link14616 link14617 link14618 link14619 link14620 link14621 link14622 link14623 link14624 link14625 link14626 link14627 link14628 link14629 link14630 link14631 link14632 link14633 link14634 link14635 link14636 link14637 link14638 link14639 link14640 link14641 link14642 link14643 link14644 link14645 link14646 link14647 link14648 link14649 link14650 link14651 link14652 link14653 link14654 link14655 link14656 link14657 link14658 link14659 link14660 link14661 link14662 link14663 link14664 link14665 link14666 link14667 link14668 link14669 link14670 link14671 link14672 link14673 link14674 link14675 link14676 link14677 link14678 link14679 link14680 link14681 link14682 link14683 link14684 link14685 link14686 link14687 link14688 link14689 link14690 link14691 link14692 link14693 link14694 link14695 link14696 link14697 link14698 link14699 link14700 link14701 link14702 link14703 link14704 link14705 link14706 link14707 link14708 link14709 link14710 link14711 link14712 link14713 link14714 link14715 link14716 link14717 link14718 link14719 link14720 link14721 link14722 link14723 link14724 link14725 link14726 link14727 link14728 link14729 link14730 link14731 link14732 link14733 link14734 link14735 link14736 link14737 link14738 link14739 link14740 link14741
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Мыс - тас ғасыры энеолит

Қазақстан, ШҚО, Семей қаласы

«Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ» КММ

Тарих пәнінің мұғалімі

Омирбаева Меруерт Даулетбековна

Білімділігі: Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой - өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, оқушыларға адамзат баласының металдан жасалған құралдарды мыс - тас ғасырынан (энеолит) игере бастағанын түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту, шығармашылығын дамыту. Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Топтық жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: «Жинақтау», « Ойлан тап», « Сиқырлы сандықша», « Тарих әлемі» ойындары.
Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі адамдар еңбек құралдары, энеолиттік қыш ыдыстар суреттері, буклеттер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың жоспары:
1. Мыс - тас ғасырының ерекшелігі.
2. Еңбек құралдарының жетілдіруі.
3. Мыс - тас ғасырының ескерткіштері.
1. Ұйымдастыру кезеңі ( 5мин ).
Топтармен таныстыру: I - топ: « Тапқырлар»
II - топ: «Білгірлер»

Жарыс жоспары:
1 - кезең. «Сәлем сөздің анасы» таныстыру, топ аты, топ ұраны.
2 - кезең. «Жинақтау» / Адамның қалыптасу кезеңдерін ретімен орналастыру /.
3 - кезең. «Ойлан тап» / Суреттегі еңбек құралдарының атын дәл табу /.
4 - кезең. «Сиқырлы сандықша» / Сандықша ішінде заттар жасырылады /.
5 - кезең. «Тарих әлемі» / Әріптер артына сұрақтар жасыру /.

1 - кезең. Әр топ — топ атын, топ ұранын таныстырады. Өте жақсы - 10 ұпай
Орташа - 5 ұпай

Мұғалім: Карта арқылы алғашқы адамдардың қоныстанған жерлерінен жүріп өтеміз. Әр қоныстанған шатқалдардан өткен сайын көптеген тапсырмаларға жауап беруіміз керек.
2 - кезең. «Жинақтау» / Адамның қалыптасу кезеңдерін ретімен орналастыру /. Слайд арқылы көрсету.
3 - кезең Ойлан тап Слайд арқылы көрсету

4 - кезең Сиқырлы сандықша
Мұғалім: Мұқият тыңдап алыңдар, содан кейін барып сиқырлы сандықша ішінде не жасырылғанын табасыңдар
Сиқырлы сандықша I топ
Бұл сандықшаның ішіндегі затты 1969 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша, ол б. з. б. V - IV ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Қазіргі таңда бұл зат Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Сандықшаның ішіндегі не? ( Алтын адам )

Сиқырлы сандықша II топ
Сандықшаның ішіндегі зат немісше — “түпнұсқа”, ал грекше — “ жазу папирусы” деген ұғымды білдіреді. Бұл зат әлемде алғашқы рет Қытайда жасалған. Кейінірек Ежелгі Грекияда жақсы дамыған. Б. з. б. V ғасырда өмір сүрген “тарих атасы” Геродот алғаш рет осы заттың кескінін жобалап жасады. Ол не? (Карта)

Сиқырлы сандықша I топ
Тас дәуірі аса ұзақ уақытқа созылды. Осы аралықтағы адам баласының қолданған еңбек құралдары түгелге жуық тастан жасалды. Ежелгі адамдар қатты тастан осы құралды жасаған. Бұл құрал ғылымда чоппер деп аталады. Сандықшаның ішінде жасырылған ежелгі адамдардың қандай еңбек құралы? (Кескіш)

Сиқырлы сандықша II топ
Б. з. б 40 - 12 мың жылдықты қамтитын кейінгі палеолитке тән құралдардың бірі. Ежелгі аңшылар осы құрал арқылы мамонт, жүндес мүйізтұмсық, кішкене бизон, үңгір аюы, мен жолбарысты аулаған. Сондықтан да бұл қару ежелгі аңшылардың басты қаруы болып табылды. (Найза)

5 - кезең «Тарих әлемі» Берілген әріптердің артында сұрақ жасырылған. Жасырылған сұрақтың жауабы таңдаған әріптерінен басталады.

Мұғалім:
1. Т — Өсімдіктердің тамыры мен құстардың жұмыртқаларын жинап қорек ету кәсібі қалай аталады? (терімшілік)
2. А — Ертедегі адамдардың бірлесіп тамақ табуы мен жабайы жануарлардан қорғанып жүруі қалай аталады? (адамдар тобыры)
3. Р — Тас құралдың жүзін ұсақ кертік - ойықтар арқылы өткірлеу әдісі. (Ретушь әдісі)
4. И — Сурет жазудың ерекше дамыған түрі. (Иероглиф )
5. Х — Қазақстандағы ең биік жер. (Хантәңірі шыңы)

1. Ә — Шығыстың ғұлама ғалымы. ( Әл — Фараби )
2. Л — Қыран құстың бірі. (Лашын)
3. Е — Алғаш жыл санауды кімдер ойлап тапты. ( Египеттіктер)
4. М — Палеолит дәуіріндегі ең көп тараған жануар. (Мамонттар )
5. І — Қазақ халқының теріден тігілетін киімі. (Ішік)

Мұғалім: «Тапқырлар» тобы мен «Білгірлер» тобының ұпай сандарын санап, жеңімпаз топты анықтайтын кез келді. Жеңген топты марапаттаймыз.
Мұғалім: Адамзат баласының металдан жасалған құралдарды игере бастауы мыс — тас ғасырынан (энеолит) басталды. Бұл кезең шамамен алғанда б. з. б. 3000 - 1800 жылдары өткен.
Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталды. Сол кезеңдерде металдың кейбір түрлері: алтын, күміс, мыс табиғатта дайын күйінде кездесті. Ең бірінші қолданылған металл — мыс. Бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші — Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б. з. б. 3 - 2 мың жылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды.

Үйге тапсырма. Кесте толтыру.
1. Тас дәуірінің кезеңдері.
2. Кезеңнің хронологиялық ауқымы.
3. Жаңалықтар мен өнертабыстары.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности