Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Гомер және ежелгі гректер

Казахстан,Кызылординская область, г.Байконур
ГБОУ СОШ №8
Преподаватель истории
Агибаева Айгуль Абдиалимовна

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ежелгі грек халқының ақыны Гомер мен оның шығармаларының дүниежүзілік маңыздылығын түсіндіру, Г.Шлиман ашқан ұлы жаңалыққа тоқталып, Грекия мәдениетінің дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесін ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ой, таным белсенділігін дамытып, жатық сөйлеуге дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: Грекия халқының ежелгі дүниедегі бай мәдени мұрасы жайлы мағлұмат берумен қатар, өнер туындыларын құрметтеуге баулу, эстетикалық тәрбие беру.

Типі: жаңа білімді меңгерту

Түрі: саяхат сабақ

Әдістері: Түсіндірмелі көрнекілік,баяндау, ой-толғаныс стратегиясы, репродуктивті.

Көрнекілігі: Ежелгі Грекия картасы, Гомер,Г.Шлиман, Ежелгі Грекия құдайларының,қалаларының суреттері слайдтар, Ж.Жабаевтың портреті,кітаптар,сөзжұмбақ, ұшақ.

Пәнаралық байланыс:әдебиет,өнер,география пәндерімен байланыстыру

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру Қызығушылығын ояту

а) Оқушыларға дұние елдеріне саяхат жасайтымызды айту. ә) Ежелгі Грекияның географиялық орналасуы туралы сұрау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

§23. Ежелгі Грекия құдайларының әлемі

Аялдамалар:1-Құдайлар 2-Зевс әлемі 3-Посейдон патшалығы. 4- Аид.

1. Дүние қалай жаралды? 2. Зевс Олимпте 3. Посейдонның теңіз патшалығында 4. Қараңғы Аид патшалығында 5. Құдайлар мен адамдар

(Саяхаттап әр аялдамаға тоқтап,оқушы сабақ айтқан кезде слайд арқылы суреттер шығады )

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау.

5-аялдама. «Кім алғыр» (слайд арқылы) ойыны

Өткен сабақта Ежелгі Грекия құдайлары туралы білсек, бүгінгі сабақта Грекия мәдениетімен танысамыз.

ІV. Жаңа сабақ

§24.Гомер және гректер

Мақсаты: ежелгі грек халқының ақыны Гомер және оның шығармаларының дүниежүзілік маңыздылығына, Г.Шлиман ашқан ұлы жаңалыққа тоқталып, Грекия халқының бай мәдени мұрасы жайлы мағлұмат алу.Өнер туындыларын құрметтеуге баулып, эстетикалық тәрбие беру.

Жоспары: 1.Ел кезуші әншілер

2.Шлиманның ашқан жаңалығы

3.Троя соғысы

Жаңа сабақты слайд, карта, кесте көрсетіп түсіндіру

6-аялдама. «Гомер»

1.Гректер өздерін эллиндерміз деп атаған.Эллиндер ел кезіп жүрген әншілердің әнін тыңдаған.Ол әншілер-аэдтар деп аталған.Олар алаңда өнер көрсеткен.Кифараның сүйемелдеуімен патшаларды,батырларды,ата-бабала- рының даңқты ерліктерін жырлаған.

Аэдтардың ішіндегі ең атақтысы Гомер болды. Гомер б.з.д.VІІІ ғ.өмір сүрген ақын.Гомер туралы деректер аз.Оны Азияның бір қаласында дүниеге келген дейді,бұл нақтылы қай қала екені әлі күнге дейін белгісіз.Гомердің Отаны атану құрметіне 7 қала иеленіп жүр.″Гомер″ грек тілінде зағип,соқыр деген мағына берген.Гомер соқыр болған,оның өмірінің көп бөлігі грек жерінде өткен.Ақын қолына кифара атты музыкалық аспапты алып,бір қала- дан екінші қалаға өзінің өлеңдерірн жырлаған.Гомердің ″Илиада″,″Одиссея″ дастандары дүниежүзілік шығармалардың ұлы туындылары.

Сөздік жұмысы

Кифара-шекті музыкалық аспап

Аэдтар- ел кезіп жүретін әншілер

7-аялдама. «Шлиман»

XVІІІ-XІX ғасыр ғалымдары бұл дастандарды ертегі-аңыз деп қабылдады, бірақ неміс ғалымы Г.Шлиманға бұл оқиғаларды шындық деп қабылдады.Ол Гомердің ″Илиада″,″Одиссея″ дастандарын кішкентай күнінен оқып, аңыз қаланы табуды армандады.

Гиссарлық төбесінен, қазіргі Түркия аумағында дастандағы Троя қаласын тапты. 1870 жылы қазба жұмысына кірісті,көп еңбектенді,нәтижесінде бір емес бірінің үстіне бірі салынған 9 қаланың орны табылды. Ерекше жаңалық- археолог тапқан асыл тасты қазына.Бұл Гомер дастанындағы Приам патшаның қазынасы еді.″Гомер жырындағы Троя қаласы осы ма?″- деген ғалымдарда әртүрлі пікір пайда болды.Бірақ Шлиманның ашқан жаңалығы

ұлы жаңалық болып қала береді.

8-аялдама. «Троя соғысы»

Троя соғысы. Троя қаласы биік дуалмен қоршалған.Аңыз бойынша оны Посейдон мен Аполлон салды.Приам патша билік құрған,оның балаларының ішіндегі ең батыры Гектор,ең сұлуы Парис.

Г

О

М

Е

Р

Г

е

К

Т

О

Р

А

Ф

И

н

А

Г

Е

Р

А

А

Ф

Р

О

Д

И

Т

А

А

Х

Е

Й

Ш

У

М

Е

Р

И

л

И

О

Н

П

Р

и

А

М

А

Г

А

Н

Е

м

Н

О

Н

А

Э

Д

Т

а

Р

Е

Л

Е

н

А

А

Ф

И

н

А

Г

Е

Р

А

А

Ф

Р

О

Д

И

Т

А

А

Х

Е

Й

Ш

У

М

Е

Р

И

л

И

О

Н

П

Р

и

А

М

А

Г

А

Н

Е

м

Н

О

Н

А

Э

Д

Т

а

Р

Е

Л

Е

н

А

Үш әйел құдай-Гера,Афина,Афродита,олар″Ең сұлуға″ деген жазуы бар алманың кімге тиесілі екенін білу үшін таласып,Паристен төрелік етуін сұрайды.Ол алманы өзін сұлу әйелге үйлендіремін деп уәде берген Афродитаға береді.Гера мен Афина троялықтарға өштенеді.Ал Афродита Париске Спарта патшасы Менелайдың әйелі Еленаны алып қашуға көмектеседі.Ызаланған Менелай Трояға қарсы жорыққа аттанады.

Ү. Жаңа сабақты бекіту

9- аялдама. «Сөзжұмбақ» «Генрих Шлиман»

1.«Илиада»,«Одиссея» дастандарының авторыкім?

2. Приам патшаның батыр ұлы

3. Үш әйел құдайдың бірі

4. Үш әйел құдайдың бірі

5. «Ең сұлуға» деген жазуы бар алма кімге тиісті?

6. Грек тайпаларының бірі

7. Месопатамияның оңтүстігінде орналасқан мемлекет

8. Троя қаласының екінші аты

9. Троя қаласының патшасы

10.Менелайдың ағасы

11.Ел кезіп жүретін әншілер

12.Ең сұлу әйел

10-аялдама. «Талас алма»

Ой-толғаныс. «Талас алма» тіркесінің мәні.

VІ.Жаңа сабақты қорытындылау.

1.Ежелгі Грекия қалалары мен қолөнері және қазіргі Грецияны сипаттап,ой қорытып, саяхаттан қайту.

2. ΧΧ ғасырдың Гомері атанған Қазақ халқының мақтанышы Ж.Жабаев атамыз туралы оқушылардан сұрап, қосымша материалдар арқылы өміріне, жанұясына, шығармаларына тоқталу.

3. Мектеп кітапханасымен байланыс. «Цивилизация» энциклопедиясы мен «Еуропа» кітаптарынан Грекия жайлы суреттер көрсетіп, кітап оқуға шақыру.

VІІ. Үйге тапсырма

§ 24. Гомер және ежелгі гректер ( оқу, сұраққа жауап) Ежелгі Грекия және Қазіргі Грекия туралы іздену(қалалары,қолөнері,шар-уашылығы,халқы туралы суреттер, хабарлама дайындау)

VІІ. Бағалау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности