Технология пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар
Қызылорда қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №120 орта мектебінің
технология пәнінің І деңгейлі мұғалімі Карибаева Ғазиза
Пәні: технология
Сыныбы: 5 «А»-«Б»
Сабақтың тақырыбы:
«Нан. Нанның тағамдық құнарлылығы. Бутербродтар(ашық, жабық) түрлері».
Оқып үйренудің мақсаты:1.Оқушыларға нан өнімдері туралы ақпарат беру.
2.Нанның тағамдық құнарлылығын түсінуі.
3.Нан өнімдерінен бутербродтар жасауды үйрену(ашық, жабық).
Күтілетін нәтижелер:Нан өнімдері және олрадың құнарлылығын біледі. Ашық және жабық бутербродтар жасай алады. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Топта диалог арқылы бірлескен жұмыс жүреді.
Ресурстар:АКТ, Интерактивті тақта. Power Point –та жасалған презентация. Плакат, стикер,жұмыс дәптері,
анықтамалық қағаздар.
Оқыту әдістері мен тапсырмалар:Миға шабуыл қайталау сұрақтары.
Топтық жұмыс «Мәтінмен танысу»
Сергіту сәті.
Жұптық жұмыс «Жұптас бөліс»
Жеке жұмыс «Кеңейтілген тапсырма»
Бекіту «Сиқырлы таяқша»
Кері байланыс «Маған ұнады. Маған түсінікті.
Маған қиын болды.»
|
Кезең
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Мақсаты |
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Сәлемдесу. Смайликтер салу арқылы сабақты бастау (тұнжыраған, таңданған, күлімдеген) Біз қазір қандай күйдеміз? Соңғы күйде болғымыз келе ме? |
Оқушылар бір-біріне жылы шырай танытады. Мұғалімге өз көңіл күйлерін білдіреді. |
|
Эмоциялық,психологиялық жағымды орта қалыптастыру. Оқушылардың бірлескен оқуға түгелдей араласуына ықпал ету. |
|
сергіту сәті Сыныпты топқа бөлу. |
Гүл суреті түстері арқылы топтастыру. |
Өздеріне келген гүлдер түстері арқылы топтасады. |
Шапалақтау |
Оқушының сынилығы артады |
|
Үй тапсырмасын сұрау |
Өткенді қайта еске түсіру. Сұрақтар қою. Гүл суретіне жабыстырылған стикердегі сұрақтарға жауап береді. -Көкөністер қалай жіктеледі? -Көкөністердің қоректік құндылығы қандай?
-Көкөістерден қандай тағамдар дайындаймыз? |
Әр оқушы жеке ашық және жабық сұрақтарға жауап береді.
-Тамыржемісті, түйнекті, жапырақты. -Көкөністерде адам ағзасына қажетті дәрумендер көп болады. Минералды заттар,А,В,С витаминдері, қышқылдар мен тәбет ашатын қош иісі болады. -Әртүрлі көкөніс салаттарын, көкөністен пісірілген тағамдар жасайды |
Формативті бағалау. Жарайсың |
Өткенді қайта еске түсіру. Өзара бағалау, өзін - өзі бағалау. |
|
Жаңа сабаққа кіріспе. Миға шабуыл. Оқулықпен жұмыс. |
Сұрақ-жауап. -Дастарқанда ең басты болатын қандай тағам? -Бидайдан жасалатын ас атасы не екен? Мәтінмен жұмыс. |
Оқушылар дұрыс жауап беруге талпынады. |
Формативті бағалау. Жарайсың |
Ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. |
|
Топтық жұмыс. Мәтінмен танысу. |
Мәтінді топтарға беру.
|
Топ ішінде ролдерді бөліседі(сарапшы, хатшы, баяндамашы, уақыт сақшысы)Берілген мәтінді оқып, бірлесе отырып талқылайды, постер жасайды.Баяндамашы постер арқылы талдап, жұмысты қорғайды.
|
Формативті бағалау. Екі жұлдыз, бір ұсыныс. |
Оқушылардың бойында танымдық, қабілетін арттыру. Қызығушылығы артып, көру арқылы есте сақтайды. |
|
Сергіту сәті |
Аспанда бұлт қаптайды Жаңбыр жауар себелеп. Жапыраққа жабысып Бұға қалды көбелек.
|
Қолды жоғары көтереді Кеудеге саусақпен тарсылдатады. Өзін өзі құшақтайды. Төменге бұғып отырады. |
Шапалақтау |
Оқушының ойын серпілту, денелерін ширату. |
|
Жұптық жұмыс |
Сәйкестендір: 1.Бутербродтың құрастырылуына қарай қандай түрлері болады?
Топтастыр: 2.Құрамындағы азықтарға қарай бутербродтар қалай бөлінеді?
|
Оқушылар өз аты жөндерін жазып, тапсырмаларды орындайды. 1.Ашық бут-д____ Жабық бут-д____ Канапе__________
2.Етпен жасалған Балық өнімдерімен Сүт өнімдерімен Көкөністермен Жемістермен |
|
Оқушылардың білу, түсіну, қолдану икемділіктерін анықтау. |
|
Жеке жұмыс. Кеңейтілген тапсырма. |
Бутерброд үшін қандай нан өнімдері қолданылады? Қандай бутербродтар түрлерін білесің? Бутербродтың жасалу жолын түсіндіріп жаз. |
Оқушылар орындаған тапсырмаларының нәтижесіне қарай бағдаршам түстерімен өздерін бағалайды. |
Өзін өзі бағалау. |
Оқушылар бойында турашылдық, шыншылдық қасиеттерін дамыту. |
|
Қорытындылау. Сабақты бекіту.
|
«Сиқырлы таяқша» ойынын ойнатуарқылы рефлексия жасату
|
Сұрақтарға жауап береді. |
Суммативті, формативті бағалау. Жинақтау бағасы. |
Оқушылардың білу,түсіну,қолдану икемділіктерін анықтау. |
|
Үйге тапсырмасын беру
|
Үйге қолжетімді тапсырмалар беру. |
Тапсырмаға байланысты мәлімет жинайды |
|
Үйде өздігінен ізденіп жұмыс жасауға үйрету. |
|
Рефлексия
|
Кері байланыс парағын қолдану. |
Оқушылар сабақты қалай меңгергендері туралы рефлексияны жұмыс дәптеріне орындайды, стикерге жазады. |
|
Оқушылардың өз ойын ашық айтуға үйрету |