link8640 link8641 link8642 link8643 link8644 link8645 link8646 link8647 link8648 link8649 link8650 link8651 link8652 link8653 link8654 link8655 link8656 link8657 link8658 link8659 link8660 link8661 link8662 link8663 link8664 link8665 link8666 link8667 link8668 link8669 link8670 link8671 link8672 link8673 link8674 link8675 link8676 link8677 link8678 link8679 link8680 link8681 link8682 link8683 link8684 link8685 link8686 link8687 link8688 link8689 link8690 link8691 link8692 link8693 link8694 link8695 link8696 link8697 link8698 link8699 link8700 link8701 link8702 link8703 link8704 link8705 link8706 link8707 link8708 link8709 link8710 link8711 link8712 link8713 link8714 link8715 link8716 link8717 link8718 link8719 link8720 link8721 link8722 link8723 link8724 link8725 link8726 link8727 link8728 link8729 link8730 link8731 link8732 link8733 link8734 link8735 link8736 link8737 link8738 link8739 link8740 link8741 link8742 link8743 link8744 link8745 link8746 link8747 link8748 link8749 link8750 link8751 link8752 link8753 link8754 link8755 link8756 link8757 link8758 link8759
Сулайманова Маргарита Алибековна
Должность:учитель физики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан Карагандинская обл.город Сатпаев
Тәрбие сағаты:«Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр»

Мақсаты:

1. Елбасымыздың жолдауымен таныстыру.

2. Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үнтаспа, елбасының суреті, нақыл сөздер, шарлар.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру бөлімі Сабақ әнұран айтумен басталады.

Мұғалім сөзі:

Қымбатты оқушылар, жаңа оқу жылымен және Білім күнімен құттықтаймын!Бүгінгі тәрбие сағатымызыдың тақырыбы «Қазақстан - 2050»стратегиясы: « Бір халық - бір ел - бір тағдыр» сендерге үлкен ой тастар деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Назарбаев: Жастарымыз салт - дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс, деп сендерге үлкен үміт артып, сенім білдіріп отыр.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр»! Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде: «Бір халық» — бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл — барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл — біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея — барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын.

1 оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

2 Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

3 Оқушы Біз: «Мен — қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» — деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық. Біз көппіз және бәріміз — бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу — әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.

4 Оқушы Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

5 Оқушы Біз бәріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу — ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.

Сөзжұмбақ.

1. Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады? (орман) 2. Сөйлеу құралы. (Тіл)

3. Мейірімді адам. (Ана) 4. Қасиетті тағам. (Нан) Отан деген немене? (топтастыру)

Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек. 1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық) 2. Отағасының антонимі (отанасы) 3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала) 4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы) 5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын) 6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)

Ой қозғау:

- Біздің Отанымыз қай ел?- Қазақстан.

- ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл?- ҚР — ның мемлекеттік тілі қазақ тілі.

- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Еліміздің Ордасы қай қала?- Астана.

- Еліміздің Ата заңы қай күні қабылданды?- 31 тамыз.

- Бүгін қандай күн?- 1 - Қыркүйек білім күні.

- Ал тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?- 16 желтоқсан 1991 жыл.

- Ал, балалар биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл болды?- 23 Жыл.

- осы тәуелсіздіктің 21 жылдық мерейтойы кезінде еліміздің президенті халқына«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: бір халық — бір ел — бір тағдыр» тақырыбында жолдауын жолдады.Елбасының сөзінен үзінді тыңдау

Ал, балалар Отан, ел, жер туралы сендер қандай өлең білесіңдер?Хор: Отан.

Ойын: Тез құрастыр.Ту. Елтаңба. Әнұран.Әр топқа қысқаша түсінік бергізу

Ән: Көк тудың желбірегені

Қорытынды мұғалім сөзі: қымбатты балалар, бүгінгі «Қазақстан - 2050»стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбында көп мәселе қамтылып өтті. Ия, өздерің айтқандай ел тағдыры сендердің қолдарыңда. Бейбіт өмірдің қадірін түсінетін, оны сақтай білетін, ата аманатын орындайтын азамат болуларыңа тілектеспін.

Оқушының қорытынды сөзі Ия, еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ. Ендеше, тәуелсіз қазақ елінің ұланы біз ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азамат екендігімізді ұмытпайық! Елбасымыздың, еліміздің бізге артқан сенімін ақтауға лайық болайық. Ол үшін білім алуға, тәрбие үйренуге, жамандықтан алақ болып, жақсылыққа құштар, салауатты өмір салтын сақтайтын азамат болуға күш жұмсайық. Бүгінгі сабағымыздағы түйген ойларымызды болашақта есте ұстап, іске асыруға шақырамын.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности