link11718 link11719 link11720 link11721 link11722 link11723 link11724 link11725 link11726 link11727 link11728 link11729 link11730 link11731 link11732 link11733 link11734 link11735 link11736 link11737 link11738 link11739 link11740 link11741 link11742 link11743 link11744 link11745 link11746 link11747 link11748 link11749 link11750 link11751 link11752 link11753 link11754 link11755 link11756 link11757 link11758 link11759 link11760 link11761 link11762 link11763 link11764 link11765 link11766 link11767 link11768 link11769 link11770 link11771 link11772 link11773 link11774 link11775 link11776 link11777 link11778 link11779 link11780 link11781 link11782 link11783 link11784 link11785 link11786 link11787 link11788 link11789 link11790 link11791 link11792 link11793 link11794 link11795 link11796 link11797 link11798 link11799 link11800 link11801 link11802 link11803 link11804 link11805 link11806 link11807 link11808 link11809 link11810 link11811 link11812 link11813 link11814 link11815 link11816 link11817 link11818 link11819 link11820 link11821 link11822 link11823 link11824 link11825 link11826 link11827 link11828 link11829 link11830 link11831 link11832 link11833 link11834 link11835 link11836 link11837 link11838 link11839 link11840 link11841 link11842 link11843
Султанова Анара Базарбаевна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Актюбинская область, Муголжарский район, город Эмба
Кластан тыс сағаты "Ғажайып жетілік" 1-класс

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып жетілік» кластан тыс сағаты

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жеті пән бойынша білім деңгейін анықтау; шығармашылық қабілеттерін байқау; топ болып жұмыс жасау іскерліктерін қарау; өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, ізденушілікке, тапқырлыққа, дұрыс шапшаң жауап беруге баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: кеспе қағаздар, бояулар, тапсырмалар, ямаха т.б.

Сабақтың түрі: жарыс сабағы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

М: Балалар бүгінгі өтетін сабағымыз өзгеше болады. Бүгінгі күнге дейін алған білімдерімізді ортаға салып, өздерінің білім деңгейлерін қаншалықты жоғары екенін дәлелдейтін сәт келді. Сабақ жарыс түрінде өтеді. Класс екі топқа бөлінді. Олар: «Қайрат» тобы және «Ұлан» тобы.

Жарысымыздың шартымен таныстырып өтемін:

  1. Әр топ өзін таныстырады.
  2. Әр топтың топ басшылары кезекпен тапсырмаларды алып , әр топ тапсырмаларға жауап береді.

Әр тапсырманың артында пән атаулары жасырулы тұр. Тапсырмалар сол сабаққа қатысты қойылады.

1-тапсырма «Бас қатырғы» деп аталады. Бұл математика пәні.

А) Суретте барлығы неше үшбұрыш

( үшбұрыштың суреттері беріледі)

ә) Ойлан, тап!

(11 2) =3

Б) Тез есепте:

9+5 12-5

16+5 13-4

28+4 25-5

37+5 12-3

2- тапсырма «Білгенге маржан»- қазақ тілі пәні

Жұмбақтарға жауап беріп, орыс және ағылшын тілдеріне аудару.

1-жұмбақ «Қабат-қабат қаттама,

Ақылын болса аттама.»

2-жұмбақ «Мүйізі айдай иілген

Мұрның көкке шүйірген»

3-жұмбақ «Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу.»

4-жұмбақ «Адассаң , ал қолына,

Бағыт берер жолыңа»

5-жұмбақ «Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады»

6-жұмбақ «Тонын кие туған,

Жалап бетін жуған»

3-тапсырма «Шабытты шәкірт» - ана тілі пәні

Жалғасын тап:

1) Маң-маң басқан,маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

( Төрт аяғын тең басқан,

Екі өркешін қом басқан)

2) Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық.

( Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!)

3) Саған білім жемісін

Оқулығын береді.

( Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді)

4)Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім,

( Баулитын өмірге

Ақылшым –мұғалім)

5) Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан

( Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.)

6) Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

(Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем)

4- тапсырма «Әуенінтап» - музыка пәні

Әр топқа 5 өлеңін әуені ойналады балалар нотаға қарап, өлеңді табу керек.

Музыка пәнінін мұғалімі Мажитова Айгүл дайындайды.

5-тапсырма «Топ басшысының өнері» - бейнелеу пәні

Топ басшысына сурет көрсетіледі, балалар сол суретте не бейнеленгенін ыммен түсіндіруі қажет

Олар: Коньки, доп, кітар, қолшатыр.

6- тапсырма: «Кім тапқыр» - еңбекке баулу

Әр топ 2 минуттың ішінде конструктордан бір заттың бейнесін ойлап табуы керек.

7- тапсырма «Сыр сандық» - дүниетану пәні

Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Адамға не қажет?

А) ауа, жер, нан, су

ә) ауа, су, жарық, жылу, тамақ.

2. Адам бір сағат бойы тыныс алмауға шыдайды.

А) иә

ә) жоқ

3. Ауаның негізгі қасиеті:

А) иіссіз, дәмсіз, түссіз, көзге көрінеді

ә) көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз

4. Топырақта не бар?

А) су, ауа, саз, құм, шірінді

ә) су, құрттар, шірінділер

5. Жапырақтың қызметі

А) тыныс алады, буландырады

ә) сарғаяды, оттегін бөліп шығарады.

5.Сабақты қорытындылау:

Әр топтың жинаған фишкілері есептеліп, женген топ анықталады.

Жарыс сабағымыз өз мәресіне жетті!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности