Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Осьтік және центрлік симметрия

Казахстан, Алматинская область, Алакольский район

ГУ «Достыкская средняя школа с дошкольным миницентром»

Учитель математики

Дуйсенбаева Дарига Кажыгалиевна

Жалпы мақсаттар

Осьтік және центрлік симметрияны табуға үйрету

Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін ,теориялық білімдерін белсенділігін дамыту

Осьтік және центрлік симметрияны әдемі дәл сызуға,мәдениеттілікке тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

1.Осьтік симметрияны біледі

2.Центрлік симметрияны біледі

3.Симметриялы фигураларды біледі

4.Қорытынды жасауға өзін және өзгені сыни тұрғыдан бағалауды үйренеді

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс тәсілдер

Топтық жұмыс,жұптық жұмыс

Дерек көздері

Оқулық,жоспар,бағдарламалар

Қажетті құралдар

Маркер,стикер,бағалау критерийі,топқа бөлу фишкалары,сызғыш,транспортир

Бағалау

Бағалау парақтары сабақтың алдында үлестіріледі.Бағалау критерийі бойынша оқушы баға алуға тырысады

Тапсырма мазмұны

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

Тренинг

Оқушыларды төрт топқа бөлу.

Әр оқушы төңкеріліп жатқан фишкаларды алып өздерінің нөмірленгені бойынша бөлінеді

Топтың ережесімен таныстыру. Топпен жұмыс істеген кезде сол ережені сақтайсыңдар деп ескертемін.

Әр столға №1.№2,№3,№4 деп жазып қоямын

Топтағы оқушылар топ ережесін қайталап айтып шығу

Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

Үйге 1177 есеп берілген.Өрнектің мәнін табу.

1/

2/

3/

4/ 10-

Оқушылардың алдына парақ тасталады Әр топ бірігіп шығарып дәлелдейді

Әр топ сол төрт тапсырманың жауабын айтады ,егер қай топтың жауабы дұрыс болмаса сол топтың бір мүшесі тақтаға шығып шығарады

Бірін бірі бағалау критериі арқылы бағалайды

Жаңа сабақ түсіну (10 мин)

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша төрт топқа Бірдей бір тапсырма беріледі.

1/ Тік бұрышты координаталар жүйесін сызып:А(-3;0). А1(3;0) нүктелерін тауып белгілеңдер.АА1кесіндісінің орта нүктесін табыңдар.А жәнеА1 нүктелері О нүктесіне қатысты симметриялы бола ма?

2/ О нүктесіне қатысты В(-5;0) нүктесіне симметриялы нүктені тауып,оны координаталарымен жазыңдар.

2-тапсырма.

1/Қандай фигуралар центрлік симметриялы деп аталады?

2/Кесіндінің,тік төртбұрыштың және шеңбердің симметрия центрі қайда орналасады?

3/Координаталық жазықтықтағы координаталар басы О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелердің координаталары өзара қандай сандар?

4/Тік төртбұрыштың неше симметрия осі бар? Шеңбердің ше?

№1194. Берілген санға: 1/ қарама-қарсы санды табыңдар;

2/кері санды және оны 1-ге дейін толықтыратын х пен у-тің мәндерін табыңдар.

7

Қарама-қарсы сан


1

Кері сан


8


Қарама-қарсы сан

1


Кері сан


№1195.мына фигуралардан симметрия центрі бар фигураларды таңдап алыңдар. Оларды дәптерге көшіріп, симметрия центрін әріппен белгілеңдер /6.87 сурет/

№1196.Түзу сызып,оның бойынан о нүктесін белгілеңдер.Сол түзуде О нүктесінен 2см қашықтықта А нүктесін белгілеңдер. О нүктесіне қатысты А нүктесіне симметриялы А1 нүктесін белгілеңдер.

№1197.Ұзындығы 8см АВ кесіндісін сызып,оның симметрия центрін табыңдар.Симметрия центрі АВ кеіндісін қандай кесінділерге бөледі? Оларды ұзындықтарымен жазыңдар.

(3 мин)

Бағалау

Критерий бойынша бағалау

Жиынтық бағалау

Әр топтың белсенді отырған оқушыларын мадақтап,белсенді емес отырған оқушыларға ескерту айту

Бағалау парағы үлестіріледі . Топ басшылары мен бақылаушы топ бағалап отырады

Топ басшылары мен бақылаушы топ бағалап отырады

Үйге тапсырма (3 мин)

№1202 Осьтік және центрлік симметрияға бір мысал келтіру.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности