link2992 link2993 link2994 link2995 link2996 link2997 link2998 link2999 link3000 link3001 link3002 link3003 link3004 link3005 link3006 link3007 link3008 link3009 link3010 link3011 link3012 link3013 link3014 link3015 link3016 link3017 link3018 link3019 link3020 link3021 link3022 link3023 link3024 link3025 link3026 link3027 link3028 link3029 link3030 link3031 link3032 link3033 link3034 link3035 link3036 link3037 link3038 link3039 link3040 link3041 link3042 link3043 link3044 link3045 link3046 link3047 link3048 link3049 link3050 link3051 link3052 link3053 link3054 link3055 link3056 link3057 link3058 link3059 link3060 link3061 link3062 link3063 link3064 link3065 link3066 link3067 link3068 link3069 link3070 link3071 link3072 link3073 link3074 link3075 link3076 link3077 link3078 link3079 link3080 link3081 link3082 link3083 link3084 link3085 link3086 link3087 link3088 link3089 link3090 link3091 link3092 link3093 link3094 link3095 link3096 link3097 link3098 link3099 link3100 link3101 link3102 link3103 link3104 link3105 link3106 link3107 link3108 link3109 link3110 link3111 link3112 link3113 link3114 link3115 link3116 link3117 link3118 link3119 link3120 link3121 link3122 link3123 link3124 link3125 link3126 link3127
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру

Қазақстан,Қызылорда қаласы

№257 орта мектеп

Тарих пәні мұғалімі

Басхожаев Елдос Абжаппарович

Мақсаты:

Білімділік: Ауыл шаруашылығын интенсивті дамыту мақсатында қабылданған тың игеру саясатының алғашқы табыстары, қорытындыларына тоқталып, маңызын, тарихи салдарын анықтау;

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын еркін айтуға, өз көзқарасын нақты аргументтер арқылы дәлелдеуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды бірігіп ізденуге, нақтылыққа баулып, өз елінің тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, карта, үлестірмелі материалдар

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тың эпопеясын толық меңгереді, аталмыш кеңестік саясаттың дұрыс және бұрыс жақтарын ажырата біледі, тарихи баға бере алады.

С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы:

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Сабаққа назарын аудару

Топқа бөлу

«Мықты тірек» тренингі

Шарты: дөңгелектеніп, иық тіресіп тұру, оң жаққа бір қадам, кейін сол

жаққа бір қадам жасау, мықты тіректі сезіну

- Қозғалыс барысында не сезініп тұрсыздар?

- Құламаймыз, тіреп тұрмыз

- Дұрыс, әрдайым бәріңіз бір-біріңді демеп, кол ұшын беріп жүріңіздер

Бірлігі жарасқан бұл сынып

Жүреді әрдайім бірігіп

Тілейміз алдағы сынақтан

Мектепті қуантсын,

Ауданға тәнті қып — деп сабағымызды бастасақ.

Қызығушылықты ояту

- Оқушылар, қай кезең тарихын меңгеріп жатырмыз?

- Соғыстан кейінгі кезең тарихын оқып жатырмыз

- Иә, балалар, бүгінгі сабағымыздың барысында 1940-60жылдарға қатысты түйткілді оқиғаларды еске түсіріп, тың эпопеясын қорытындылаймыз

- Ендеше, Ойна да күл, ойлана біл, өз ойыңды дамытып жүр — деп сабағымыздың бірінші бөлімін бастаймыз!

І «Сәйкесін тап!»

Шарты: Әр топтан кезекпен оқушылар шығып, тарихи ұғымдар мен тұлғаларды мәнін ашатын мәтінмен бағыттаушы арқылы байланыстыру

1. Кәсіподақ А) Әміршіл-әкімшіл, жоғарыдан төменге

қарай басқаратын иерархиялық құрылым

2. Е.Бекмаханов Ә) Партия нұсқауымен жұмыс жүргізетін

республиканың жоғарғы мемлекеттік органы

3. Компартия Б)Тәрбие жұмысын жүргізу, социалистік

жарыстар ұйымдастыру, бұқараның тұрмыс

жағдайына қарап көмектесетін ұйым

4. Ю.Домбровский В) Екпінді құрылыстарға, ірі

кәсіпорындардың салынуына, тың игеруге

үлес қосқан ұйым

5. Өнеркәсіптің «Б» тобы Г) Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болған

жазушы

6. Кеңес Ғ) КОКП-ның ХХ съезінен кейін ақталған

мемлекеттік қайраткер

7. Комсомол Д) 25 жыл бас бостандығынан айрылған

ғалым

8. С.Сейфуллин Е) 1954 жылғы Қазақстан КП ОК І хатшысы

9. Өнеркәсіптің «А» тобы Ж) Тұтыну тауарларын өндіру

10. П. Пономаренко З) Өндіріс құралдарын өндіру

ІІ «Сен білесің бе?»

Шарты: 1+2-3=? есебінің жауабын тауып, мәнін ашу;

  1. Егіске күш малын пайдалану қай уақытқа дейін орын алды?
  2. Мал шаруашылығын дамыту жоспары қашан қабылданды?
  3. Тың игеруге қатысты мәселелер одақ деңгейінде қашан талқыланды?

1960+1949-1953//1956ж — 16 млн га астық өндірді

  1. Тың игеру туралы шешім қашан қабылданды?
  2. Тыңды жаппай игеру Қазақстанның неше облысында жүзеге асырылды?
  3. КОКП-ның І хатшысы Н.С.Хрущев неше жыл ел биледі?

1954+6-7// 1953 — Одақ көлемінде талқылау, Сталин өлімі

ІІІ Шығармашылық сайыс

Шарты: Тың эпопеясына қатысты қосымша деректерді презентациялау

Уақыты: 6 минут

ІҮ. Картамен жұмыс

Бидай масақтарын 6 облыс тұсына орнату

Мағынаны тану

- Жалпы тың игеру жұмысын Кеңес үкіметі неліктен қолға алды деп ойлайсыздар?

- Балалар, біздер соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының дамуын сараладық, ал бүгінгі сабағымыз тың игерудің нәтижелеріне арналмақ.

Жаңа сабақтың мақсаты: Тың игеру саясатының салдарына талдау жүргізіп, сол кезеңдегі демографиялық ахуалдың шиеленісу себептерін анықтау

Мәтінмен жұмыс.

«Тың және тыңайған жерлерді игерудің қазақ халқы үшін пайдасы болды ма?» талдау жұмысы

Дискуссиялық карта толтыру

Иә

Жоқ

1.КСРО-ның негізгі астықты аймағына айналды, дүние жүзіне бидайдың қатты сортын шығарды.

2. Қалалық мәдениет дамыды.

3. Инфрақұрылым нығайды, жаңа жолдар салынды.

4. Көп ұлтты мемлекетке айналды

5. Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті.

1. Экологиялық жағдай ауырлады, топырақтың құнарсыздануы

2. Жер-су аттары орысша аталды

3. Қазақ халқы өз елінде азшылыққа айналды

4. Қазақ тілді мектептер, газет-журналдар жабылды.

  1. Мал шаруашылығы құлдырады

Ойтолғаныс

- «Ойлан, тап!» ойыны

Көрсеткіштерді сөйлету тапсырылады

6,5 млн 9,4 млн 25 млн

2 млн 20 млрд 1 млрд

- Екі түрлі түсіндірмелі күнделік

Не таңқалдырды? Неге?

Қорытындылау

«Ескірмейтін есті сөз»

«Тың иегру қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық және мәдени

өміріне үлкен өзгеріс әкелді»

«Нан болса, ән де болады » Л.И.Брежнев

«Осыдан жарты ғасыр бұрын мемлекеттен үлкен қаржы бөлініп, Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен Қазақстанға тың игеру үшін көптеген адамдар келді. Әрине, үлкен іс кемшіліксіз болмайды. Бірақ, ең негізгісі, қазір қазақстандықтардың дастарханында нан мол. Дүкеннен таңдағанымызды сатып аламыз. Тыңның басты құндылығы,міне, осында» Н.Ә.Назарбаев

Бағалау

Үйге тапсырма беру:§21 оқу, 119-беттегі сұрақтарға жауап әзірлеу

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности