мин.

Сурет бойынша құраған әңгімелерін айтып береді.

Өзіндік жұмыс – 15 мин.

Құрастырған әңгімелерін дәптерлеріне жазады.

Өзіндік жұмыс — 15 мин.

Құраған әңгімелерін дәптерге жазбаша орындайды.

Мұғалім басшылығымен жұмыс — 3 мин.

Жазған әңгімелері тексеріледі.

ІV. Біріктірілген бөлім - 3 мин.

Сабақты қорытындылап, тірек сөздердің мән — мағынасы, маңызы туралы оқушылардан сұралады.

Сырты жасыл, қап — қатты, Қызыл қазық,

Іші қызыл, тәп — тәтті. (қарбыз) Таңсық азық. (сәбіз)

Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім,

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат — қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді. (қырыққабат)

V. Үйге тапсырма: күздің суретін салу.

VІ. Оқушы білімін бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности