link14994 link14995 link14996 link14997 link14998 link14999 link15000 link15001 link15002 link15003 link15004 link15005 link15006 link15007 link15008 link15009 link15010 link15011 link15012 link15013 link15014 link15015 link15016 link15017 link15018 link15019 link15020 link15021 link15022 link15023 link15024 link15025 link15026 link15027 link15028 link15029 link15030 link15031 link15032 link15033 link15034 link15035 link15036 link15037 link15038 link15039 link15040 link15041 link15042 link15043 link15044 link15045 link15046 link15047 link15048 link15049 link15050 link15051 link15052 link15053 link15054 link15055 link15056 link15057 link15058 link15059 link15060 link15061 link15062 link15063 link15064 link15065 link15066 link15067 link15068 link15069 link15070 link15071 link15072 link15073 link15074 link15075 link15076 link15077 link15078 link15079 link15080 link15081 link15082 link15083 link15084 link15085 link15086 link15087 link15088 link15089 link15090 link15091 link15092 link15093 link15094 link15095 link15096 link15097 link15098 link15099 link15100 link15101 link15102 link15103 link15104 link15105 link15106 link15107 link15108 link15109 link15110 link15111 link15112 link15113 link15114 link15115 link15116 link15117 link15118 link15119
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Қарқымбаева Жансұлу Мақсымқызы, учитель казахского языка и литературы ГУ «СОШ № 2» города Аркалыка, Костанайской области, Казахстан

Пән : қазақ тілі

Тақырыбы: «Тіл — таным»

Сынып : 5-6

Мақсаты: Оқушылардың білімдерінің деңгейін анықтау, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Көрнекілігі : Интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Сабақтың түрі: зияткерлік ойын

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар қазақ тілі апталығына орай

5 А және 6 А сыныптар арасында «Тіл - таным» атты зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер.

Туған тілім- тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім, менде бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін -деп Әбділда Тәжібаев ағамыз жырлағандай.

Алдарыңызда 5 А және 6 А сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

Мұғалім: Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін бағалайтын әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Ойынымыз 8 кезеннен тұрады. Әр жауап 1-5- ке дейін ұпаймен белгіленіп отырылады. Сонымен, оқушылар, іске сәт, жұлдыздарыңыз жансын!

1 кезең Таныстыру

Сайыскерлерімізбен таныстырып өтейін.

5 «А» сынып оқушылары.

6 «А» сынып оқушылары.

2 кезең «Полиглот»

Мұғалім: Бұл ойында мақал- мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, үш тілдегі баламасын айтады. Бір сұраққа жауап беріп,бір нұсқасын айтса

5 ұпай, қазақша, орысша, ағылшыншасын айтса 15 ұпай жинайды.

I –топ

  1. Өнер алды- қызыл … (тіл- язык- language)
  2. Білекті бірді жығар,

Білімді … жығар. (мың-тысяча- thousand)

3.Тіл … жарады,… жармаса бас жарады.( тас- камень- stone)

4 … кілті- тіл. (білім- знание- knowledge )

II — топ

  1. Ана сүті бой өсіреді,

… ой өсіреді. (ана тілі — родной язык — native language)

  1. Туған жердей,жер болмас,

Туған елдей … болмас. (ел-страна - country)

  1. Отансыз адам- … бұлбұл. ( орман-лес - wood )
  2. Ағаш тамырымын мықты,

Адам … мықты. (дос-друг-friend)

3 кезең «Бәйге» әр сұраққа жылдам, шапшаң жауап беру керек.

I –топ

  1. Қазақстан Республикасында тілдер мерекесі қай айда өткізіледі?
  2. Қазақстанның бас қаласы?
  3. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
  4. Төрт жыл мезгілін атаңдар?
  5. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
  6. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
  7. Мұғалім сөзінің синонимі
  8. Бір жылда неше ай бар?
  9. Бүгін нешесі?
  10. Қазақ тілінде неше септік бар?

II — топ

  1. Қазақстан қандай мемлекет?
  2. Қазір қай жыл мезгілі?
  3. Бір айда неше апта бар?
  4. Буынның түрлерін атаңдар?
  5. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
  6. Мектебіміз неше қабатты?
  7. Елтаңбаның авторлары кімдер?
  8. Отан сөзінің синонимі
  9. Қазақ тілі қай халықтың ана тілі?
  10. Бір жылда қанша күн бар?

4 кезең «Өлең сөздің паташасы» Оқушылардың кез келген тақырыпта өлеңді мәнерлеп жатқа айту керек.

5 тур «Қылқалам» Бұл кезеңде әр топ мүшесі грамматикалық тапсырмалар орындайды.

I –топ

Ілік септіктің жалғауларын дұрыс жалғаңдар.

  1. Бала… ойыншығы.
  2. Гүл… иісі.
  3. Құ… ұясы.
  4. Қобыз… үні.

II — топ

Көп нүктенің орнына барыс септігінің жалғауын қойып жазыңдар.

  1. Әсет кітапхана… барды.
  2. Ұшақ жер… қонды.
  3. Болат… хат келді.
  4. Апасы немересі… ертегі айтты.

6 кезең «Әріптер сайысы»

I –топ А, Е, Т, О, С

  1. Қазақ тілі пәні ұнай ма?
  2. Бүгін нешесі?
  3. Алма тәтті ме?
  4. Қар қай кезде жауады?
  5. Досың кім?
  6. Бір жылда неше ай бар?

II — топ Ә, Б, М, Н, Қ

  1. Қандай елде тұрасың?
  2. Елтаңбада не бар?
  3. Бос уақытында не істейсің?
  4. Сыныбында қанша оқушы бар?
  5. Қайдан келдің?
  6. Туда не бар?

7 кезең Топбасшылар сайысы

Әрі оқу, әрі ойын (сөз айтысы)

Ойынның шарты: белгілі бір сөзге дыбысталуы ұқсас, ұйқас сөз келтіру. Мысалы : палка- таяқ, нога — аяқ.

Родник — бұлақ язык - тіл

ухо –құлақ слон- піл

пословица- мақал слово-сөз

борода –сақал глаз-көз

оценка — баға облако - бұлт

берег — жаға нация — ұлт

8 кезең «Өнерлінің өрісі кең»

Оқушылардың дайындалып келген өнеріне тоқталайық.

Әділ-қазылар алқасына сөз берейік.

Ойынды қорытындылау. Жеңімпаз топты анықтап марапаттау.

Мұғалім: Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ана тілінің мәртебесін көтеріп, құрметтейік!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности