Сабақтың тақырыбы: Музыканың темптік дамуы
Сабақтың мақсаты:оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын
қалыптастыру
Білімділігі:
Э.Григтің шығармалары арқылы музыканың даму түрлерін
ажырату.Музыканы тыңдап эмоциямен көрсете білу, музыка
элементтерін түрлі қимылдар арқылы көрсету. Әнді хормен,
жеке дауыстарда мәнерімен, интонациясымен,динамикасымен
орындауға үйрету.
Дамытушылық:
музыканы тыңдай отырып темпті белгілер арқылы көрсету,
есту,есте сақтау қабілетін дамыту,өз бетінше жұмыс жасау-
ға,әртістік қабілетке баулу, тыңдаған музыкаға импровизация
жасап түрлендіруге үйрету
Тәрбиелік:
балалардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру,музыканы
сүюге баулу
Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, ой толғау, ақпаратты құралдар,ойын әлемент-
тері, музыка тыңдау
Көрнекілігі: магнитофон, баян, мультимедия, презентация
I.Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Музыкалық сәлемдесу.
-төменнен жоғары қарай,сәләметсіңдер ме,балалар?
-жоғарыдан төменге.сәләметсіз бе.
-Бүгінгі көңіл –күйіміз қандай?
Психологиялық дайындық.
«Біз қандаймыз» әні мен сөзі: Б.Бейсенованікі орындау
Сұрақтар қиын демейміз,
Бәріне жауап береміз.
Сұрақтарды қандай,қойса да мұғалім.
Саралап,сынығын.Шешеміз бәрін.
Қ-сы:
Біз бәрін білеміз,біз білеміз.
Дайынбыз міне біз.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: « Композитор Э.Григтің шығар-
маларын тыңдай отарып, музыканың темптік даму түрлерін ажырату»
-Олай болса,ойын ойнау арқылы үй тапсырмасын қайталап жіберейік.
I.тапсырма: «Әуенді тап »ойыны
Шарты: музыканы тыңдап, әннің атын және композиторын ата.
-«Почему медведь зимой спит» ,әнін жазған композитор Лев Книппер.
-«Почему медведь зимой спит» Л.Книппер әнін хормен орындайық.
· әнді дуэтпен
· соло орындау
· әнге импровизация жасап ,рольдерге бөліп дауыс интонациясы-
мен орындау
Автор ролі
Аю ролі
Түлкі ролі
Тоқылдақ ролі
(оқушылар ролдерді таңдап әнді мәнерімен орындайды.)
-Жарайсыңдар, балалар.Бірінші тапсырманы өте жақсы орындадыңдар .
Енді теориялық білімімізді сынып көрейік.
II.тапсырма : тапсырманы орындау үшін экранға назар аударайық.
Музыкалық құпия
1.Динамикалық белгіні ата.
1. f
2. р
2.Әннің бөлімдеріндегі мағыналық , орындаушылық мәнерін тап.
Бірінші бөлім
Екінші бөлім
Үшінші бөлім
3.Музыканың даму түрлерінің қазақша атауын ата.
1.Динамика-
2.Тембр-
3.Лад-
4. Дыбыс бояуына(тембр) қарай аспаптарды ата.
-Жарайсыңдар балалар!тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.Кәнекей музыка ырғағымен денемізді сергітіп қимылдар жасап жіберейікші.
Музыкалық жаттығу.
« Танец маленьких утят »
II. Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ.
Музыка тыңдау: «Утро» Э.Григтің сюитасын тыңдау.
-Балалар суретте не бейнеленген?
-түн мезгілі.
-суретте таңның атып келе жатқан бейнесі бейнеленген.Күн қалай атады?
-қараңғы,бірте –бірте жарық бола бастайды.
-қимыл арқылы көрсетейікші,қолымызды төменге қойып,бірте-бірте жоғары қарай көтереміз.Қолымыз жоғары шыққанда күн шықты.Олай болса музыканы тыңдап осы жасаған бейнені елестетейік.
Музыка жылдамдығы қалай орындалып тұр?
Музыка –габой , флейта аспап тары арқылы нәзік ,таза,таудан сылдырап
аққан судың дыбысын естірткендей болып атып кележатқанын бейнелейді. Музыка басында нәзік мелодия, бірте — бірте күшейіп таңның қандай жылдамдықпен атып келе жатқанын білдіріп тұр. Жылдамдық музыканың дамуының тағы бір түрі .
Музыканың тез,орташа,жәй орындалуын темп дейді. Темп(жылдамдық) музыканың дамуының бір түрі.
Схемамен жұмыс
Екпін ( темп )
жылдам жәй орташа
· Музыка үш жылдамдықта орындалады.
· Шапалақпен соғу арқылы оқушылар музыка темптерін көрсетеді.
Керемет «Утро» деп аталатын шығарманың авторы Э.Григ.
Э.Григ –Норвег композиторы.Туған елінің табиғатын, қарапайым халық
өмірін музыка тіліне түсірген талантты композитор.Норвегия солтүстікте орналасқан,қар басқан суық қыс айлары, күн шуағы әлсіз жылу беріп тұрады.Сондықтан Григтің музыкалары жылылыққа толы,нәзік орындала-
ды.Норвег жазушысы Г.Ибсиннің Пер Гюнт кітабы бойынша ертегі сюитасын жазды.
<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--> <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]-->
Пер Гюнт-басты кейіпкер жас бала.Өз туған жерін,үйін,анасын тастап бай-лық іздеп,бақыт іздеп кетіп қалады.Қырық жыл бойы ел аралап,қиындықты көреді,бай да болады,қарақшыларға да тап болады,,батырлармен жолығады,
бишілер,кішкентай гномдар,троллдармен кездеседі.Қырық жылдан соң еліне келіп бақытты елінен табады.Оның троллдармен кездесуін
«В пищере горного короля» сюитасынан естіп, бейнетаспадан көреміз.
-музыканың даму түрлеріне ажыратып отырамыз,бірнеше түрі кездеседі.
музыкадағы қорқынышты ма,әлде мейірімділікті бейнелейді ме?
-темп,динамикалық,ритмдік даму кездеседі.Музыка қорқынышты.Би жанры.
Тапсырма:
а)музыканы тыңдай отырып динамикалық белгілер арқылы , музыканың дамуын көрсету.
p бірте –бірте күшейу f
б) музыканың жылдамдығын түрлерін ажырату, музыканың темптік даму
жәй ------------------------› тез
-Жарайсыңдар балалар!Жылдамдыққа,темпке байланысты үйренетін жаңа әніміз «Мы разные ребята» деп аталады.Қазақша атауы «Біз әртүрлі балалармыз» деп аталады.
Ән үйрену: «Мы разные дети» музыкасы мен сөзі : Д. Кабалевскийдікі.
а) әнді хормен оқу, мағынасын түсіндіру
б) әуенімен тыңдау.хормен орындау
в) әннің динамикасымен жұмыс жасау
г) әннің темптік дамуын салыстыру.
д)дәптерге жаздыру
-әннің жылдамдықтары қалай орындалып тұр.
-екі түрлі орындалады.тез,жәй.
-өте жақсы.
Бекіту:
Тест сұрақтары
Екпіннің неше түрі бар.
1.Бір
2.Екі
3.Үш
Музыканы тыңдаңызда оның жылдамдығын анықтаңыз.
1.Жылдам
2.Баяу
3.Байыпты