link4200 link4201 link4202 link4203 link4204 link4205 link4206 link4207 link4208 link4209 link4210 link4211 link4212 link4213 link4214 link4215 link4216 link4217 link4218 link4219 link4220 link4221 link4222 link4223 link4224 link4225 link4226 link4227 link4228 link4229 link4230 link4231 link4232 link4233 link4234 link4235 link4236 link4237 link4238 link4239 link4240 link4241 link4242 link4243 link4244 link4245 link4246 link4247 link4248 link4249 link4250 link4251 link4252 link4253 link4254 link4255 link4256 link4257 link4258 link4259 link4260 link4261 link4262 link4263 link4264 link4265 link4266 link4267 link4268 link4269 link4270 link4271 link4272 link4273 link4274 link4275 link4276 link4277 link4278 link4279 link4280 link4281 link4282 link4283 link4284 link4285 link4286 link4287 link4288 link4289 link4290 link4291 link4292 link4293 link4294 link4295 link4296 link4297 link4298 link4299 link4300 link4301 link4302 link4303 link4304 link4305 link4306 link4307 link4308 link4309 link4310 link4311 link4312 link4313 link4314 link4315 link4316 link4317 link4318 link4319
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Ф.Оңғарсынова."Оюлар"өлеңі

Қазақстан Республикасы,Ақтөбе облысы
"Қандыағаш қалалық №1орта мектебі" ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Абильгазина Г.Б.

Сабақтың мақсаты: ақын өлеңін оқыта отырып, мазмұндық идеясын ашу.

Білімділік: өлеңді мәнерлеп оқыту, мазмұндық талдау жасауға үйрету,әдебиет теориясынан білім-білік дағдысын қалыптастыру,ақынның шығармашылығына ден қоюға баулу.

Тәрбиелік: ұлттық қолөнерді,салт-дәстүрді қадірлеу,сақтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: өз бетінше жұмыс жасау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс.

Тех.құрал-жабдық: интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: технология пәні, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру-психологиялық тренинг.

ІІ. «Ойашар»- жаңа сабақ алдындағы даярлық.

  1. «Ой түбінде жатқан сөз…» айдарымен құпия қобдиша ішіндегі жасырған затты табу /оқушылар жұмбақты шешу арқылы заттың атауын табады/.

Жұмбақ: Әжемнің көзіндей ,

Ажары мен сәніндей,

Әшекейінде киімнің,

Жиһазында үйімнің,

Ғасырдан-ғасырға жеткен,

Неткен бұл керемет! /Шешуі: ою/

2. «Оюлар сырына үңілсек…» айдары.

Мұғалім сөзі:

- Ою- өрнектің бір түрі. Қазақ тілінде «ою» сөзі «өрнек» сөзімен бірге қос сөз түрінде айтылады.Латынша — «орнамент». «Орнамент»-көп елдің тіліне енген халықаралық термин. Мағынасы-сәндеу,әсемдеу. Осы сәндеу,әсемдеудің бір түрі-жан-жануарлар мен өсімдік белгілері,геометриялық фигуралар сияқты элементтердің үнемі қайталанып, симметриялы орналасқан құрылымы. Ою затты ою /тас,ағаш/, тілу /тері,былғары/, қию/ қағаз,мата/ тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын, сырмақ, текемет, көрпеше, сандық,кебеже,жүкаяқ беттерін,сондай-ақ киім-кешектерді, т.б. безендіруде қолданылады /интерактивті тақтадан слайд көрсетіледі/.

Ою туралы әңгімелей отырып, оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

ІІІ. Жаңа сабақ. Фариза Оңғарсынова.«Оюлар» өлеңі

1. Оқушылар интерактивті тақтадан «Ақын туралы бір үзік ой» тақырыбымен берілген мәтінмен танысады:

«Қазақтың ұлттық қолөнерінің бір түрі -оюларды өз өлеңіне арқау еткен қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өлкесінде дүниеге келген. Ақынның нәзік те сыршыл, жігерлі өлеңдері туған жерге,табиғатқа, туған халқына деген сүйіспеншілікке толы. Жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа, ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білу қасиеттеріне тәрбиелейді. Сондай өлеңінің

бірі-«Оюлар».

2. Мұғалімнің мәнерлеп оқуымен таспаға жазылған өлеңді оқушыларға тыңдату.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылардың оқуында өлең мазмұнына сұрақ-жауап әдісімен талдау жасалады:

--- Өлеңді оқығанда көз алдарыңа қандай сурет келеді?

/Оқушы жауабы: қазақтың оюлары. Текемет басқан,ою ойған әжелер бейнесі/

Интерактивті тақтадан слайд көрсетіледі.

--- Өлеңнен ақынның қандай көңіл күйі, сезімі байқалады? Оны қай жол-

дардан байқадыңдар?

/Оқушы жауабы: ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік, ауылы алыста қалған балалық шаққа деген сағыныш /оқушылар айтылған сезімдерді байқататын өлең жолдарын тауып оқыды/.

--- Сонымен бірге өлең шумақтарынан ақынды мазалаған бір ойды да

аңғарғандаймыз. Қандай ой?

/Оқушы жауабы: «әжелеріміздің көзіндей боп,ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнеріміз-оюларды бүгінгі ұрпақ қадірін білмей, жоғалтып алмай ма?» деген қауіп/.

Оқушылар өлең шумақтарын оқу арқылы өз ойларын дәйектейді

3. Ойтүйін. Оқушылар «Бұл қауіп орынды ма?» деген сауал төңірегінде өз ойларын айтады.

ІV.Бекіту. Оқушылар өлең идеясын анықтайды. Өлең құрылысына талдау жасайды.

Сөздік жұмысы жүргізіледі:

Қошқармүйіз-оюдың бір түрі.

Текемет- жүнді сабап,түтіп алғаннан кейін шидің бетіне жайып,ою салатын үй жиһазы.

Басқұр,желбау- киіз үйдің ішіне сән беретін, безендіріп тұратын өрнекті жалпақ бау/құр/.

/слайд көрсетіледі/.

Қорытынды сөз. Қазақтың оюлары - халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен асыл мұрасы,баға жетпес қазынамыз. Ұлтын,оның салт- дәстүрін, өнерін бағалайтын ұл-қыздарымыз барда ұлттық қолөнеріміз де жоғалмайды, ұлтпен бірге мәңгі жасайды.

«Жас оюшылар шеберханасы». Оқушылар күні бұрын дайындаған түрлі-түсті қағаздардан өздері білетін ою түрлерін ояды. Оюларға ақынның өлең шумақтарымен жан бітіреді:

Түрін-ай оюлардың! Асыл қандай!

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай,

Жан бітіп, жайраңдады жан-жағымнан,

Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.

V. Үйге тапсырма. Өлеңнен үзінді жаттау.

VІ.Бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности