link432 link433 link434 link435 link436 link437 link438 link439 link440 link441 link442 link443 link444 link445 link446 link447 link448 link449 link450 link451 link452 link453 link454 link455 link456 link457 link458 link459 link460 link461 link462 link463 link464 link465 link466 link467 link468 link469 link470 link471 link472 link473 link474 link475 link476 link477 link478 link479 link480 link481 link482 link483 link484 link485 link486 link487 link488 link489 link490 link491 link492 link493 link494 link495 link496 link497 link498 link499 link500 link501 link502 link503 link504 link505 link506 link507 link508 link509 link510 link511 link512 link513 link514 link515 link516 link517 link518 link519 link520 link521 link522 link523 link524 link525 link526 link527 link528 link529 link530 link531 link532 link533 link534 link535 link536 link537 link538 link539 link540 link541 link542 link543 link544 link545 link546 link547 link548 link549 link550 link551 link552 link553 link554 link555 link556 link557 link558 link559 link560 link561 link562 link563 link564 link565 link566 link567 link568 link569 link570 link571 link572 link573 link574 link575
Сабитова Алия Даулетжановна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Северо-Казахстанская область, город Петропавловск
Қазақ тілінен сыныптан тыс сабақ "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ"

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Тақырыбы: Тіл құдіреті

Мақсаты: Ата-бабадан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазына мақал-мәтелдерді оқушыларға үйретіп ұғындыру;

Ой белсенділігін сөздік қорын молайту;

Отбасы дәстүрін сақтауға, ата-аналарын, қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Жоспар:

-Ойынды ашу

- Ойыншыларды таныстыру

- Қазылармен таныстыру

- Ойын тәртібін түсіндіру

- Мақалшылар сайысы

- Жұмбақшылар сайысы

- Мақалшы мен жұмбақшы сайысы

- Ән шашу

- Қорытынды

Барысы:

Мұғалім: Күз мезгілі сәніміз,

Балдәурен біздің әніміз.

Біз бастадық сайысты,

Қош келіпсіз бәріңіз.

Құрметті ұстаздар, оқушылар «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға бүгінгі қатысушыларымызды шақырамыз.

Мұғалім: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Қай топтың жауаптары кәдік шықты.

«1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейік.

І таныстыру.

1-айналым: Мақал айту. «Мақалшылар сайысы» (Сайысқа қатысатын оқушылар шақырылады, 5 оқушы қатысады, бірінші айналымда бір оқушы шығады).

1-айналым 3 тапсырмадан тұрады.

1-тапсырма: Әр мақалшы өздері дайындап келген мақалдарын айтады.

2-тапсырма: Мақалдың алғашқы жолы оқылады, ал ойыншы жалғастырады. (Жалғастыра алмаса қарсыласы жалғастырады)

1. Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

2. Ананың сүті- бал,

Баланың тілі- бал.

3. Ұлдың ұяты әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.

4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да,

Қарызынан құтыла алмайсың.

5. Көп жасаған білмейді ,

Көпті көрген біледі.

6. Әдепті бала — арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

7. Қарт кісіні қадірле,

Өзіңде қарт боларсың.

8. Туған жердің қадірін ,

Шетте жүрсең білерсің.

9. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

10. Сөздің көркі — мақал,

Жүздің көркі — сақал.

11. Білімсіз өмір…

12. Отансыз адам -…

13. Туған жердей жер болмас…

14. Отан үшін отқа түс -…

15. Не ексең соны -…

16. Оқу білім бұлағы -…

17. Жақсыға сөз ілеседі,…

18. Туған жердің қадірін,…

19. Бал тамған тілден,…

20. Жылы - жылы сөйлесең,..

Мұғалім: бірінші айналым аяқталды, әділ-қазылар шешімін шығарып жатыр, ал біз би тамашалайық.

2-айналым: «Жұмбақшылар сайысы». Ендеше ортаға бүгінгі сайыстың 2-айналымына қатысатын жұмбақшыларымызды шақырамыз (1 оқушы шығады).

Мұғалім: Бұл сайыс 2 тапсырмадан тұрады.

1-тапсырма: жүргізуші жұмбақ айтады, ойыншы шешуін табады, үш тілде айтады.

1. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (күн)

2. Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар. (Пияз)

3. Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді. (хат)

4. Бірде орақпын,

Бірде доппын,

Бірде бармын, бірде жоқпын. (ай)

5. Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,

Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп)

6. Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. (Кітап)

7. Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (шырша)

8. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды. (Автобус)

9. Түсі қызыл, құйрығы ұзын,

Өзі қу, жүрген жері у-шу. (түлкі)

10. Тақылдатып таңдайды,

Уақыттан бір қалмайды. (сағат)

11. Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден. (кірпі)

12. Жолбарысқа ұқсайды,

Тышқанды ғана ұстайды. (мысық)

Мұғалім: 2-тапсырма екі ойыншы қалады. Өздерінің дайындап келген жұмбақтарын бір-біріне айтып шешуін табады.

Ағылшынша өлең.

2-айналым жеңімпаздары анықталып 3-айналымға қатысады.

Мұғалім: «Мақалшы мен жұмбақшы сайысы». 3-айналымға 2 айналымның жеңімпаздары шығады. Жүргізуші жұмбақшыға жұмбақ айтады. Жұмбақшы шешуін табады, үш тілде айтады. Ал мақалшы жұмбақтың шешуіне байланысты мақал айтады.

1. Баласымын даланың,

Туғаннан дақсыз қарамын.

Қыс келсе жұртты жылатып,

Үйді үйге барамын. Көмір

Еңбексіз өмір — сөнген көмір .

2. Сөзі дана үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолына алсаң — шешен,

Ақылы асқан көсем. (Кітап)

Кітап –білім бұлағы,

Білім — өмір шырағы .

3.Төңкерілмейтін күбі,

Көтерілмейтін күбі,

Шүпілдеп — ақ тұрса да,

Көрінеді күбі. (Құдық)

Оқу инемен құдық қазғандай.

Мұғалім: - Ал енді құрметті көрермендер әділқазы алқасы өздерінің әділ шешімін шығарғанша біз керемет ән тыңдайық.

Әділқазыларға сөз берейік

-Аталар сөзіменен өсіп өнген,

Бабалар бұлағынан нәр алған.

Даналар өсиетінен тәрбие алған

Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен

Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен — деп сөзімді аяқтап уақыттарын бөліп бүгінгі сайысқа қатысуға келген қонақтарымызға үлкен рахметімізді айтамыз. Бүгінгі бастамамыз әрі қарай жалғасын таба берсін. Рахмет.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности