link8442 link8443 link8444 link8445 link8446 link8447 link8448 link8449 link8450 link8451 link8452 link8453 link8454 link8455 link8456 link8457 link8458 link8459 link8460 link8461 link8462 link8463 link8464 link8465 link8466 link8467 link8468 link8469 link8470 link8471 link8472 link8473 link8474 link8475 link8476 link8477 link8478 link8479 link8480 link8481 link8482 link8483 link8484 link8485 link8486 link8487 link8488 link8489 link8490 link8491 link8492 link8493 link8494 link8495 link8496 link8497 link8498 link8499 link8500 link8501 link8502 link8503 link8504 link8505 link8506 link8507 link8508 link8509 link8510 link8511 link8512 link8513 link8514 link8515 link8516 link8517 link8518 link8519 link8520 link8521 link8522 link8523 link8524 link8525 link8526 link8527 link8528 link8529 link8530 link8531 link8532 link8533 link8534 link8535 link8536 link8537 link8538 link8539 link8540 link8541 link8542 link8543 link8544 link8545 link8546 link8547 link8548 link8549 link8550 link8551 link8552 link8553 link8554 link8555 link8556 link8557 link8558 link8559 link8560 link8561 link8562 link8563 link8564 link8565 link8566 link8567
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Тулегенова Гульнур Бисембаевна, учитель информатики Средней школы №3 г.Эмба Мугалжарского района Актюбинской области, Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қалалық №3 орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі Тулегенова Гүлнұр Бисембайқызы

Пәні:информатика

Сыныбы: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: «модельдеуге тәжірибелік жұмыс»

Жалпы мақсаты: модельдей біледі.

Оқу нәтижесі: модельдеуге мысал келтіріп, талдай біледі. Моделді жіктей біледі. Ақпараттық, таңбалық, компьютерлік модельдерді ажырата біледі.

Түйінді идея:бір — біріне қолдау көрсетеді.

Сабақтың түрі: саяхат — сабақ.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы: сыни тұрғыдан ойлауға үйтеретін әдіс-тәсілдер: ассоциация әдісі, «фишбон» әдісі, «галерея» әдісі, жіңішке, жуан сұрақтар.

Барлық оқушыларды сабаққа тарту формасы: жеке,топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, география, сурет, технология.

Үйрену барысын бағалау: формативті, жиынтық ( критериалды бағалау).

Негізгі дерек көздер, құрал-жабдықтар: «Информатика 6 -сынып» Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ. Әбенов. Компьютерлер, интерактивті тақта, Activote құрылғысы.

Сабақтың жоспары:

І кіріспе бөлім. (8 мин)

  1. Тренинг «ИяЖоқ».
  2. Тақырыпты ашуға арналған бағыттаушы сұрақтар мен тапсырмалар.
  3. Бағалау (жетон тарату)
  4. Топқа бөліну.
  5. Сергіту сәті (1 мин)

ІІ тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын түсіндіру бөлімі (2 мин)

  1. Оқушыларға тапсырмаларды түсіндіру. «Бәйтерек» кешеніне модель құру.

ІІІ негізгі бөлім (30 мин)

  1. Оқушыларға тапсырмалар ұсыну (модельдеудің 4 кезеңін құру.)

І кезең: Есептің қойылымы. (ассоциация әдісі «Бәйтерек» сөзіне, Бейнеролик көру.)

ІІ кезең: Модельді құру. («Фишбон» әдісі.) Үйден орындап келген модельдерін қорғайды.

ІІІ кезең: Компьютерлік модель.( графикалық редакторда суретін салу. )

IV кезең: Модельдеу нәтижесін талдау. («галерея» әдісі.)

  1. Бағалау.

IV қорытынды бөлім. (5 мин)

  1. Өзін-өзі бағалау.
  2. Жиынтық бағалау.
  3. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыз ерекше болады, өйткені бүгін біз кемемен саяхатқа шығамыз. Саяхат барысынды біз аралдарға тоқтап, тапсырмаларын орындаймыз. Сапарларыңыз сәтті өтсін!

І бөлім. Кіріспе

І аялдама. «Еске түсір» аралы.Тренинг «ИяЖоқ». Бір оқушының басына тақия кигізіледі, (тақияда бір сөз жазылған) тақиядағы сөзді оқушы сұрақ қойып табу керек, қалған оқушылар сұраққа «ия немесе жоқ» деп жауап бере алады. Сөз өткен тақырып бойынша алынады, мысалы: «Модель», «модельдеу» т.с.с.

Тақырыпты ашуға арналған бағыттаушы сұрақтар мен тапсырмалар.

  • Модель дегеніміз не?
  • Модельдеу дегеніміз не?
  • Модельдеу неше кезеңнен тұрады?
  • Қандай?

Бағалау. Оқушыларға жауабына байланысты жетон тарату (толық жауап — жасыл, толық емес — қызыл).

Топқа бөліну: 1,2,3,4 санамақ.

ІІ аялдама. «Бойыңды сергіт» аралы.

  1. Сергіту сәті. ( қысқы сергіту)

ІІІ аялдама. «Модельдеу» аралы.

ІІ тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын түсіндіру бөлімі

  1. Оқушыларға тапсырмаларды түсіндіру. «Бәйтерек» кешеніне модель құру.

ІІІ негізгі бөлім

  1. Оқушыларға тапсырмалар ұсыну (модельдеудің 4 кезеңін пайдаланып, модельдеу.)
  2. І кезең: Есептің қойылу кезеңі.«Астана» дегенде ойымызға бірінші не түседі? Оқушылар ойларын айтып өтеді. «Бәйтерек» дегеніміз не? ассоциация әдісі бойынша оқушылар постер құрады.

Оқушыларға бәйтерек монументі туралы бейнежазба көрсету. https://www.youtube.com/watch?v=p6rjDECAyvA

ІІ кезең: Модельді құру

«Фишбон» әдісі. (ақпараттық модель)

1-қадам: мәтінді әр оқушы жеке оқу

2-қадам:оқу үрдісінде қаңқаның басында мәтінде қарастырылатын проблема белгіленеді

3-қадам: жоғарғы «қосымша бұтақтарында» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.

4-қадам: балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады.

5-қадам: жұпта, топта жұмысты талқылау.

6-қадам: топ жұмысын аудиторияда презентациялау.

Мысал:

Үйден салып келген суреттерін немесе макеттерін қорғау.

ІІІ кезең. Компьютерлік тәжірибе кезеңі. «Paint» графикалық редакторында «Бәйтерек» монументін салу.

IV кезең. Модельдеу нәтижесін талдау. Түпнұсқасымен салыстыру. «Галерея» әдісі. Әр топ мүшелері топтардың салған суреттеріне баға қояды, критерий бойынша.

Ескерілетін жайттар(критерийлер) : Ұзындығы (10,5 см), «Бәйтерек» нысанының үш бөліктен тұруы, астының тамыр жаюы, ортасында, алтын шардың болуы,17 жапырағының болуы, орналасуы.

  1. Бағалау . (1-тапсырма — 1балл, 2-тапсырма — 2 балл, 3- тапсырма — 3 балл)

IV арал. «соңғы арал».

IV қорытынды бөлім.

  1. Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам» әдісі бойынша жетон көтеру.
  2. Жиынтық бағалау. Бағалау парағын толтыру.
  3. «2жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша оқушылар өз ойларын стикерге түсіріп, жабыстырады.

Бағалау парағы.

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырма-сына жауап берді

Жасыл жетон санын санау.

Сұрақтарға жауап берді

(жетон санын санау)

Тәжірибелік жұмысты орындады

1- жұмыс-1 балл

2 -жұмыс  — 2 балл

3- жұмыс-3 балл

Баға

…10-8 ұпай — «5»

7-5 ұпай — «4»

4-1 ұпай — «3»

0 ұпай — «2»

  1. Үйге тапсырма беру. 15-16 тақырып, «Астана қаласындағы «Бәйтерек» кешенінің макетін жасап келу»

Назарларыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности