Караулова Айжан Мейрмановна
Должность:учитель казахского языка и литературы, стаж 23 года, первая категория
Группа:Посетители
Страна:СКО район имени Г.Мусрепова с.Гаршино
Регион:не указан
Викторина "Габит Мусрепов "

Казахстан. СКО район имени Г.Мусрепова с. Гаршино КГУ"Гаршинская средняя школа", учитель казахского языка и литературы, стаж 23 года, первая категория, Караулова Айжан Мейрмановна.

Ғабит Мүсірепов туралы викторина

Мақсаты:

Білімділік: Жерлес - жазушымыз, ауданымыздың құрметті азаматы, елінің қалаулысы Ғ.Мүсірепов туралы айту;

Дамытушылық: Шығармашылығы жайындағы, халқына сіңірген еңбегі туралы оқушылардың түсініктерін тереңдету.

Тәрбиелік: Білімге , көркем әдебиетке деген көзқарастарын жаңарту, рухани жан байлықтарын арттыра білуге баулу.

Көрнекіліктер: Жазушы портреті, кітаптарының көрмесі, Ғабең туралы асыл ойлар (тақтада), Ғ.Мүсірепов стенді.

  1. Біздің ауданның аты?(Ғабит Мүсірепов атындағы аудан)
  2. Ғабит Мүсірепов кім?( академик, жазушы, сыншы, драматург, қоғам қайраткері, киносценарист, редактор, публицист)
  3. Ол қай жылы туды?(1902жылы)
  4. Туған жерін айт.(СҚО Жамбыл ауданы Жаңажол ауылы)
  5. Әкесінің аты кім? (Махмұт)
  6. Анасының аты кім? (Дина)
  7. Ғабиттің қандай бауырлары бар? (Хамит, Гүлсім, Баязит, Сәбит, Қажым, Әшім)
  8. Қарындасы Гүлсім кімнің мұғалімі болды? (Сәбит Мұқанов)
  9. Биыл неше жасқа толды?(110жасқа)
  10. 100 жылдығын ненің көлемінде атады?(ЮНЕСКО көлемінде аталды).
  11. Аудан қашаннан бері «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан» аталуда? (Биыл он жыл болды).
  12. Ғабит Махмұтұлының қандай шығармалары бар?(«Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Кездеспей кеткен бір бейне», «Ақлима», «Әмина», «Ананың арашасы» т.б.)
  13. «Қазақ батыры» кейін қалай аталды?(«Қазақ солдаты»)
  14. «Қазақ солдатының» басты кейіпкері кім?(Қайрош)

  1. Оның өмірде прототипі бар ма?(Кеңес Одағының Батыры-Қайырғали Сұлтанғалиев)
  2. Роман қай жылдардағы оқиғаларды суреттейді?(ҰОС)
  3. Қайрош Сарталиев алғашында кім болып жұмыс істейді?(Шаштараз)
  4. Оның әскери мамандығы кім?(Ұшқыш)
  5. Роман қалай басталады?(«Зытып келем, зытып келем, артыма қарай-қарай зытып келем. Артыма қарайтыным- қорқып келем…»)
  6. Кейін «Қара мұртпен» кездесе ме?(Кездеседі, бұл кездесу сатира тілімен жазылады)
  7. Осы романдағы достары кімдер?(әнші Бораш, әртіс Шеген)
  8. «Ұлпан» романының негізгі кейіпкерлері кім?(Ұлпан, Есеней болыс, түрікпен Мүсіреп, аңшы Мүсіреп, Шынар-Ұлпанның досы, Артықпай батыр-Ұлпанның әкесі т.б.)
  9. Ұлпан қандай адам болды?(Ел анасы, қазақ әйелдерінің жиынтық образы)
  10. Қызының аты кім?(Біжікен-Бибіжиһан)
  11. Қандай жігітке тұрмысқа шығады?(Торсан)
  12. Қай жерде станция бар?(Орынбор-Ташкент темір жолы, Шалқарда)
  13. Ғабит Мүсірепов қандай орыс жазушысының шығармаларын аударды? (М.Горький т.б.)
  14. «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана» кімнің шығармалары?(М.Горькийдің)
  15. Өзі қай тақырыпта көптеген әңгімелер жазды?(Ана тақырыбында көптеген әңгімелері бар)
  16. Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы «Ананың арашасы»әңгімесіндегі ана? (Нағима)
  17. «Ер ана» әңгімесінің кейіпкері, ана ? (Наталья)
  18. «Ақлима» әңгімесіндегі оқиға не туралы?(Ана мен баланың сағынышы, ана мен баланың бір-біріне бауыр басуы)
  19. Қасымнан басқа баласы бар ма еді?(Жоқ)

  1. Сапарды Нүрилә біле ме? (Біледі)
  2. Ақлима ана неше жаста еді?(44 жаста)
  3. Сапар қандай көлікте немістермен шайқасты?(Танкіде)
  4. «Қара қағаз» деген не?(Солдаттың өлгені туралы хабарлама қағаз)
  5. Ол қайда жатты?(Сандықтың түбінде)
  6. Ақлима қай қалада болды? (Қарағанды)
  7. Олар Сапарға не жіберді? (Телеграмма )
  8. Сапар қандай жарақаттар алды?(Көздерінен, аяқтарынан айрылды).
  9. «Талпақ танау» әңгімесі не туралы? (Шошқа)
  10. Шошқаны ауылға қандай көлікпен әкелді?

- Балалар, осымен викторина сұрақтары аяқталды. Өте жақсы жауап бердіңдер. Сендерге тілейтінім: талаптарыңа нұр жаусын. Не нәрсе болса да , Ыбырай атамыз айтқандай- тек қана еңбекпен келеді. Әдеби шығармаларды оқуға көңіл бөліңіздер дегім келеді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности