link14760 link14761 link14762 link14763 link14764 link14765 link14766 link14767 link14768 link14769 link14770 link14771 link14772 link14773 link14774 link14775 link14776 link14777 link14778 link14779 link14780 link14781 link14782 link14783 link14784 link14785 link14786 link14787 link14788 link14789 link14790 link14791 link14792 link14793 link14794 link14795 link14796 link14797 link14798 link14799 link14800 link14801 link14802 link14803 link14804 link14805 link14806 link14807 link14808 link14809 link14810 link14811 link14812 link14813 link14814 link14815 link14816 link14817 link14818 link14819 link14820 link14821 link14822 link14823 link14824 link14825 link14826 link14827 link14828 link14829 link14830 link14831 link14832 link14833 link14834 link14835 link14836 link14837 link14838 link14839 link14840 link14841 link14842 link14843 link14844 link14845 link14846 link14847 link14848 link14849 link14850 link14851 link14852 link14853 link14854 link14855 link14856 link14857 link14858 link14859 link14860 link14861 link14862 link14863 link14864 link14865 link14866 link14867 link14868 link14869 link14870 link14871 link14872 link14873 link14874 link14875 link14876 link14877 link14878 link14879
Алтыбаева Роза Бахитжановна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Костанайская обл Житикара
Регион:Костагайская область,город Житикара
Краткосрочное поурочное планирование серии уроков казахского языка

Айы , күні

2.09.

4-сынып

Сабақтың атауы:

Біздің отбасымыз

Мақсаты:

Отбасы мүшелерін білу, туыстық қарым — қатынас атауларын меңгеру,

Көсемшенің –а, -е, -й жұрнақтарын қолдану.

Оқу нәтижесі:

Отбасы мүшелері арасындағы туыстық қарым — қатынас атауларын біледі, Көсемшенің –а, -е, -й жұрнақтарын қолданады.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Ноутбук, слайд, карточкалар,

Көсемше — бірде пысықтауыштың, бірде баяндауыштың қызметін атқаратын етістіктің түрі.

Іс-әрекеттің жай күйін білдіріп, пысықтауыштық қызмет атұарады.

Жіктеліп немес көмекші етістікпен тіркесіп, қимылды білдіріп, баяндауыштың қызметін атқарады.

Көсемшенің жұрнақтары;

1.

-а, -е, -й

Бар+а+ды, кел+е+ді

2

-ып, -іп,-п

Шығ+ып, ез+іп

3

-ғалы, -гелі

-қалы, -келі(жіктелмейді)

Ал+ғалы, бер+гелі, айт+қалы, кет+келі

Көсемшенің жіктелуі:

Жекеше түрі

Көпше түрі

1

Мен барамын

Біз барамыз

2

Сен барасың

Сіз барасыз

Сендер барасыңдар

Сіздер барасыздар

3

Ол барады

Олар барады

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Тренинг «Жер сілкінісі»

2.Топтық жұмыс туралы түсінік беру

3.Топқа бөліну

4.Мәтінмен жұмыс. Екі топқа мәтін сөйлемдері беріледі, мәтінді ретімен құрастыру.

5.Слайдты көру, өз жұмысын тексеру.

6.Топпен 1-тапсырманы орындау, топ алдында қорғау. 7.Сабақты бекіту.

8. үйге тапсырма алу.

9. Бағалау.

  1. 1.

Біздің отбасымыз

Біздің отбасымызда бес адам бар. Ол менің әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен.Менің жасым 13-те. Отбасымыздың басшысы әкем. Ол жүргізуші болып жұмыс істейді. Жасы 45-те. Анам да 45-те. Ағам колледжде оқиды. Қарындасым мектепте. Мен өз отбасымды жақсы көремін, құрметтеймін.

Тапсырма:

1. Мәтінді түсініп оқы, түсінгенінді орысша айт.

2. Мәтінге 3 сұрақ құрастырып, дәптеріне жаз.

Тапсырма:

1. Отбасы туралы мақал- мәтелдерді жаттап ал.

Ата-бәйтерек,

Бала-жапырақ.

Ағаны көріп іні өсер,

Апаны көріп сіңлі өсер.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Топқа бөлу:

Түсті стиктермен 2 топқа бөліну

Тапсырмалар:

Тапсырма № 1

Септіктерге байланысты карточкамен жұмыс.

Аман үйге барады. Ол мектепке келеді.

Тапсырма № 2 (Инклюзивті оқыту)

Үлгерімі төмен оқушыға карточка беру, отбасы тақырыбына байланысты сөздерді аудару және буынға бөлу, буын түрін анықтау.

Сергіту сәті

Дене мүшелерінің амандасуы

Үйге тапсырма

Мақалдарды жаттау. Септіктерді қайталау.

Рефлексия

Даналық ағашы

Бағалау:

Өзара бағалау.

Айы , күні

3.09.

4-сынып

Сабақтың атауы:

Менің атам мен әжем

Мақсаты:

Отбасындағы ата мен әженің орнына ерекше мән беру, отбасы ұйтқысы, ақылшысы екенін ұқтыру.

Оқу нәтижесі:

Қазақ отбасындағы сыйластық қатынастары туралы түсінеді, әр отбасы мүшесінің өз рөлі барын біледі. Ауызекі сөйлеу дағдысы дамиды.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Ноутбук, слайд, карточкалар,

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Тренинг «Дене мүшелерінің амандасуы»

2.Топқа бөліну

3.Мәтінмен жұмыс. Екі топқа мәтін бөліктері беріледі. Жақсылап оқып, келесі топқа барып түсінгенін әңгімелеуге бір оқушыны дайынлауы керек.

4.Слайдты көру.

Топпен 1-тапсырманы орындау, топ алдында қорғау. 5.Сабақты бекіту.

6. үйге тапсырма алу.

7. Бағалау.

Менің атам мен әжем

Менің отбасымда алты адам бар. Ол менің атам, әжем, әкем, шешем, қарындасым және мен. Отбасымыздың басшысы — атам. Ол өте мейірімді, елге сыйлы адам. Атам мен әжем немерелерін еркелетеді, бағады. Олар — зейнеткерлер.

Әкем мен анам жұмыс істейді. Қарындасым балабақшаға барады. Ал мен төртінші сыныпта оқимын. Мен өз отбасымды жақсы көремін және құрметтеймін.

Тапсырма:

1. Мәтінді түсініп оқы, түсінгенінді қазақша, орысша айт.

2. Мәтіннен ата, әже сөздерін тәуелдеңдер.

Тапсырма: отбасы мүшелерін жас шамасына қарай тиісті деңгейге жаз.

Ата, әке, аға, сіңлі, әпке, әже, қарындас, апа, іні

Топқа бөлу:

Түсті стиктермен 2 топқа бөліну: отбасы мүшелері атаулары бір топ, оқу құралдары екінші топ болады.

Тапсырмалар:

Тапсырма № 1

Ата сөзін көпше тәуелдеу-карточкамен жұмыс.

Тапсырма № 2 (Инклюзивті оқыту)

Үлгерімі төмен оқушыға карточка беру, отбасы тақырыбына байланысты сөйлемдер құру.

Сергіту сәті

Музыкалық сергіту сәті

Үйге тапсырма

Отбасы туралы мақалдар жазып келу. Диалогты толықтыру:

-Арай , сенің отбасың үлкен бе?

- Жоқ, менің отбасым ....... үлкен емес, шағын.

- Сенің ағаң бар ма?

- ...... жоқ.

- Ал әжең бар ма?

- Иә, менің өжем ........ .

- Ал анаңның аты кім?

- Анамның аты - ..............

Рефлексия

Даналық ағашы

Бағалау:

Өзара бағалау.

Айы , күні

4.09.

4-сынып

Сабақтың атауы:

Менің әкем

Мақсаты:

Отбасындағы әке рөлі туралы әңгімелесу, әке — қамқоршы, үлгі — өнеге аларлық тұлға. Мәтінге байланысты сұрақ қоюға, сөйлем моделін сақтай отыра толық жауап бере білуге баулу.

Оқу нәтижесі:

Өз әкесі туралы әңгімелей алады. Әке туралы мақалдармен танысады. Ауызекі сөйлеу дағдысы дамиды.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Ноутбук, слайд, карточкалар,

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Тренинг «Атом молекулалары

2.Топқа бөліну

3.Мәтінмен жұмыс. Екі топқа мәтін бөліктері беріледі. Жақсылап оқып, келесі топқа барып түсінгенін әңгімелеуге бір оқушыны дайынлауы керек.

4.Топта грамматикалық тапсырмаларды орындау топ алдында қорғау.

5.Сабақты бекіту.

6 Үйге тапсырма алу.

7. Бағалау.

Менің әкем

Менің отбасымда төрт адам бар. Ол менің әкем, шешем, ағам және мен. Отбасымыздың үлкені  — әкем. Әкемнің аты — Ерасыл. Ол 42жаста, мамандығы — жүргізуші. Әкем күнделікті жұмысына тыңғылықты қарайды. Отбасында мейірімді. Бізге әрқашан көмектеседі.

Кешке жұмыстан келгенде шаршап келеді. Біз оның көңілін көтеруге тырысамыз. Әкем үйге келгенде шаршағанын ұмытып кетемін дейді.

Біз әкемізді жақсы көреміз.

Тапсырма:

1. Мәтінді түсініп оқы, түсінгенінді қазақша, орысша айт.

2. Мәтіннің сөздерін буынға бөліп оқу, жуан . жіңішке айтылатын 5 сөзден теріп жазу, әке сөзін септеу.

Топқа бөлу:

Түсті стиктермен 2 топқа бөліну: жаз және күз айлары

Тапсырмалар:

Тапсырма № 1

Әке сөзін көпше тәуелдеу-карточкамен жұмыс.

Тапсырма № 2 (Инклюзивті оқыту)

Үлгерімі төмен оқушыға карточка беру, мәтінді буынға бөліп көшіру. Бірнеше сұрақ құру.

Сергіту сәті

Музыкалық сергіту сәті

Үйге тапсырма

«Әке — асқар тау, ана — бұлақ, бала — жағадағы құрақ» мақалына сурет салу

Рефлексия

Кемпірқосақ

Бағалау:

Критерийлер бойынша бағалау.

Критерийлер:

  1. Мәнерлеп оқу;

  2. Түсінгенін айта білу;

  3. Сауатты жазу;

  4. Бір-бірін тыңдау;

  5. Белсенді болу;

  6. Уақытты бағалау;

  7. Тәртіп бұзбау.

Айы , күні

9.09.

4-сынып

Сабақтың атауы:

Менің шешем

Мақсаты:

Отбасындағы шеше рөлі туралы әңгімелесу, шеше –нәзік, бәрінің қамқоршысы, отбасы ұйтқысы. Мәтінге байланысты сұрақ қоюға, сөйлем моделін сақтай отыра толық жауап бере білуге баулу.

Оқу нәтижесі:

Өз шешесі туралы әңгімелей алады. Шеше туралы мақалдармен танысады. Ауызекі сөйлеу дағдысы дамиды.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Ноутбук, слайд, карточкалар,

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Тренинг «Дене мүшелерінің амандасуы»

2.Топқа бөліну

3.Мәтінмен жұмыс. Екі топқа мәтін бөліктері беріледі. Жақсылап оқып, келесі топқа барып түсінгенін әңгімелеуге бір оқушыны дайынлауы керек.

4.Топта грамматикалық тапсырмаларды орындау топ алдында қорғау.

5.Сабақты бекіту.

6. үйге тапсырма алу.

7. Бағалау.

Менің шешем

Менің отбасымда бес адам бар. Ол менің әкем, шешем, әпкем, інім және мен. Отбасымыздың үлкені  — әкем. Әкемнің аты — Ерасыл. Ол 42жаста, мамандығы — жүргізуші. Анамның аты — Әсел. Ол 38 жаста. Анам ауруханада дәрігер болып жұмыс істейді..

Анам ешқашан шаршамайды, тамақ та пісіреді, үй шаруасымен де айналысады. Бізге мейірімін аямайды. Біз де ата-анамызға барынша көмектесуге әзірміз. Әпкем екеуміз ыдыс жуамыз, үй жинаймыз, дүкенге барамыз. Інім гүлдерді суарады, үй сыпырады.

Біз анамызды сүйеміз.

Тапсырма:

1. Мәтінді түсініп оқы, түсінгенінді қазақша, орысша айт.

2. «Дүкенде» тақырыбына диалог құрастыр.

3. «Шеше, шеше, неше кесе сынды кеше?» жаңылтпашын дұрыс айтып жаттық. Қай топ жақсы айтады.

Ана туралы мақалдарды «Мақал — мәтелдер» кітабынан теріп жаз.

Топқа бөлу:

Түсті стиктермен 2 топқа бөліну: көктем және қыс айлары

Тапсырмалар:

Тапсырма № 1

Шеше сөзін жекеше тәуелдеу-карточкамен жұмыс.

Тапсырма № 2 (Инклюзивті оқыту)

Үлгерімі төмен оқушыға карточка беру, мәтінді буынға бөліп оқу, бірнеше сұрақ құру.

Сергіту сәті

Музыкалық сергіту сәті

Үйге тапсырма

Мақал жаттау

Рефлексия

Аялы алақан

Бағалау:

Критерийлер бойынша бағалау.

Критерийлер:

  1. Мәнерлеп оқу;

  2. Түсінгенін айта білу;

10. Сауатты жазу;

11. Бір-бірін тыңдау;

12. Белсенді болу;

13. Уақытты бағалау;

14. Тәртіп бұзбау.

Айы , күні

10.09.

4-сынып

Сабақтың атауы:

Ұстаз

Мақсаты:

Мәнерлеп оқуға үйрету,сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, оқушыларды өзара қарым-қатынасқа түсіру.

Оқу нәтижесі:

Ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу, оның айтқанына үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Ноутбук, слайд, карточкалар,

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности