link8316 link8317 link8318 link8319 link8320 link8321 link8322 link8323 link8324 link8325 link8326 link8327 link8328 link8329 link8330 link8331 link8332 link8333 link8334 link8335 link8336 link8337 link8338 link8339 link8340 link8341 link8342 link8343 link8344 link8345 link8346 link8347 link8348 link8349 link8350 link8351 link8352 link8353 link8354 link8355 link8356 link8357 link8358 link8359 link8360 link8361 link8362 link8363 link8364 link8365 link8366 link8367 link8368 link8369 link8370 link8371 link8372 link8373 link8374 link8375 link8376 link8377 link8378 link8379 link8380 link8381 link8382 link8383 link8384 link8385 link8386 link8387 link8388 link8389 link8390 link8391 link8392 link8393 link8394 link8395 link8396 link8397 link8398 link8399 link8400 link8401 link8402 link8403 link8404 link8405 link8406 link8407 link8408 link8409 link8410 link8411 link8412 link8413 link8414 link8415 link8416 link8417 link8418 link8419 link8420 link8421 link8422 link8423 link8424 link8425 link8426 link8427 link8428 link8429 link8430 link8431 link8432 link8433 link8434 link8435 link8436 link8437 link8438 link8439 link8440 link8441
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жаңа жылды көргісі келген көбелек

Қазақстан,Ақтөбе қаласы

«Еркемай» бала бақшасы

Тәрбиеші

Ермагамбетова Шарбану Мынжасаровна

Кейіпкерлер:

Ақшақар.

Аяз-ата.

Ұлпақарлар.

Балалар.

Қыс.

Көбелек.

Жылқы.

Қыс: Салеметсіздер ма балалар, ата-аналар, қонақтар!

Шыршаларыңыз қандай әдемі, көрікті екен!

- Балалар мен кіммін, білесіңдер ме?

- Мен Қыс мезгілімін.

- Балалар айтыңдаршы қыста неше ай болады?

(Балалар жауап береді: желтоқсан, қаңтар, ақпан)

- Дұрыс!

- Ал, бүгін сендер нені тойлауға келдіңдер? («Жаңа жылды»)

- Дұрыс! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

(«Жаңа жылды қарсы алуға» - деп балалар жауап береді)

Жаңа жылды сезіну үшін , «Көрікті шыршамыз» әнін орындайық.

1. ӘН: «Көрікті шыршамыз»

(Ортаға Көбелек кіреді таңғалып)

Көбелек: Ах ------- Қандай әдемі қыс! Мынау Жаңа жыл ма?

- Балалар сендер Жаңа жылға келдіңдерме?

(«Иә»)

Көбелек: Керемет! Мен ешқашанда Жаңа жылды көрген емеспін.

Қыс: Сен мұнда не істеп жүрсің көбелек? Көбелектер қыста қуыршаққа айналып, қардың астында ұйқыға бататын еді ғой? Солай ма, балалар?

(«Иә»)

Көбелек: - Иә, мен әжемді тыңдамай осында келдім. Жаңа жылды қатты көргім келді. Мен ешқашан Жаңа жылды көрген емеспін. Жаңа жылда осындай әдемі шыршаны, әппақ қарларды көргім келді.

Қыс: Олай болса, көре ғой көбелегім. Кәзір балалар саған «Көбелек» биін билеп береді.

2. БИ: «Көбелек»

Көбелек: Ой, қандай керемет би. Маған қыс ұнайды. Бірақ мен тонып қалған секілдімін.Әжем айтып еді «қанаттарың үсіп қалады»- деп. Шынымен қанаттарым үсіп қалыпты — (деп дірілдеп сөйледі)

(Ортаға ұлпа қар жүгіріп келеді .)

Ұлпақар: Көбелек сен «Күлімшар» тобының балаларынан көмек сұра. Олар сені күлімсіреп, мейіремімен,жылы лебімен жылытады.

Қыс: Иә, біздің балаларымыз сені жылытады. — Солай ма балалар?

(«Иә»)

(Көбелек балаларға барады)

Қыс: Балалар көбелегімізді жылытайық. Ауызымызбен үрлеп, жылы бу жіберейік. Жарайма?

(Балалар үрлеп, жылы бу жіберіп, көбелекті жылытады.)

Көбелек: Жылындым, мен жылындым! Рахмет сендерге балалар! Сендер қандай мейірімдісіңдер! Ал, енді мен сендермен бірге ән айтуға дайыңмын.

Қыс: Онда, біздің балаларымыз саған «Көбелек» әнін орындап берсін,- солай ма балалар? Ал сен ортаға шығып биле.

Көбелек: Маған арнап айтама? Ой,қандай керемет!

Қыс: Иә, иә!

3. ӘН: «Көбелек»

Қыс: Балалар, балалар бізге Жаңа жыл келе жатыр!

- Келе жатқан жыл, қандай жыл балалар айтың даршы?

Балалар: Жылқы жылы!

Қыс: Дұрыс! Жылқы жылын қошеметтеп қарсы алайық.

(Ортаға Жылқы жылы кіреді)

Жылқы: Сәлеметсіңдер ме бүлдіршіндерім! Күлімдеген көздерінді, тәп-тәтті тілдерінді сағындым ғой сендердің!

Жаңа жылға дайындалып, әп-әдемі киініп келіпсіндер. Тақпақтарын да сендердің дайын шығар?

(Балалар 5,6 тақпақ айтады.)

Жылқы: Балалар, шыршаның шырақтары қайда?

Қыс: Балалар, шынымен шыршамыздың шырақтары жанбай тұр ғой.

Бәріміз бірге «Шырша, шырша, жарқыра, шамдарыңды жарқырат» - деп бәріміз бірге айтайықшы.

(Балалар бәрі бірге айтып, шыршаның шамдарын жағады)

Қыс: Ал, енді Жаңа жылымызға, шыршамызға арнап ән айтып берейік.

4. ӘН: «Көрікті шыршамыз»

( Шыршаның аржағынан түлкі көбелекті қуып келеді, ұстап алғысы келіп:)

Көбелек: Ой, ой көмектесіңдер, көмектесіңдер! Түлкі мені ұстап алғысы келеді.

Жылқы: Ей, түлкі саған не болды? Осы сен тыныш жүре алмайсың ба? Біздің мерекеміздің шырқын бұздың ғой!

Түлкі: Мен ешкімге тиіскен жоқпын. Шын айтамын! Мен жәй, серуендеп келе жаттым. Бір қарасам шыршаның қасында көбелек тұр екен. Ойыншық шығар деп ұстап көрейін деп едім. Ал ол, шынымен көбелек болып шықты.

Қыс: Сен түлкі сонда ойыншық көбелек пен шын көбелекті айыра алмайсың ба?

Түлкі: Қайдан білейін! Қыста көбелектер ұшама? Не істеп жүр қыста бұл көбелек?

Қыс: Сен оған тиме түлкі. Ол біздің қонағымыз. Ол бізге Жаңа жылды көру үшін келді.

Түлкі: А, солай ма? Сүйтіп манадан айтпайсыңдарма, басымды қатырған ша. Жамандықтың бәрін тек меннен көресіңдер. (- деп ренжіп айтады)

Жылқы: Жәрәйді түлкі! Сен ренжіме, біз білмей қалдық. Солай ма балалар?

Қыс: Одан да бізбен бірге Жаңа жылды қарсал, ойын ойна. Балалар бәріміз бірге ойын ойнайықшы!

1. Ойын: «Қыс қызығы» 2 топқа бөлініп, 5,6 баладан ойнайды.

Аяқтарына байпақ киген 2 бала, шыршаны айналып, келесі балаға байпағын шешіп береді. Сүйтіп келесі де айналады)

Қыс: Балалар бізге Ақшақар келе жатыр. Ақшақарды қарсалайық балалар!

(Ортаға әппақ Ақшақар кіреді)

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме бүлдіршіндерім.Қандай әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер? Жаңа жыл құт, береке әкелсін сендерге.

(Тақпақ айтылады)

Қыс: Ал, енді балалар ойнаймыз, шанамен зырлаймыз, әнімізді әндете бастаймыз!

5. ӘН: «Зырлайды шанамыз»

(Ортада балалармен бірге түлкі, көбелек, жылқы билеп, ән айтады)

Қыс: Ақшақар біздің Аяз-атамыз қайда? Балаларымыз манадан тақпақ айтып, ән айтып, би билеп дайындалуда. Аяз-атамыз да біздің өнерімізді көрсін!

Ақшақар: Туу,Мен ұмытып кетіппінғой! Атам дорбасын көтере алмай келе жатқан шығар. Көмектесем деп едім.

Көбелек: Мен барып Аяз-атаға дорбасын көтеруге көмектесейін.

Түлкі: Мен де көмектесейін.

Ақшақар: Жарайды! Рахмет сендерге Көбелек, Түлкі.

(Көбелек пен Түлкі шыршаның ар жағына Аяз-атаны ерітіп алып келуге кетеді)

Ақшақар: Балалар, ал біз — «Аяз-ата» - деп дауыстап шақырайық.Ол үлкен адам ғой , естімей басқа жаққа кетіп қалуы мүмкін.

(Балалар «Аяз-ата» - деп шақырады. Ортаға Аяз-ата кіреді. Қасында көбелек пен түлкі дорбасын ұстап, көмектесіп келеді.)

Аяз-ата: Амансыңдар ма балақандарым? Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Денсаулықтарын мықты болсын!

- Ой, шаққа дегенде сендерге жеттім ғой! Түлкі мен Көбелек болмаса адасып кетер едім. Рахмет сендерге достарым! (- деп Түлкі мен Көбелекке қарайды)

Қыс: Аяз-ата біздің балаларымыз сізге «Сантаклаус» биін дайындап отыр. Отырып өнерімізді тамашаланыз.

6. БИ: «Сантаклаус»

7. ӘН: Жанеркенің орындауында «Кішкентай шырша»

Аяз-ата: Ой, жарайсыңдар! Керемет! Өркендерің өссін!

Ақшақар: Балалар, енді Аяз-атамен бірге ойын ойнайық, жарайма?

2. Ойын: (-Музыка әуенімен Аяз-ата балалармен бірге таяғымен түртіп би билейді.Кімнің қасында Аяз-ата тоқтайды сол өзінің тақпағын айтады.

Қыс: Ал, енді балалар барлығымыз шыршаны айналып «Шырша жырын» әндетейік.

8. ӘН: «Шырша жыры»

Аяз-ата: Қандай керемет ән! Бүгін сендер нешетүрлі өнер көрсеттіңдер .Ән айттыңдар, би биледіңдер, тақпақ айттыңдар, әдеміленіп киініп келдіңдер.

Сол үшін мен сендерге сыйлықтар әкелдім.

- Менің дорбам қайда? Алып келіңдерші.

(Аяз-атаның қасына көбелек пен түлкі дорбаны алып келеді. Ақшақар мен Аяз ата сыйлықтарын таратады. Түлкі мен Көбелекке де сыйлығын береді.

Көбелек: Рахмет саған Аяз-ата сыйлығына! Рахмет сендерге балалар! Жаңа жыл мерекесін сендермен бірге қарсы алғаныма қуаныштымын. Енді мен кетуім керек. Әжем мені уайымдап күтіп отырған шығар. Сау болыңдар балалар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности