Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жаңа форматтағы мұғалімнің шығармашылық қызметі аясында Зияткерлік мектептерге тірек мектептерінің жұмысын жоспарлау, жобалау

Талдықорған қаласы

№9 орта мектеп

Директордың оқу-әдістемелік орынбасары

Ақшолақова Ғалия Молдағалиқызы

Жаңа форматтағы мұғалімнің шығармашылық қызметі аясында

Зияткерлік мектептерге тірек мектептерінің жұмысын

жоспарлау, жобалау

Аннотация

Зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін қалыптасқан қалыптасқан мектеп құрылымын, білім беру мазмұнын жобалау мен жоспарлау, оқыту әдістемесі, орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі кәсіби шеберлігіне тікелеей байланыстылығы айтылған. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі оның шығармашылық қызметіінің нәтижесі арқылы анықталатындығы, шығармашылық біліктер мен кәсіби шебер мұғалімнің бойында болатын қасиетер, яғни жаңа формация мұғалімі қандай болу керектігі туралы мағлұмат берілген.

Для воспитаниие интеллектуальной личности в сформировавшейся школьной структуре, важную роль играет проектирование и планирование содержания учебного процесса; методики обучения; преемственности. В общеобразовательных учреждениях это напрямую связано с профессиональным мастерством учителя, каторое выявляется через результаты его творческих работ, то есть, дается информациия о том, каким должен быть учитель новой формации.

In this report describe professional preparation of teacher in teaching process at secondary schools, education of methodology, planning and design for teaching maintenance, to form schools structure for teaching an intellectual person.

There are some information about new modern model of teacher, about qualities which must have creative teacher with high professional skills and abilities.

«Әлем елдері арасындағы бәсекелестікке олардың шығарған өнімдері мен көрсеткен қызметтері ғана сараланып қоймай, сонымен қатар қоғамдық құндылықтар мен білім экономикада — материалдық тауарлар мен қызметтерге емес, елдің инттеллектуалды білім беру жүйелерінің даму барысы да додаға салынады. Осыдан барып заманауи және тиімді білім беру жүйесін қолдап оқыту арқылы жұмыс күшінің интеллектуалды компонентін артыру- бәскекеге қабілеттіліктің негізгі шарттары болып айқындалады», - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендай, жаңа әлемде білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен адами каптиалдың дамуына айрықша ден қойыла бастады.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, элеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік және кәсіби сауаттылық.

Қазіргі таңдағы адам ақпарат саласында қарқынды өрлеу жағдайында өсуде. Осы орайда мектеп алдындағы тұрған мақсат - оқушыларды өмір жолында туатын сұрақтарға жауаптарды өз бетімен табуға үйрету; өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын бағалап, олар үшін жауапкершілікті ала білу, мұның өзі өмір барысында жиналатын білімнің негізі болатын өзін-өзі оқыту мен дамыту дағдыларын алуды, осы білімді шығармашылық күйде қолдана білуді білдіреді.

Мектеп осы жағдайларда өз оқушыларының бойында ұтқырлық, серпінділік, сындарлылық қасиеттерін дамыта отырып, заман өзгерістеріне әзірлеуі тиіс.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы 13 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де өткен «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін» тақырыбындағы дәрісінде: «Ұлттық интеллектің діңгегін, Қазақстанның зияткерлік элитасын тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті мектептер құру қажет» деп атап көрсетті.

Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, өмірге белсенді көзқарас пен жоғары білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу, мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметке қатыстыру, қазақстандық және әлемдік білім беру жүйесінің таңдаулы дәстүрлеріне сәйкес жалпы орта білімнің инновациялық моделін құру- осы заманға сәйкес білім берудегі объективтік қажеттілік. Зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін қалыптасқан мектеп құрылымын, қарым-қатынастар жүйесін, білім беру мазмұнын жобалауды, оқыту әдістемесін, білім жетістіктерін бағалау қағидаларын өзгерту қажет. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті педагогикалық іс-әрекетте оқыту технологияларын кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді.

Бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, мұғалімге өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің көшбасшысы бола алады.

Білім саясатының өзекті мәселелері — кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Оқу үдерісін белсенділендіру — берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, оқушылардың шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т.б.

Зияткерлік мектептер жүйесін жаңа формациядағы ұстаздар құрамын, оқуға және өзін жетілдіруге бағытталған оқушылар ортасын құруға және оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және әлеуметпен берік қатынастар орнатуға ықпал ететін инновациялық орта ретінде қарастыруға болады.

Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін оқушының мүмкіндігін барынша аша алатын, оқушының қызығушылығын, икемділігі мен қабілеттілігін толықтай есепке алуға жағдай құра алатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын зияткерлік мектептер жүйесінің бағытында жұмыс жасау бүгінгі күннің талабы болып отыр.

Осыған орай, Талдықорған қаласындағы №9 орта мектеп ұжымы 2004-2005 оқу жылынан бастап, «Білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру арқылы білім сапасын көтеру» атты даму бағдарламасы бойынша қызмет атқарып келеді.

Даму бағдарламасы ІІІ-кезеңге арналып алынған.

Бірінші кезең: 2004-2007 оқу жылдары аралығында «Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларға сапалы білім беру» атты тақырыпта;

Екінші кезең: 2007-2010 оқу жылдары аралығында «Оқу –тәрбие үрдісіне ақпаратық-коммуникациялық технолгияны сатылай енгізу арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану» атты тақырыпта;

Үшінші кезең: 2010-2014 оқу жылдарында «Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технология мен интерактивті әдісті қолдану арқылы электронды оқыту жүйесіне көшу» атты әдістемелік тақырып бойынша қызмет атқарады.

Даму бағдарлмасының ІІІ-кезеңіндегі алған қойған мақсат, міндеттерге жету барысында атқарылған іс-шаралардың қорытындысы негізінде атаулы мектеп ағымдағы оқу жылында электорнды оқыту жүйесіне көшу жұмыстарын бастаса, өткен оқу жылының мамыр айынан бастап, Назарбаев Зияткерлік мектебінің тірек мектебінің бағдарламасы құрылды.

І. Бағдарламаны әзірлеуде қолданылған тәсілдер:

  • «Зерде» шығармашылық орталығының идеялары;
  • Оқыту тәжірибесін жетілдіретін тәжірибелі мұғалімдер идеясы;
  • «Мұғалім-оқушы», «Оқушы-мұғалім» қарым-қатынасын зерттеуші сынып жетекшілер мен психологтер идеясы.
  • Бір-біріне қолдау көрсетіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісетін, басқа тәжірибелерді зерделейтін мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы.

ІІ. Бағдарламаның тақырыптық мазмұны.

Бағдарлама жеті модуль аясында пәндік және әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұрады.

  • Оқыту мен оқудағы жаңаша тәсілдер;
  • Оқушыны сыни тұрғыда ойлауға үйрету;
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау жүйесін енгізу;
  • Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үздіксіз пайдалану;
  • Талантты және дарынды балаларды тани білу;
  • Оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту және оқу;
  • Оқытудағы басқару мен көшбасшылық.

ІІІ. Бағдарламаны іске асыруда қолданылатын тәсілдер:

  • Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін оқу, іс-тәжірибеге енгізу;
  • Педагогтерге кәсіби кеңес беру;
  • Нақты сыныптардағы және мектептегі атқарылатын жұмыс.

ІV. Бағдарламаның деңгейлері.

Бірінші деңгей: Оқу, зерделеу, іс-тәжірибеге енгізу.

Екінші деңгей: Мұғалімдерді мектепте оқу үрдісін басқаруға даярлау.

Үшінші деңгей: Мұғалімдерді электронды оқыту желісінде оқу үрдісін басқаруға даялау.

Бағдарламаны іске асыруда педагогикалық ұжымның алдына төмендегідей сратегиялық бағыттар берілді:

1. Сапалы білім беру.

v теориялық

v Практикалық

v Іздеу-зерттеу-зерделеу

2.Оқушылардың толыққанды дамуы үшін білім беру үрдісін ұйымдастыру.

v Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

v Жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану

v Оқыту мен оқуды ақпараттандыру

v Өзіндік іздену, өзіндік білім алу

3. Интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеп, оқыту.:

v Қоғамда бәсекеге қабілетті

v Өмір бойы оқуға дайын

v Компьютерлік сауатты,өз ойын еркін айтатын

4. Білім сапасын мониторингілеу, қорытындылау.

v Оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу

v Әдістемелік әзірлемелер мен бағдарламалар құру

Бағдарламаны іске асыру-мектептің басқару және бақылау жүйесі арқылы іске асады. Мектептегі білім беру жүйесі- белсенді өмірлік позициясы бар, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жоғары білімді, зияткерлік тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік беретін мектептің инновациялық моделін құрастыруға бағытталған.

Негізгі мақсаттары:

құру – жобалау, құрылыс, материалды-техникалық, оқулық, оқу әдістемелік жабдық;

ұйымдастыру — білім мазмұнын жетілдіру, оқыту бағдарламаларын дайындау, енгізу, дамыту және жүзеге асыру, мұғалімдерді, оқушыларды дайындау, іріктеу жүйесін дайындау және жүзеге асыру, мониторинг, әкімшілеу және ақпараттық коммуникациялық жүйесін, бағалау және бақылау жүйесін енгізу;

басқару – Зияткерлік мектептердің іс- тәжірибесін басшылыққа алып, басқару және білім беру қызметін ұйымдастыру.

мектепішілік басқару- әрбір тұлғаның өзіндік дамуына негізделіп, нәтижеге бағдарланған. Мектепішілік басқару жүйесі сыйластық, сенім және табысқа негізделіп құрылған, бұл өз ретінде жайлы жағдай жасалса жасампаз жәнеө ойын білдіре алатын тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді.

Мектепішілік басқару жүйесінде негізгі рөлді басқару процессіне және қорытынды нәтижелерге, қабылданған шешімге жауап беретін тәжірибелі ұстаздар мен мектеп әкімшілігі және педагогикалық кеңес атқарады.

Мектепішілік басқару демократиялық, жүйелік, бірлік, алқалық және жоғары сенімге беріліп таратылатын ақпараттың объективтілігі принциптеріне негізделінеді.

V. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - шығармашылық қызметінің нәтижесі

Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамдағы алатын орны, атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «кәсіби шебер» адамға деген сұраныстың көп екенін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Кәсіби білімді мұғалім қоғам талаптарына сәйкес болу үшін өзінің білімін жетілдіре, мінез-құлқын тәрбиелей, шығармашылық даму шараларын жүзеге асыра білуі керек. Нағыз мұғалім-өзін-өзі дамытып отыратын тұлға. Мұғалімнің кәсіби дайындығы,білім мен біліктері,оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады.
Мұғалімнің кәсіби дайындығы,білім мен біліктері оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады.шығармашылық біліктер төмендегідей мүмкіндіктер қамтиды.

• мұғалім өз бетімен педагогикалық міндеттерді шеше білуі;
• өзінің кәсіби қабілеттерін дамыта алуы;
• оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда оқытудың әдістерін кеңінен пайдалануы.
Кәсіби шебер мұғалімнің бойында мынадай қасиеттер болуы тиіс:
• сергектік,байқағыштық
• сезімталдық
• сенім
• әділдік
• ұстамдылық
• ілтипаттылық


Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп, шығармашылық ізденісте жүруі маңызды.

Сонымен қорыта келе айтарым, жаңа формация мұғалімін модельдеу проблемасын талдау, болашақ мұғалімдердің оқу үдерісіндегі іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымын талдау қазіргі заманғы жаңа формация мектептерінде жүмыс істеуге қабілетті болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мазмұны мен тәсілдеріне өзіндік өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, ақпараттық-компьютерлік іс-әрекетінің практикалық сүранысы артуда. Қоғамдық прогрестегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен төрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз кезегінде жаңа формация мұғалімінің білік деңгейіне байланысты. Сондықтан да мұғалімдердің инновациялық біліктілігі проблемасы аса назар аударуды талап етеді.

Жаңа формация мұғалімі пәнді жақсы білумен қоса, стандарт талап етіп отырған құзыреттіліктерді жете меңгеруі тиіс, жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру мәселесі де психологиялық - педагогикалық тұрғыда шешілуі керектігі де теориялық тұрғыда анықталды, яғни философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

[1] Назарбаев Н.Ә. // Қазақстан Халқына жолдау. 2012ж

[2] Назарбаев Н.Ә.// Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін» 2009ж.

[3] Кукушкин В.С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. изд-во “Феникс”, 2004г.

[4] Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс-әрекетке даярлау жолдары - Өскемен, 2004ж.

[5] . Б. Тұрғанбаева «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту».Алматы. 2007ж.

[6] . Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. — М. 1988.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности