link2337 link2338 link2339 link2340 link2341 link2342 link2343 link2344 link2345 link2346 link2347 link2348 link2349 link2350 link2351 link2352 link2353 link2354 link2355 link2356 link2357 link2358 link2359 link2360 link2361 link2362 link2363 link2364 link2365 link2366 link2367 link2368 link2369 link2370 link2371 link2372 link2373 link2374 link2375 link2376 link2377 link2378 link2379 link2380 link2381 link2382 link2383 link2384 link2385 link2386 link2387 link2388 link2389 link2390 link2391 link2392 link2393 link2394 link2395 link2396 link2397 link2398 link2399 link2400 link2401 link2402 link2403 link2404 link2405 link2406 link2407 link2408 link2409 link2410 link2411 link2412 link2413 link2414 link2415 link2416 link2417 link2418 link2419 link2420 link2421 link2422 link2423 link2424 link2425 link2426 link2427 link2428 link2429 link2430 link2431 link2432 link2433 link2434 link2435 link2436 link2437 link2438 link2439 link2440 link2441 link2442 link2443 link2444 link2445 link2446 link2447 link2448 link2449 link2450 link2451 link2452 link2453 link2454 link2455 link2456 link2457 link2458 link2459
Айнагуль Сагинтаева
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Восточно- Казахстанская область
"Қазақстанның ғалымдары және етістік"

Сагинтаева Айнагүл Қалелқызы

қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі

№ 3 орта мектеп,

Курчатов қаласы

Шығыс- Қазақстан облысы

Қазақ тілі пәнінен 10 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ғалымдары. Етістіктің райлары мен шақтары.

Сабақтың мақсаты: Тұңғыш ғалымдар жөнінде алған білімдерін толықтыру, өткен тақырып бойынша әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын, ережені қолдануын тексеру, білімдерін жүйелеп, өз пікірін айта білуге қалыптастыру.

Білімділік: етістік бойынша алған білімдерін нақтылау, етістіктің райларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру, етістік туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу.

Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, өзіндік талдау, бағалау ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын, шығармашылық біліктіліктерін арттыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Тәрбиелік: Белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу, оқушылардың заманға сай қазақ тіліне белсенділік, қызығушылық арттыру, еңбек етуге шақыру, туған жерге, елге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: ғалымдар туралы суреттер, слайдтар, интербелсенді тақта, бағалау парақшасы, семантикалық карта, үлестірмелі кестелер, тірек сызбалар.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: аудиовизуальды, интерактивті әдіс, ИКТ.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

3. Сабақты қорытындылау.

4. Бекіту. Оқушы білімін бағалау.

5. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Әр оқушылардың алдында өз өзін тексеретін парақ бар. Әр тапсырманың соңында өзін- өзі бағалайды.

II. «Есіңе түсір» миға шабуыл ойыны

Кестеге түсініктеме:

(Цифлы кестеде жасырынды сұрақтар, бұл сұрақтар тышқанның сілтемесімен ашылады. «Етістік» секторындағы 1-ші сұрақ 10 ұпаймен бағаланады, 2-ші сұрақ- 20 ұпаймен, 3-ші сұрақ- 30 ұпаймен, 4-ші сұрақ- 40 ұпаймен, солай қалған секторлар да «Етіс», «Етістіктің шақтары», «Етістіктің райлары») Бағалау нормалары: «5» деген баға- 70-80, «4» деген баға- 40-60, «3» деген баға- 10-20

«Етістік» секторы

  1. Болымсыз етістік қалай жасалады?
  2. Тұлғасына қарай етістіктің неше түрі бар? Олар қандай етістіктер?
  3. Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?
  4. Тұйық етістік дегеніміз не?

«Етіс» секторы

1. Қандай жұрнақ екі етіске ортақ?

2. Көп адамның ісімен орындалатын етістікті қалай атайды?

3. Қай етістіктің жұрнағы салт етістікті сабақтыға айналдырады?

4. Тек бір сөзге жалғанатын етіс жұрнағы?

«Шақ» секторы

  1. Етістіктің шақ категориясы қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
  2. Өткен шақтың түрлері.
  3. Келер шақ деген не?
  4. Нақ осы шақтың жасалу жолдары?

«Рай» секторы

  1. Қай кезде шартты рай қалау райға ауысады?
  2. Шартты рай қалай жасалады?
  3. Бұйрық райлы етістік деген не?
  4. Ашық рай деген не?

Бұл тапсырманың орындалуы қорытындысы бағалау параққа енгізіледі.

IIІ.«Білімді де білікті» Оқушылардың назарларын экрандағы дөңгелектерге аудару.

Мына дөңгелектерді ашқанда мәтіндерден үзінділер ұсынған. Үзіндіні оқып, кім туралы айтылғанын табу керек.

Көк түсті дөңгелектегі мәтіннің үзіндісі:

«… Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде ол туралы ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған…» (Қаныш Сәтбаев)

Жасыл түсті дөңгелектегі мәтіннің үзіндісі:

«… Ленинградта оқып жүрген кезінде Қазақ Ғылым Академиясының Қазақстан мен Алтайдың өндіргіш күштерін, халқын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. Адайлар мен Наймандардың әдет — ғұрпын, тұрмыс — салты мен өнерін зерттеді…» (Әлкей Марғұлан)

Сары түсті дөңгелектегі мәтіннің үзіндісі:

«…1919 жылы кыркүйекте Т.Рысқұловтың шақыруымен Ташкентке келеді. Түркістан АКСР-інің денсаулық сақтау халық комиссары, Жер халық комиссары, түркістан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры қызметтерін атқарды». (Жәутіков Орынбек)

Күлгін түсті дөңгелектегі мәтіннің үзіндісі:

«…республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушыларының бірі. Бұл мектеп қазір оның есімімен аталды. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауға және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулық шығарған» (Асфендияров Санжар)

ІV. Ғалымдар туралы мәтіндермен жұмыс. Алдын ала топтарға бөлінуді ойластыру. Оқушылар 5 топқа бөлініп мәтіндермен жұмыс орындайды.

V. Тапсырмалар:

  1. Мәтіннің мазмұнын плакаттарда тірек сызба арқылы ашу. Топтық жұмыстарды тақтада көрсетіп ұсыну.

2. Тапсырмаларды орындайды (әр топқа үлестірмелі тапсырмалар таратылады):

· Мәтіннен етістіктерді белгілеңдер.

· Оларды топтастырып жазыңдар. Не себептен солай топтастырғандарыңды дәлелдеңдер.

· Семантикалық картамен жұмыс (топтағы оқушылар бұл тапсырманы мәтіндегі кез келген етістіктерді рай категориясына қатысты кестеге толтырады, тапсырма әр оқушымен жекеше орындалады)

Ашық рай

Шартты рай

Қалау рай

Бұйрық рай

Оқушының аты-жөні____________________________

Ашық рай

Шартты рай

Қалау рай

Бұйрық рай

«5»

7

4

3

4

«4»

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности