Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
«Аман есен жүрейік» 3-4 жастағы балаларға арналған бағдарламасы.

Қазақстан,Ақтөбе қаласы

МКҚК №40 «Балдәурен»

Тәрбиеші

Мухашова Г.М.

Бағдарлама балаларға қауіпсіздік ережелеріне үйрету мақсатында дайындалған.

Осы мақсатты негізге ала отырып,бағдарлама төмендегідей міндеттерді қамтиді:

-Көшеде,ауладағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

-Үйде жалғыз қалғанда,өрт болған жағдайларда не істеу керектігін туралы таныстыру.

Бағдарламада балаға керекті қауіпсіздік ережелері: «Бөгде адам шақырса барма», «Қауіпті жермен жүрме», «Қабаған иттен соң бол», «Тұрмыстық қауіптер», «Өрт болғанда не істеу керек», «Балконға шықпау», «Ұшты мұзды жермен журмеу», «Ашық аландардан аулақ бол», сияқты мәліметтер берілген.

Яғни,әрдайым сақ болу,өміріне қауіпті жерлерден абай болуға тәрбиелеу көзделіп отыр.

Бағдарлама 3-4жастағы балаларға арналып, аптасына 1 рет-36 сағатқа жоспарланған.Бағдарлама мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілеріне арналып дайындалған.

Түсінік хат

Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру, айналадағы қоршаған ортадағы қауіп төндіретін заттар туралы мағлумат беру өзекті мәселелердің бірі болып отыр .Балалардың кішкентай кезінен бастап бойларына не болатыны, болмайтыны туралы сынырып отырса, келішек қауіп-қатерлерден сақ болуға болатыны туралы үйренеді.Қауіпті заттар үстауға, бөгде адамдарға бармауға, сіріңке, улы жидектер, техникалық буйымдарымен ойнауға болмайтыны туралы, жыл мезгілдеріне байланысты қауіптерден сақ болу туралы «Аман-есен жүрейік» бағдарламасын жасап отырмыз.

Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаны тануға бейімдеу.Қоршаған ортадағы төнетін қауіп-қатерден сақ болуға, балаларға ұғындыру жеңілден, ауырға қарай таныстырылады. Үлкендердің айтқандарын орындауға, сақ, абай болуға тәрбиелеу.

Міндеті:Болашақ балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтай білу міндеті күтілуде.

Күтілетін нәтиже:«Аман-есен жүрейік» бағдарламасы «Әлеуметтік орта» білім беру саласына енгізілген.

Сабақ аптасына 1 рет өткізіледі.

Жылдық сағат саны-36.

-Топта, балабақшада, үйде, көшеде, қағамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйренеді.

–Жолда жүре білу ережелерін үйренуге қызығушылықтары артады.

–Жұқпалы аурулар туралы түсінігі кеңейтеді

Білуі керек:Үлкендерге құрмет көрсетуді, достары мен туыстарына шамасына қарай көмек көрсету және қамқор бола білу. Ойындар барсынада балалар өздерінің құрбы-құрдастырмен жағамды қарым-қатынас жасай білу.

Игеру керек: Ұқыптылық, еңбексүйгіштік, мейірімділік т.б. рухани-адамгершілік нормаларын игеру. Жақсы мен жаман, әділдік пен әділетсіздік, жомарттық пен сараңдық әрекеттерін ажырата алдуы игеру.

Меңгеру керек: Өзіне-өзі қызмет етудің бастапқы дағдыларын меңгеру. Қоршаған ортаға қамқорлық танытуды, қоғамдық орындардағы жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді сақтай білуді меңгру.

Оқу жоспары

р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

2

3

4

«Қауіпсіздік кепілі-ата-ана»

«Құлыпталған есік қауіпсіздік кепілі»

«Дәрі-дәрмекті орынсыз алмайық»

«Сіріңкеден аулақ болайық»

1

1

1

1

Қыркүйек

5

6

7

8

«Өрт тілсіз-жау»

«Ас үйде-,жалғыз қалғанда»

«Тұрмыстың техникалық зияны»

«Қауіптің бәрі-розетка»

1

1

1

1

Қазан

9

10

11

12

«Балкон-қауіпті жер»

«Қабаған ит-қауіпті»

«Дұрыс отыра білейік»

«Ұшты заттан-аулақ бол»

1

1

1

1

Қараша

13

14

15

16

«Ойнайық-аман болайық»

«Көшеде жүре білейік»

«Табиғи-апат»

«Көше-кездейсоқ оқиғаларға толы»

1

1

1

1

Желтоқсан

17

18

19

20

«Мұздан аулақ болайық»

«Үйге-бөгде адам келгенде»

«Жан-жануар сенің достарың»

«Адам өмірінің қауіпсіздігі»

1

1

1

1

Қантар

21

22

23

24

«Аяздан-сақ болайық»

«Қараңғы жер-қауіпті»

«Адасқан бала»

«Сатыдан аулақ болайық»

1

1

1

1

Ақпан

25

26

27

28

«Бөгде адамға жолама»

«Қар ериді-сақ болайық»

«Себепсіз басқа пәтерге кірме»

«Біз жолаушылармыз»

1

1

1

1

Наурыз

29

30

31

32

«Ұсақ түйектен-аулақ бол»

«Су да-тілсіз жау»

«Жеміс-жидекті жуып жейік»

«Досыңмен тату бол»

1

1

1

1

Сәуір

33

34

35

36

«Денсаулық-зор байлық»

«Қауіпті жәндіктер мен жыландар»

«Жағымсыз әдеттер»

«Жұқпалы аурулардан сақ болайық»

1

1

1

1

Мамыр

Барлығы 36 сағат

Қырқүйек айы

р/с

Ай аттары

Тақырыбы

Бағдарламаның мазмұны

Методикалық әдіс-тәсілдер

Сағат саны

1

Қ Ы Р К Ү Й Е К

Қауіпсіздік кепілі ата-ана.

Келеңсіз оқиғаның алдын алу үшін өз ата-анаңның аты-жөнін білуге үйрету.Сақтыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші әңгімесі.Сурет бойынша әңгіме.

1

2

Қулыпталған есік қауіпсіз кепілі.

Бала үйде жалғыз қалған жағдайда,есікті ешкімге ашпау жөнінде кеңес беру,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Кіріспе әңгіме.

Әңгімелесу.

Мақал-мәтел: «Сақтықта қорлық жоқ»

1

3

Дәрі-дәрімекті орынсыз алмайық.

Үлкендердің нұсқауынсыз дәрілерді және басқа да қауіпті заттарды ұстамау жайында дұрыс пікірді қалыптастыру.

Кіріспе әңгіме.

Аптекаға саяхат.

Альбомдар қарау.

1

4

«Сіріңкеден аулақ болайық».

Сіріңке мен оттықпен ойнамау,ол адамға зиян келтіретінін түсіндіру.Қауіпті құрал екендігін айту.

Жұмбақ:

«1 үйде 50 батыр,

Сыртқа шығып өліп жатыр».

1

Қазан айы

р/с

Ай аттары

Тақырыбы

Бағдарламаның мазмұны

Методикалық әдіс-тәсілдер

Сағат саны

5

Қ А З А Н

«Өрт тілсіз-жау»

Өрт болған жағдайда өз-өзін қалай ұстау керектігін түсіндіру,еденге жатып енбектеу керектігін айту.

Тәрбиеші әңгімесі.

Жұмбақ:«Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтіге

Тайсалмайтын батыр кім?

1

6

«Ас үйде-жалғыз қалғанда»

Газ плита туралы балаларға түсінік беру.Үлкендер рұқсатынсыз ас үйге бармауға, сақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші әңгімесі. Сурет бойынша әңгіме.

1

7

«Тұрмыстық техникалық зияны»

Балаларды теледидар,үтік т.б. техникалық заттарға жоламауға үйрету.Сақтыққа тәрбиелеу.

Жұмбақ: «Біл керемет күшімді,

Жазда сақтаймын қысыңды»(тоңазытқыш)

1

8

«Қауіптің бәрі-розетка»

Розеткаға жақындамау,қандай да бір ұшты затты тығуға болмайтыны туралы айту.-

Тәрбиеші әңгімесі.

Сурет бойынша әңгіме.

1

Қараша айы

р/с

Ай аттары

Тақырыбы

Бағдарламаның мазмұны

Методикалық әдіс-тәсілдер

Сағат саны

9

Қ А Р А Ш А

«Балкон-қауіпті жер»

Кішкентай балаларға балконға мінуге болмайтыны туралы түсінік беру.Балкон бала өміріне қауіпті екені туралы мағлұмат беру. Әрдайым абай болуға тәрбиелеу.

Сурет бойынша әңгіме

1

10

«Қабаған ит-қауіпті»

Көшедегі иттің қауіпті екендігі туралы мағлұмат беру.Үлкендерсіз көшеде жүрмеуге тәрбиелеу.

Жұмбақ : «Адамға серік,

Күзетке берік»(ит)

1

11

«Дұрыс отыра білейін»

Орындықта тентек болып,шайқалмай отыруға үйрету.Құлап қалған жағдайда қауыпті екендігі туралы мағлұмат беру.

Кіріспе әңгіме.

Сурет бойынша әңгіме.

1

12

«Ұшты заттан-аулақ бол»

Балаларды ұшты заттар,яғни (шеге,қайышы,біз,кілт,қа- рындаш т.б.) ұстамауға,көзге қарай нұсқамауға үйрету.Сақтыққа,әрдайым ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сурет бойынша әңгіме.

Д/ойын: «Артық затты тап»

1

Желтоқсан айы

р/с

Ай аттары

Тақырыбы

Бағдарламаның мазмұны

Методикалық әдіс-тәсілдер

Сағат саны

13

Ж Е Л Т О Қ С А Н

«Ойнайық-аман болайық»

Ауладағы,көшедегі,ойнауға қауіпті жерлерге бармау керектігі туралы айту.Үнемі үлкендер бақылауында болу керектігі туралы түсінік беру.

Кіріспе әңгіме.

Сурет бойынша әңгіме.

Серуен кезіндегі саяхат.

1

14

«Көшеде жүре білейік»

Балаларға бағдаршам туралы түсінік беру.Машина,көлік

жүретін жерлермен жүруге болмайтыны туралы мағлұмат беру.

Жумбақ: «Оңға да бұрады,

Солға да бұрады.

Тәртіп сақтап әрқашан ,

Жолда нұсқап тұрады.(бағ- даршам)

1

15

«Табиғи-апат»

Жер сілкінісі кезінде болмедегі ең қауіпсіз жерлерінде тұру керектігі туралы түсінік беру.

Сурет бойынша әңгіме.

1

16

«Көше-кездейсоқ оқиғаларға толы»

Көшеде танамайтын адам шақырса көлігіне мінбеуге қауіпті екендігін түсіндіру.Балаларды әрдайым сақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбиеші әңгімесі.

Сурақ-жауап.

1

Қаңтар айы

р/с

Ай аттары

Тақырыбы

Бағдарламаның мазмұны

Методикалық әдіс-тәсілдер

Сағат саны

17

Қ А Ң Т А Р

«Мұздан-аулақ болайық»

Көшедегі мұзды жерлермен жүрмеуге,өйткені аяқ тайып,сынып қалу қаупі бар екендігі туралы тусінік беру.

Кіріспе әңгіме.

Д/ойын: «Бұл қай мезгіл?»

1

18

«Үйге-бөгде адам келгенде»

Үйде жалғыз қалғанда,бөгде танымайтын адам есік қақса ешкімге ашпауға үйрету.Үлкендер айтқандарын жасауға тәрбиелеу.

Кіріспе әңгіме.

Сурақ-жауап.

1

19

«Жан-жануар- сенің достарың»

Иттер мен мысықты ызаландыру адами өміріне қауып келтіретіні туралы түсінік беру.Қолмен ұстамауға үйрету.

Сурет бойынша әңгіме.

Д/ойын: «Бұл қай жануар»

1

20

«Адам өмірінің қауіпсізді-гі»

Әйнектер мен бөтелкелерді сындыру аса қауіпті іс екендігі туралы білімдерін кеңейту.

Сурет бойынша әңгіме.

Сурақ-жауап.

1

Ақпан айы

р/с

Ай аттары

Тақырыбы

Бағдарламаның мазмұны

Методикалық әдіс-тәсілдер

Сағат саны

21

А Қ П А Н

«Аяздан-сақ болайық»

Балаларға қыс мезгілінде болатын,

аяздан сақтануға беті,қолды,үсіріп алмауға үйрету.Аязды күні сыртқа көп жүрмеуге түсінік беру.

Жұмбақ: «Көзіне көрінбейді.

Тондырып қызартады.

Күні-түні ерінбейді.

Өзенге мұз артады.(аяз)

1

22

«Қараңғы жер-қауіпті»

Қараңғы түскен кезде ата-анасыз жүрмеуге болмайтыны туралы түсінік беру.Қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сурет бойынша әңгіме.

Сұрақ-жауап.

1

23

«Аяздан-сақ болайық»

Балаларға қыс мезгілінде болатын,

аяздан сақтануға беті,қолды,үсіріп алмауға үйрету.Аязды күні сыртқа көп жүрмеуге түсінік беру.

Жұмбақ: «Көзіңе көрінбейді.

Тондырып қызартады.

Күні-түні ерінбейді.

Өзенге мұз артады.(аяз)

1

24

«Қараңғы жер-қауіпті»

Қараңғы түскен кезде ата-анасыз жүрмеуге болмайтыны туралы түсінік беру.Қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сурет бойынша әңгіме.

Сурақ-жауап.

1

Наурыз айы

р/с

Ай аттары

Тақырыбы

Бағдарламаның мазмұны

Методикалық әдіс-тәсілдер

Сағат саны

25

Н А У Р Ы З

«Бөгде адамға-жолама»

Балабақшадан алып кетуге бөгде адам келсе бармауға,конфет,тәтті заттар ұсынса алмауға үйрету.Сақ болуға тәрбиелеу.

Кіріспе әңгіме.

Сұрақ-жауап.

1

26

«Қар ериді-сақ болайық»

Көктем келіп қар,мұз еритіні,ұшты мұздың қауіпті екендігі туралы мағлұмат беру.

Д/ойын: «Бұл қай мезгілде болады?»

1

27

«Себепсіз басқа пәтерге кірме»

Балаларға танымайтын пәтерге себепсіз кіруге болмайтыны туралы түсінік беру.

Сурет бойынша әңгіме.

Сұрақ-жауап.

1

28

«Біз жолаушы- лармыз»

Ойын сабақ: «Ақтөбе көшесінде»

Көше көріністері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Автобус ішінде тәртіп сақтап,үлкендерге орын беруге тәрбиелеу.

Ойын сабақ.

Сұрақ-жауап.

1

Сәуір айы

р/с

Ай аттары

Тақырыбы

Бағдарламаның мазмұны

Методикалық әдіс-тәсілдер

Сағат саны

29

С Ә У І Р

«Ұсақ түйектен-аулақ бол»

Ұсақ түйек заттар (ілгек,конструктор,т.б.)ау- ызға,

мұрынға салмауға,қауіпті екендігі туралы мағлумат беру.

Сұрақ-жауап.

Тәрбиеші әңгімесі.

1

30

«Су да-тілсіз жау»

Үлкендер көмегінсіз суға шомылуға баруға болмайтыны туралы түсінік беру.

Тәрбиеші әңгімесі.

Сурет бойынша әңгіме.

1

31

«Жеміс-жидекті жуып жейік»

Жеміс-жидектерді жеу алдында міндетті түрде жуып жеу керектігі туралы әңгімелесу.

Жұмбақ:

«Астай піскен,

Қайнамай түскен»

1

32

«Досыңмен тату бол»

Топта балалармен ойнаған кезде,қолдарындағы ұшты затпен ұрып жібермеуге,ол қаншалықты қауіпті екендігі туралы әңгімелесу.

Сурет бойынша әңгіме.

Сұрақ-жауап.

1

Мамыр айы

р/с

Ай аттары

Тақырыбы

Бағдарламаның мазмұны

Методикалық әдіс-тәсілдер

Сағат саны

33

М А М Ы Р

«Денсау лық - зор байлық»

Таныс емес жидек,саңырау-құлақтарды жеуге болмайтыны туралы әңгімелеу.Қауіпсіздікті сақтауға тәрбиелеу.

Мақал:

«Дені саудың-Жаны сау»

1

34

«Қауіпті жәндіктер мен жыландар»

Ұлы жәндіктер,жыландар т.б.сақтануға үйрету.Ұлы жәндіктер шаққан кезде не істеу керектігі туралы әңгімелеу.

Тақпақ:

«Ұлы жәндік,

жыландар

Тауда,қырда болады.

Бейқамдылық қылмаңдар,

Олар шағып алады.

1

35

«Жағымсыз әдеттер»

Саусақ сормау,мұрын шұқымау т.б. жағымсыз әдеттерден сақ болуға үйрету.

Мақал:

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен»

1

36

«Жұқпалы ауралардан сақ болайық»

Тұмау,іш ауру,тырысқақ іш сүзегі аурулардан сақ болуға,қолды сабынмен жууға үйрету.Сақ болуға тәрбиелеу.

Мақал:

«Тазалық-ол зор байлық»

1

Қолданылған әдебиеттер:

1.Е.Өтетілеуов «Балақай» Алматы қаласы.Жалын баспасы,1986 ж.

2. Салауаттану.«Алматы кітап» 2003 ж. А.С.Әділханов, К.А.Жанибердиева.

3.Қ.Аймағанбетова «Мен және бәрі,бәрі,бәрі» Аруна ЖШС.2006 ж.

4.Әдістемелік құрап. «Қарлығаш Хрестоматиясы» Нүсіпбекова М.И., Арғымбаева Ә.Б. 2007 ж.

5.М.А.Ертанбайқызы «Айналаны қоршаған орта.Экология». Алматы кітап.2003 ж.

6. «Жол ережелерін білейік». 1998 ж.

7.«Бөбектерге байғазы» Хрестоматиясы.

8.Методические рекомендации для педагогов.Google.

9. «Біз өсіп жетілеміз». З.Керимбаева «Бала» Алматы,2008 ж.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности