Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік Оқушыларға ұжыммен, топпен жұмыс жасауды үйрету.
2. Дамытушылық Оқушылардың ой-қиялын дамыту.
3. Тәрбиелік Оқушыларды шапшандыққа, тәртіліпке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Көренекілігі: презентация
Болжамдап отырған нәтиже: Оқушылар топпен жұмыс істеп, сұраққа толық жауап беру.
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәдемдесу
ІІ Жаңа сабақ
1 Сайыстың шарты
2 Топқа бөлу
3 Бөлімдерді хабарлау
4 Сергіту сәті
ІІІ Сабақты қорытындылау
1 Марапаттау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәдемдесу
ІІ Жаңа сабақ
1 Сайыстың шарты
Ойынның кезеңдері.
1 бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
2 бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр»
3 бөлім: «Сен білесің бе?»
4 бөлім: «Жеті жұрттың тілін біл»
5 бөлім: «Қолқа салу»
2 Топқа бөлу
3 Бөлімдерді хабарлау
1 бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Әріптер таратылады. Әр топтың ойыншылары жеке бір-бір әріп таңдап алады. Қойылған сұраққа сол әріптен бастап жауап береді.
Әріптер:Ж,С,О,Ш,А,Қ,Б,М
1 Мектепке немен келесің?
2 Үй жануарын ата?
3 Сабақтан көп қаласың ба?
4 Сенің адал досың кім?
5 Саған қай пән ұнайды?
6 Батырды намыс өлтіреді ме?
1 Ертегі кейіпкерін ата?
2 Оттан ыстық не?
3 Дүкенге кіммен барасың ?
4 Мектепке келер кезде не жедің?
5 Алма қайда өседі?
6 Еденді немен жуасың?
2 бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр»
Берілген сөзден бірнеше сөз ойла
«Тәуелсіздік»
3 бөлім: «Сен білесің бе?»
1 Тіл туралы мақал-мәтел айт
2 ҚР рәміздерін ата?
3 ҚР-сы Тәуелсіздігі қашан жарияланды?
4 Туған ел туралы қандай өлең білесің?
5 Желтоқсан құрбандарын ата?
6 Абай атамыз кім?
4 бөлім: «Жеті жұрттың тілін біл?»
1 Күн мен түннің теңелетін жыл мезгілі?
Көктем Весна
2 Жеті қазынаның бірі- Адамды қорып жүретін досы?
Ит Собака
3 Ұзын мұртты сарылар
Қойнында наны бар
Бидай Пшеница
4 Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім,
Елімді мен сүйемін.
Жақсылыққа жақын боп,
Әдрайым күліп жүремін.
Көңіл-күйді көтеру:
ІІІ Сабақты қорытындылау
1 Марапаттау
5 бөлім: «Қолқа салу»
Жеңілген топ жеңген топқа шапалақтап құттықтау.