link4284 link4285 link4286 link4287 link4288 link4289 link4290 link4291 link4292 link4293 link4294 link4295 link4296 link4297 link4298 link4299 link4300 link4301 link4302 link4303 link4304 link4305 link4306 link4307 link4308 link4309 link4310 link4311 link4312 link4313 link4314 link4315 link4316 link4317 link4318 link4319 link4320 link4321 link4322 link4323 link4324 link4325 link4326 link4327 link4328 link4329 link4330 link4331 link4332 link4333 link4334 link4335 link4336 link4337 link4338 link4339 link4340 link4341 link4342 link4343 link4344 link4345 link4346 link4347 link4348 link4349 link4350 link4351 link4352 link4353 link4354 link4355 link4356 link4357 link4358 link4359 link4360 link4361 link4362 link4363 link4364 link4365 link4366 link4367 link4368 link4369 link4370 link4371 link4372 link4373 link4374 link4375 link4376 link4377 link4378 link4379 link4380 link4381 link4382 link4383 link4384 link4385 link4386 link4387 link4388 link4389 link4390 link4391 link4392 link4393 link4394 link4395 link4396 link4397 link4398 link4399 link4400 link4401 link4402 link4403 link4404 link4405 link4406 link4407 link4408 link4409
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі. Қалқанша маңы және бүйрекүсті бездері

Казахстан, г. Кызылорда, пос.Тасбугет

Средняя школа №11

Учитель химии и биологии

Ергазиева Эльмира Болатбековна

Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі. Қалқанша маңы және бүйрекүсті бездері.

Мақсаты: Білімділігі — қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездерініңжұмысымен олардың гормондары, гормондардың бөлінуінен болатын аурулардың түрлерімен таныстыру. Дамытушылығы — ағзадағы зат алмасумен өзін-өзі реттеу туралы жалпы биологиялық заңдылықтарды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың танымдық ой-өрісін, іс-әрекетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тереңдету. Тәрбиелік — салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жүйелі тамақтану, дене шынықтырумен шұғылдануға т.б. жұмыс істеуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: кесте, тірек-сызба, суреттер

Сабақ беру әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: медицина

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

2. Үй жұмысын тексеру.

Биологиялық диктант.

Сөйлемдер

Қажетті сөздер

1. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек -------- тұрады. 2. --------- денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді. 3.Ішкі секреция бездерінің ------ ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. 4.Тері пигменті ------ түзілуін күшейтеді. 5. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы -------- жетеді. 6.Мұндай ауруды ------- деп атайды. 7.Бұл ауруды тек ------- ------ емдейді.

Жасушаларын

Нәруыздан

Гормондар

0,5-0,6 г.

Меланиннің

Рентген сәулесімен

Акромегалия

3. Жаңа сабақ.

Қалқанша безі.

Орналасқан жері

Пішіні

Салмағы

Бөлінетін

гормондар

Безден бөлінетін гормон жетіспесе

Безден гормон көп бөлінсе

Көмекейдің алдыңғы жағына

Таға тәрізді

30-60 г, жаңа ту-ған бала-да 1-2г.

«Тироксин гормоны» бөлінеді

Адам микседема ауруына шалды-ғады, ал жас балада кретинизм ауруы

Базедов ауруы немесе бадырақ көз

Қызметі: 1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді; 3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.

Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам алқым ісуі (эндемиялық зоб) ауруымен ауырады. Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамында йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы керек.

Жас балаларда қалқанша бездің гормоны жетіспесе, бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысының жұмысы бұзылып, ақыл-есі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.

Қалқанша безі гормоны көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді, жүрек соғуы жиілейді, қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады, тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш болады.көздері бадырайып, шарасынан шығып тұрады. мұндай ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруда неміс дәрігері К.А.Базедов сипаттап жазған. Бұл ауруды емдеу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейді.

Қалқаншамаңы безі.

Орналасқан жері

Пішіні

Салмағы

Бөлінетін

гормондар

Қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағынан екеуден жанаса орналасады

Үлкендігі асбұршақтай

20-50м г

Паратгормоны бөлінеді

Ересек адамда әр бездің ұзындығы 6-8мм, ені 3-4 мм, қалыңдығы шамамен 2мм. Салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 45-50 жасқа дейін өседі.

Қызметі: 1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді, 2) тағамның құрамында кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді, 3) денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс арқылы шығарылуын қамтамасыз етеді.

Егер ағзада паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып тастаса, кальцийдің деңгейі қанда азаяды, фосфордың мөлшері артады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшықеттер сіресіп қалады. Қалқаншамаңы бездері ісуінен паратгормон шамадан тыс артық бөлінсе, сүйекте кальций мүлдем азаяды. Сүйектер қисайып сынғыш келеді, қантамырда, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады. Мұндай жағдайда қалқаншамаңы бездерінің зақымданған жерін хирургиялық жолмен алып тастайды немесе рентген сәулесімен емдейді. Қалқаншамаңы бездерінің жұмысы бүйрек пен сүйек ұлпасындағы кальций мен фосфордың алмасуымен тығыз байланысты.

Айырша без (тимус) — кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. адамның балалық шағында ірі болады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді.

Қызметі: бұл без тимозин гормонын бөледі, ол ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі болып саналады. Тимозин гормоны жетіспесе, ағзаның иммундық қасиеті төмендейді. Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді.

Бүйрекүсті бездері.

Орналасқан жері

Пішіні

Салмағы

Бөлінетін

гормондар

Бүйректің ұшына орналасқан жұп бездер

Оң жақтағы-үшбұрыш, сол жақтағы-жарты ай тәрізді

1-еуінің са-лмағы 6-7 г, екеуінікі 12-14 г.

Адрналин гормонын бөледі. Көңіл күй гормоны деп те атайды.

Қызметі: 1) бездің қыртыс қабатынан түзілетін гормондар (кортизон) көмірсудың алмасуын және оның нәруыздан түзілуін реттейді, 2) тұз және су алмасуын қамтамасыз етеді, 3) қан мен басқа ұлпалардағы натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді, 4) жыныс мүшелерінің дамуына да әсер етеді.

Бүйрекүсті бездерінің қыртысы қабаты жарақаттанса немесе гормондары аз бөлінсе (жетіспесе): 1) қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калийдің

мөлшері артады, 2) су мөлшері азайып, қан қысымы төмендейді, 3) қанда қанттың және ұлпаларда гликогеннің мөлшері азаяды.

Бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының әр түрлі аурудан және жарақаттан-уынан туатын ауру Аддисон ауруы деп аталады. Бұл ауруды 1855 жылы ағылшын дәрігері Т.Аддисон алғаш рет сипаттаған.

Ішкі секреция бездерінің әсерінен болатын ауруларды емдейтін дәрігерді эндокринолог дейді.

Тапсырма №1 Кесте толтыру.

Ерекшелік белгілері

Ауру түрлері

1. Қалқанша бездің ұлпалары өсіп, салмағы артады.

А. Кретинизм

2. Жас балалардың бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады

Ә. Базедов ауруы

3. Денеде зат алмасу күшейеді, жүрек соғуы жиілейді, жүйке жүйесінің қозуы артады

Б. Алқым ісуі

4. Қол-аяқ сүйектері ұзарады, тілі аузына сыймайды

Г. Акромегалия

Тапсырма №2 Кесте толтыру

Ауру белгілері

Аурудың аттары

1. Өте әлсіз, тез шаршайды, қан қысымы төмен, асқа тәбеті тартпайды, теріс қола түсті (бозғылт) болып өзгереді.

2.Сүйектердің өсуіне әсер етеді, көп бөлінгенде (жас кезде) сүйек ұзынан қарқынды өседі

3. Терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді.

4. Бездің ұлпалары өсіп, дене салмағы артады.

5.Жас балалардың бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқтайды.

7.Жүйке жүйесінің қозуы артады, тез ашуланады және терлегіш болады.

Тапсырма №3 Сөйлемді толықтырып жазыңдар:

а) Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам------------------- ауруымен аурады.

ә) -------------------- көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан. б) Ересек адамдарда қалқанша бездің салмағы----------------- . в) ----------------- гормоны барлық зат алмасуға қатысады. г) Тироксин гормонының синтезделуі ағзада ----------- болуына байланысты. ғ) Тәулігіне адамның қабылдайтын ------------------0,15-0,20 мг болуы керек. д) Бұл ауруды 1855 жылы ағылшын дәрігері ------------ алғаш рет сипаттаған. е) --------- жүйке жүйесінің бақылауымен бөлінетін гормон. ж) Бүйрекүсті бездері сыртқы --------- қабаттан және ішкі --------- (---------) қабаттан тұрады. з) ------- гормоны жетіспесе, ағзаның иммундық қабілеті төмендейді. й) Паратгормон----------- бездерінен бөлінеді. и) Қалқаншамаңы бездерінің салмағы -------------- . к) Адамның көңіл күйі күрт өзгерген кезде -------- көп бөлінеді.

Тапсырма №4 Сөзжұмбақтар шешу.

4. Қорытындылау.

1. Қалқанша безіне сипаттама беріңдер?

2. Қалқаншамаңы безіне сипаттама бер?

3.Айрықша, бүйрекүсті, қалқаншамаңы, қалқанша бездерінен бөлінетін гормондарды атаңдар?

5. Үйге тапсырма. § 10,11 оқу

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности